180
Мазмұндама үлгісі:
«Олимпиадалық ойын тарихы 1894 жылы басталды. Ол жылы алғашқы
олимпиадалық комитет ашылды. Комитет шешімі бойынша бірінші олимпиадалық
ойын Грекия астанасы Афинада өткізілді. Онда 8 спорт түрінен 13 мемлекет,
285 спортшы, 10 мың көрермен қатысты. Сол уақыттан бері олимпиадалық
ойындар 27 рет өткізіліпті.
Жоғарыдағы жоспар негізінде мазмұндама жазып шығыңыз. 1996 жылы аталмыш
спорттық қозғалысқа 100 жыл толды.
Олимпиада өтетін елдің экономикасы мықты болуы керек. Олар 10 мың спортшы,
5 мың журналист, 1 миллион көрермен қарсы ала алуы керек. Олимпиада өткізбес
бұрын ол ел жүз миллион Америка долларын кепілге қояды. Олимпиада уақытында
өткізілсе, кепілге қойылған ақшаны өсімімен қайтарып алады, ал керісінше дәл
жоспарланған уақытта өтпесе, ақшасынан айырылады. Сол уақыттан бері
олимпиада 4 жылда 1 рет өткізіліп келеді. ХХVІІІ Грекияда болды. ХХІХ олимпиада
Қытай Республикасының астанасы Бейжіңде болды».
Дұрыс жауап беруге жаттығу жолдарын ұсынамыз:
1) Өзіңіз жазған мазмұндама мәтінін қайта оқып шығыңыз.
2) Әр сөйлемнің мағынасын түсініп оқыңыз.
3) Сізден не сұралып отырғанын түсінуге тырысыңыз.
4) Жауабыңыз мәтіндегі мәселемен байланысты болу керек.
5) Жауапта сіздің пікіріңіз жүйелі, нақты, толық берілуі қажет.
6) Сөйлемдеріңіздегі сөздердің орын тәртібіне мән беріңіз. Қимыл иесі сөйлемнің басында, іс-
әрекет сөйлемнің соңында келуі тиіс.
Рекомендации для выбора правильного ответа на заданные вопросы:
1) Перечитайте текст написанного Вами изложения.
2) Читая, вникайте в
суть каждого предложения.
3)
Постарайтесь понять, в чем суть вопроса.
4) Ответ должен быть связан с содержанием текста.
5) Ваш ответ должен быть целостным, конкретным и полным.
6) Обратите внимание на порядок слов в
предложениях. Лицо, производящее действие
ставится в
начале предложения, действие – в конце предложения.
1. Олимпиадалық ойындардың тәртіпке келуі қай жыл?
Бұл сұраққа жауап берерде жалпы олимпиада не екенін есіңізге түсіріңіз. Сұрау мағынасы
«не?» деген есімдік арқылы беріліп тұр, ол сөз атау септігінде тұрғандықтан, жауап та сол
формада болуы керек.
Мәтінде мынадай ақпарат бар: Олимпиада тарихы алыста жатыр. Олимпиадалық ойындардың
тәртіпке түсуі – 1894 жыл.
Тәртіпке түсуі тіркесінің синонимін анықтаңыз.
Тарихы сөзінің мағынасын басқа сөзбен ауыстырыңыз.
Ойындардың сөзінің баламасын табыңыз.
Анықталған тірек сөздеріңіз арқылы сөйлем құрып, жоғарыдағы сұраққа жауап беріп көріңіз.
Жауап беруде өз ойыңызды қосуыңызға болады.
3
Мазмұндамадағы мәселеге қатысты берілген сұрақтар
негізінде сөйлемдерді бір-
біріне байланыстыра жазу.
1) Жауабыңызда мазмұндамадағы тірек сөздер мен сөз тіркестерін сөзбе-сөз
қайталауға болмайды.
2) Сіз оларға балама сөздер (синонимдер) табуыңыз керек.
3) Тапсырманы орындау уақыты – 10 минут.
1) Отвечая на вопросы, не допускается дословное
употребление слов и
словосочетаний из текста.
2) Необходимо заменить слова из
текста на слова, близкие по значению.
3) Время на выполнение задания – 10 минут.