Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет39/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

7
5
6
♦ «Өресі биік» тіркесінің беретін мағынасын көрсетіңіз.
Укажите значение словосочетания «өресі биік».
А) өжет 
В) өткір 
С) ақылды
D) жарамды
1) өткір сөзі батыл мағынасында жұмсалады;
2) ақылды - ақыл-парасаты мол, есті, саналы 
деген мағынада қолданылады;
3) өжет – өткір, қайсар деген мағынада 
қолданылады;
4) жарамды - өресі биік тіркесінің мағынасына 
сəйкес келмейді.
♦ «Шаңырақ көтеру» тіркесімен мəндес сөзді белгілеңіз.
Отметьте слово, близкое по значению выражению «шаңырақ көтеру».
A) үйлену 
B) үй салу 
C) үй сатып алу 
D) құрылыс жүргізу
1) үйлену сөзі шаңырақ көтеріп, отбасын құру 
мағынасында айтылады
2) үй салу тіркесі шаңырақ көтеру, отбасын құру 
мəнінде қолданылмайды;
3) үй сатып алу тіркесі шаңырақ көтеру тіркесінің 
мағынасына үйлеспейді;
4) құрылыс жүргізу тіркесі шаңырақ көтеру 
тіркесінің мағынасымен сəйкес емес.
«Құлақ салу» тіркесінің беретін мағынасын анықтаңыз.
Определите значение выражения «құлақ салу».
А) жазу 
В) көру
С) қарау
D) тыңдау
«Ауызға алу» тіркесінің беретін мағынасын анықтаңыз.
Определите значение выражения «ауызға алу».
А) айту 
В) білу
С) ойлау
D) түсіну
«Көзді ашып-жұмғанша» тіркесінің білдіретін мағынасын көрсетіңіз.
Укажите смысл выражения «көзді ашып-жұмғанша».
A) жай 
B) ұзақ
С) лезде
D) жақын


57
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар
Қазақ тілінде көптеген зат есім етістіктерге жұрнақтар жалғану арқылы 
жасалады.
Етістіктерден зат есім жасайтын өнімді жұрнақтар:
1) -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе: түй+ме, мін+бе, бөл+ме, көр+ме, кес+пе т.б. 
Бұл форма – сын есім жасауда да (қызба адам, құрама команда т.б), етістіктің 
болымсыз түрін жасауда да (бар-ма, кел-ме) кездесетін омоним жұрнақтар. Мысалы: 
Ол менің бөлмемде отыр. Мына жеміс-жидектерді бөлмей, осылай жеткіз.
2) -ым/-ім – бұл жұрнақтардан, біріншіден, абстрактілі ұғымдардың атаулары 
жасалады. Мысалы: біл+ім, ұқ(ғ)+ым, кешір+ім, келіс+ім т.б. Екіншіден, нақты 
заттардың атаулары жасалады: бөл+ім, құрыл+ым, өн+ім, тіз+ім, ки+ім т.б.
3) -қы/-кі, -ғы/-гі: күл+кі, соқ+қы, ұйт+қы, құрыл+ғы, сүз+гі, ашыт+қы т.б. 
4) -ыс/-іс жұрнағы қимыл атауын: айт+ыс, шайқа+с, жүр+іс, ту+ыс, дағдар+ыc т.б. 
жəне мекен, орын атауларын: айнал+ыс, құрыл+ыс, қон+ыс т.б. жасайды.
5) -қ/-к, -ық/-ік, -ақ/-ек. Нақты (деректі) зат атаулары: тара+қ, күре+к, сыз+ық; 
абстрактілі (дерексіз) ұғымдардың атаулары: сұра+қ, тіле+к, бұйр+ық, сана+қ, түсін+ік 
т.б.
6) -ыш/-іш: қуан+ыш, өкін+іш, қызған+ыш, күйін+іш, сағын+ыш т.б.
7) -уыш/-уіш. Кейбір құрал-жабдық атаулары мен дерексіз зат есімдерді жасайды: 
өлше+уіш, желп+уіш, баста+уыш, баянда+уыш т.б.
♦ Етістіктен жасалған зат есімдерді белгілеңіз.
Отметьте слова, корень которых образован от глагола.
А) билік, белдік 
В) бестік, бірлік 
С) күрек, тілек
D) қапшық, үйшік 
Ескерту! Қазақ тілінде бұл жұрнақтардан басқа да етістіктерден зат есім 
тудыратын өнімді, өнімсіз жұрнақтар бар. Мұнда ең жиі кездесетіндері 
ұсынылған.
1) билік, белдік сөздерінің түбірі зат атауын 
білдіреді;
2) бестік, бірлік сөздерінің түбірі заттың санын 
білдіреді;
3) жүрек, тілек сөздерінің түбірі – етістік, жұрнақтар 
арқылы зат есімдер жасалып тұр;
4) қапшық, үйшік сөздерінің түбірі заттың атауын 
білдіреді, сөзге кішірейту мағынасындағы 
жұрнақтар жалғанып тұр.
♦ Құрал атауын белгілеңіз.
Укажите наименование предмета.
A) шаршы 
B) ұқыпты 
С) шанышқы
D) тыңдаушы
1) шаршы - өлшемге қатысты қолданылатын сөз;
2) шанышқы сөзі – ыдыстың атауы, тамақ жейтін 
ас құралы;
3) ұқыпты сөзі адамның қасиетін білдіреді;
4) тыңдаушы сөзі адамға қатысты айтылады. 
♦ Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный аффикс.
Екі жаққа да тиімді келіс... жасалды.
А) -ты
В) -ім
С) -ым
D) -ық 
1) келіс сөзі жіңішке дыбыстардан құралғандықтан, 
жуан дыбысты қосымша (-ты) жалғана алмайды;
2) -ім қосымшасы келіс сөзіне жалғанып, жаңа сөз 
жасайды;
3) -ым қосымшасы жуан буынды болғандықтан, 
келіс сөзіне жалғанбайды;
4) -ық қосымшасы келіс сөзіне жалғанбайды, жуан 
буынды жұрнақ.


58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет