102
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Кабинетке кірсем, ... əңгіме қызып жатыр екен.
А) гу-гу
В) сарт-сұрт
С) бүлк-бүлк
D) былш-былш
1) гу-гу – əңгіменің
қызған кезін білдіреді;
2) сарт-сұрт – əңгіме абстрактілі ұғым, оның дыбыстық еліктеуіші жоқ;
3) бүлк-бүлк – бұл сөз сорпа бүлк-бүлк қайнады, ат бүлк-бүлк желді жəне т.б; сөздермен тіркесіп,
қимылдың бірқалыпты
қозғалысын білдіреді;
4) былш-былш – бұл сөз батпақты былш-былш кешу жəне т.б. сөздермен тіркеседі, ал əңгіме
сөзімен тіркеспейді.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Бөлмеде тып-тыныш, тек ... соққан сағаттың дыбысы ғана естіледі.
А) сарт-сұрт
В)
сырт-сырт
С) жарқ-жұрқ
D) жылт-жылт
1) сарт-сұрт сөзі – есік жəне т.б. қатты заттарға қатысты қолданылады: есік сарт-сұрт жабылады;
2) сырт-сырт сөзі – сағат
сыртылына қатысты қолданылады, сондықтан көп нүктенің орнына
қоюға болады;
3) жарқ-жұрқ сөзі – найзағай, шамның жарқылына қатысты қолданылады;
4) жылт-жылт сөзі – бір заттың алыстан жылтылдап көрінуін білдіреді.
♦ Қате жауапты белгілеңіз.
Определите неверный ответ.
– Балам, үйдің артында бір нəрсе
бар сияқты, қарашы.
– ... .
А) Сиыр ғой мөңіреп жатқан
В) Ит қой арс-арс үріп жатқан
С) Мысық қой пыр-пыр етіп жатқан
D) Апа,
жаңбыр тамшылары ғой, тыз-тыз еткен
1) сиыр мөңірейді, сондықтан бұл дұрыс;
2) ит арс-арс етіп үреді, сондықтан бұл –
қате емес;
3) мысық пыр-пыр етіп жатады, сондықтан бұл сөйлем – қате емес;
4) жаңбыр тамшылары тыз-тыз етпейді,
тырс-тырс етіп тамады, сондықтан бұл сөйлем – қате.
Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Олардың дауысы ... етіп, қасымдағы адамның сөзі естілмей кетті.
А) су-су
В) шиқ-шиқ
С) тарс-тарс
D) шаңқ-шаңқ
Достарыңызбен бөлісу: