Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет70/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

107


103
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
108
Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Алда күн суытатын сездіргісі келгендей қарғалар … етеді.
А) шиқ-шиқ
В) тарс-тарс 
С) қарқ-қарқ
D) сылқ-сылқ
Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Көкте ... найзағай ойнап, аспан қақ айырылғандай болды.
А) сырт-сырт
В) жалт-жалт
С) шаңқ-шаңқ 
D) шатыр-шұтыр
Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Інім үстелдегі ыдыстарды ... еткізіп құлатып алды.
А) тық-тық
В) күмп-күмп 
С) шолп-шолп
D) салдыр-гүлдір
109
110
Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін елес, құбылыстарды көзбен көру 
қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын білдіреді. Мысалы: Ырғалып қарға қарқ 
етті, ірімшік жерге салп етті (Абай) деген сөйлемдердің екіншісінде салп деген сөз 
дыбысты емес, қарғаның аузынан ірімшіктің жерге қарай түсіп бара жатқан я түскен 
кезіндегі көрініс елесін, сол көріністің бейнесін білдіреді. 
Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп 
жұмсалады. Мысалы: жалп ете түсті, жалт қарады, қалт етті, ербең етті, қайқаң етті, 
сылаң етіп шыға келді, тыржың етті т.б. бейнелеуіш сөздер қайталанып, қосарланып, 
көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: жалт-жұлт, маң-маң, бүгжең-бүгжең 
жүрді, қиқаң- қиқаң етті т.б. 
Дүкендегі жалт-жұлт еткен əдемі ойыншықтарға немересі қатты қызықты.
Базардағы ығы-жығы халықтың арасынан өту мүмкін емес. 
Атасы тоз-тозы шыққан ескі кітапты қолына алды да, бетінің шаңын сүртті. 
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Таңертең науқастың ... жөтелгенінен оянып кеттім.
А) күрк-күрк
В) жарқ-жұрқ
С) мырс-мырс 
D) күбір-гүбір
1) күрк-күрк – жөтелгенде шығатын дыбыс немесе жөтелмен тіркесетін сөз;
2) жарқ-жұрқ – найзағайдың жарқылына, шамның жарығына қатысты қолданылатын сөз;
3) мырс-мырс – адамның күлкісіне қатысты қолданылатын сөз;
4) күбір-гүбір – сөзді сыбырлап жай айтқанда, бір сөз естіліп, бір сөз естілмей тұрғандағы 
дыбыстық күйі.


104
111
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Баласы ... етіп келе жатыр еді, əкесінің қату қабағынан езуін жия қойды.
А) елең-елең
В) қоқаң-қоқаң
С) арбаң-арбаң
D) ыржаң-ыржаң 
1) елең-елең сөзі жан-жағына жалтаң-жалтаң етіп қараған қимыл-қозғалысты білдіреді;
2) қоқаң-қоқаң сөзі біреуге сес, күш көрсету мəнінде қолданылады;
3) арбаң-арбаң – адамның ебедейсіз қимыл-қозғалысына қатысты сөз;
4) ыржаң-ыржаң – күліп келе жатқан адамның қимыл-қозғалысына қатысты қолданылады, 
сондықтан сөйлем мазмұнымен сəйкес келеді.
♦ Ойламаған жерден, кенеттен, шұғыл істелген қимылды көрсетіңіз.
Укажите действие, выполненное внезапно и неожиданно.
А) Көзінен мөлт-мөлт етіп қуаныш жасы ағып жатыр.
В) Ертесіне түске қарай сау етіп құдалары жетіп келді.
С) Далада тырс еткен дыбыс жоқ, айнала меңіреу тыныштық.
D) Анасы абыр-сабырда ұялы телефонын үйде қалдырып кетіпті.
1) мөлт-мөлт етіп тіркесі адамның эмоциясын көрсетіп тұр;
2) сау етіп – кенеттен, ойламаған жерден келген қонақтардың қимыл-қозғалысын білдіріп тұр; 
3) тырс – дыбыстық еліктеуіш сөз;
4) абыр-сабыр сөзі қимылдың жүйесіз болғанын білдіреді.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Отты көздері ... ете қалды.
А) жұлт
В) жарқ
С) жалт
D) жалп
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Баласы анасына ... етіп қарағыштай берді.
А) сылаң-сылаң
В) далаң-далаң
С) жалтаң-жалтаң 
D) күркіл-күркіл
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Үйдің шатырынан шелекке ... етіп тамып жатыр.
А) тарс-тарс 
В) күмп-күмп
С) жалп-жалп
D) тырс-тырс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет