Тапсырмаларды талдау блок Письмо. Анализ заданий 2 1-нұсқа Компакт-дискіден аудиожазбаны тыңдаңыз.
Мазмұндама мәтінін екі рет тыңдайсыз.
Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз.
Мазмұндама соңында берілген мәтін мазмұнын ашатын 5 сұраққа жазбаша
жауап беріңіз.
Прослушайте аудиозапись на компакт-диске.
Прослушайте текст изложения два раза.
Составьте план изложения.
Письменно ответьте на 5 вопросов, раскрывающих содержание текста.
1 Олимпиада ойындары Олимпиада тарихы алыста жатыр. Олимпиадалық ойындардың тәртіпке
түсуі – 1894 жыл.
1894 жылы тұңғыш рет Парижде өткен халықаралық конгресте 34 мемлекеттің
келісімімен Халықаралық олимпиада комитеті құрылды. Осы комитеттің
шешімімен 4 жылда 1 рет олимпиадалық ойындар өтеді.
Бірінші олимпиадалық ойын 1896 жылы Грекия астанасы Афинада өткен. Онда
8 спорттық ойын түрінен жарыс өтті. Бұл ойынға Еуропа мен Америка құрлығынан
13 мемлекет, 285 спортшы және он мыңдай көрермен қатысты. Содан бері жазғы
олимпиада ойындары 27 рет өтті. Ал 1996 жылы 19 шілдеде Атлантада ХХVI
олимпиада ойындары өткізілді. Онда спорт қозғалысының 100 жылдығы аталып
өтті.
Олимпиадалық ойын қалай өтеді? Олимпиада өткізуші мемлекеттің
экономикасы күшті болуы керек, 10 000 спортшы, 5000 журналист және бір
миллион көрермен қабылдап, қызмет көрсетуі қажет. Олимпиадалық ойын
өткізуші мемлекет 100 миллион АҚШ долларын кепілге қояды. Олимпиада
дәл уақытында өткізілсе, кепіл ақша 7 миллиард АҚШ доллары өсімімен
қайтарылады. Ал уақытында өткізілмесе, кепіл ақша қайтарылмайды, айып
ретінде алынып қойылады. Комитеттің бекітуімен 2004 жылы шілдеде Грекия
астанасы Афинада ХХVІІІ олимпиада өтті. Ал ХХІХ олимпиада Бейжің
қаласында өткізілді.
Мазмұндама жазуға қажетті дағдылар:
1) Оқиғаның реті мен жүйесін сақтау және тақырыптан ауытқымау.
2) Мәтіндегі ақпаратты ІІІ жақ және өткен шақ формасында мазмұндау.
3) Өз тарапынан мәтін мазмұны ауқымында қосымша пікір жазу.
4) Берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау.
Тапсырманы орындау уақыты – 25 минут.
Навыки, необходимые для написания изложения:
1) Соблюдение последовательности событий и умение придерживаться темы.
2) Изложение текста от ІІІ лица в форме настоящего времени.
3) Изложение своей точки зрения по заданной теме.
4) Умение сделать вывод по содержанию текста.
Время на выполнение задания – 25 минут.