Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет53/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

46
47
48


75
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Қимыл иесі белгісіз нұсқаны көрсетіңіз.
Укажите вариант, в котором не указано лицо, совершившее действие.
А) Кейбіреулер ісіне енжар қарайды. 
В) Туған еліме, туған халқыма адал қызмет еткім келеді.
С) Адал азаматтар еліне қызмет етуге əрқашанда дайын.
D) Елімізде халқына адал еңбек етіп жүрген нағыз азаматтар көп.
49
Болымсыздық есімдігі
Болымсыздық есімдігі болымсыздық мағынаны білдіреді. Болымсыздық 
есімдіктері (дəнеңе деген сөзден басқасы) еш деген сөздің кейбір есімдіктермен 
бірігуі арқылы жасалады. Сөйлемде жоқ, емес деген сөздермен жəне болымсыз 
етістіктермен тіркесіп қолданылады. Мысалы: Ол осы жайтты ешкімге айтпады. Сара 
оның əрекетінен оғаш ештеңе байқаған жоқ.
Болымсыздық есімдіктері жіктелмейді. Көптік жəне тəуелдік жалғаулары 
жалғанады: ештеңелері, ешкімдері, дəнеңелері.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Бұл жөнінде ... мəселе қозғалған жоқ.
А) ештеңе
В) əрқалай 
С) дəнеме
D) ешқандай
1) ештеңе сөзі сөйлемдегі ой желісіне сəйкес 
келмейді; 
2) əрқалай сөзі мəселе сөзімен тіркеспейді;
3) дəнеме сөзі мəселе сөзімен қатар 
қолданылмайды;
4) ешқандай сөзі сөйлемде айтылған ойға 
үйлеседі, мəселе сөзімен тіркеседі.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
1) ешбір сөзі сөйлемнің мағынасына сай емес, 
сөйлемді толықтыра алмайды; 
2) ешкім сөзі сөйлем мазмұнына сəйкес келеді;
3) ештеңе сөзі сөйлем мазмұнына сəйкес 
келмейді;
4) ешқайда сөзі сөйлемде айтылған ой желісіне 
үйлеспейді.
... де менің анамдай тамақ дайындай 
алмайды.
A) Ешбір
B) Ешкім
C) Ештеңе
D) Ешқайда
♦ Болымсыздық мəнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором есть слово со значением отрицания. 
А) Сайлаудың қарсаңында қарбалас басталды. 
В) Сайлауға дайындық белсенді жүргізілді.
С) Үміткерлер халыққа өз бағдарламаларын ұсынды.
D) Одан басқа ешкім де ауыз су мəселесіне мəн бермепті.
1) сөйлемде болымсыздық мəнін білдіретін сөз жоқ;
2) сөйлемде ақпарат нақты берілген;
3) сөйлемдегі сөздер болымсыздық мəнде қолданылмаған;
4) сөйлем болымсыздық мəнін білдіреді.


76
50
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Адам үшін өмірден бағалы ... жоқ.
A) ешкім
B) ештеңе
C) ешбір
D) ешқайсы
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Кішкентай баласымен ... бара алмай қалды.
А) ешкім
В) ештеңе
С) ешқайда
D) ешнəрсе
Болымсыздық мəнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором есть слово со значением отрицания. 
А) Сайлауда дауыс берушілер белсенділік танытты.
В) Ауылдағы ешбір жан сайлауға салғырттықпен қарамады.
С) Сайлауда халық өз таңдауын жасады.
D) Бір үміткер ғана айқын басымдылыққа ие болып, депутат атанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет