Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет157/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
ША
л
АР
бәсеке
Бәсеке деген не? Бәсеке – тауар өндірісі үшін де, нарықтық экономика үшін де 
бірінші заң. Неге солай?
Біріншіден, әр өндіріске ынталандыру көзі, прогресс көзі – бәсеке болып 
табылады. Бұл – бәсекенің бір жағы. Бәсекенің екінші жағы – бірлестік. Кейбір 
әріптестер қаржысын, шикізатын ортаға салып, жақсырақ, сапалы әдемі, халыққа 
өте қажет тауарды шығаруды ойлайды, сол мақсатпен бірлеседі, нарықта 
өз өнімдерімен бәсекелесе алмайтын өнімді өндіруге тырысады. Сонымен
бәсекенің бір жағы күрес, жарыс болса, екінші жағы – бірлесу. 
Өмірдің өзі – бәсеке. Кішкентай бала өмірінен де бәсекенің нышандары 
байқалады. Балабақшада екі балаға бірдей тапсырма беріңіз, олар бірінен бірі 
артық, тез, жақсы орындауға тырысады. Анасының көңілін өзіне көбірек аударуға 
ұмтылады. Бұл да бәсеке. Яғни адам бойында бар қасиет. Кейде адамдар өмірі, 
тірлігі үнемі бір қалыпты бола бермейді, дағдарыс болады, қиындық болады, 
банкротқа ұшырайды. Мұндай жағдайда адамдар бір-біріне көмекке келеді
бірлеседі. Яғни бірлесу де адам бойында бар қасиет.
Тұрмыс-тіршілікте, өндірісте адамгершілік тұрғыға жатпайтын бәсеке де бар. 
Әр мемлекетте адамгершілікке жат бәсекеге қарсы заң бар.
Өркениетті қоғамда бәсеке қандай болу керек? Қытайда мынадай мақал бар: 
«Жауын дос ете алған адам жеңеді». Неге десеңіз, өркениетті қоғамда бәсекенің 
тек жарыс, күрес, айтыс жағы болмайды, бәсекенің тек бір жағы болса, онда 
адам адамға жау болады. 
Қазіргі өркениетті мемлекеттерде әділетті бәсеке бар. Бұл бәсеке мемлекет 
үшін жақсы. Бәсекеде әділетті болу керек. Әділетсіз бәсеке болса, экономикада 
прогресс болмайды 
Жоспар құрыңыз.
Составьте план.
Мазмұндамадағы мәселеге байланысты берілген сұрақтар негізінде сөйлемдерді 
бір-біріне байланыстыра жауап жазу.
Ответить на вопросы по теме изложения, объединив предложения друг с другом.
1. Бәсеке өндіріске ынталандыру көзі. 
2. Бәсекенің қырлары – жарыс, сайыс, бірлесу.
3. Бәсекенің нышандарын сапаны арттыру жолындағы жарыстан көруге болады.
4. Адамгершілік тұрғыға жатпайтын бәсеке – адамдар арасындағы бір-бірін көре 
алмайтын сезімі.
5. Өркениетті қоғамда бәсекенің сипаты әділетті болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет