Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет88/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

46
48
49
50
47


138
Оқылым бөлігі. 
Тест тапсырмаларын талдау
блок Чтение. 
Анализ тестовых заданий
2
Мүсінші
Мен бала кезімде мүсінші болуды армандайтынмын. Мектеп қабырғасында жүрген 
кезімде сазбалшықтан түрлі мүсіндер жасайтынмын. Ауылда мені «мүсінші бала» 
деп те атайтын. Бұл ат өзіме қатты ұнайтын. «Мүсінші бала» дегенді естіген 
сайын өзімді мүсіншідей сезінетінмін. 
Қолым бос кезде мүсін өнері туралы жазылған кітаптар оқып, түрлі мүсін 
жасағанды ұнатамын. Мәдениет сарайындағы міндетті жұмысымнан басқа 
мезгілдің бәрін досым Саматтың мүсінін жасаумен өткізіп жатырмын. Қазандай 
көгілдір мәрмәр тастың қашай-қашай бөріктейі ғана қалды. Саматтың ойлана 
алысқа көз тігіп тұрған тұлғасы ойылып та бітті. Енді жұмыстың ең ауыр 
сатысы қалды. Адам ажарына құбылыс, денеге көркемдік беру керек. Ішкі жан 
сезімі мен сыртқы бейненің үндестігін, сұлулығын, бірін-бірі толықтырып тұрған 
қасиетін келтіру керек. Бұның бәрі көз, бет құбылыстары, дене ишараты арқылы 
айтылу қажет. Бұл жұмыстың ең қиын тұсы. Бұл үлкен шеберлікті, дарынды 
қажет етеді. Адамды тек шығармашылық шабыт билейтін сатысы. Бүгінгі жұмыс 
күндегіден нәтижелі болды. Таңертеңнен үйден шықпай, тас мүсінді айналдырдым. 
Көптен бері ойымдағыдай шықпай жүрген Саматтың маңдай кейпін айнытпай 
түсірдім. Қабағын түйгенде пайда болатын маңдайындағы білінер-білінбес қос 
сызық соншалық дұрыс түсті. Қапелігімдегі шеберлігіме өзім де риза болып қалдым. 
Тас мүсінге қарап тұрып, досым Саматты көргендей болдым. Соншалық шынайы, 
соншалық айнымай шыққанына қатты қуандым. Өз жұмысыма өзім сұқтана 
қарап, сүйсіндім. 
Мүсін өнері өнер біткеннің ішіндегі ең нәзігі. 
1-мәтін
А) Мүсін өнерінің сыр-сипаты туралы
В) Досының сыртқы келбетін суреттейді.
С) Оның балалық шағы жайлы айтылады.
D) Мүсінші болуды армандағаны туралы
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
1
Тапсырма түрі автордың негізгі идеясын, мәтіндегі басты ақпаратты анықтауды талап етеді. 
Ол үшін тіл үйренуші мәтіннің жалпы мазмұнын түсініп, негізгі ақпаратты қосымша ақпараттан 
ажырату керек. Дұрыс емес жауаптарда мәтін мазмұны бойынша қосымша, маңызды емес 
ақпараттар берілуі мүмкін.
Данное тестовое задание требует определения основной идеи, замысла автора текста, са-
мой основной информации. Для этого необходио понять общее содержание текста и отделить 
основную информацию от второстепенной. То есть необходимо выявить, о чем хотел расска-
зать автор текста. Неправильные варианты ответов могут содержать второстепенную, менее 
значимую информацию, соответствующую содержанию текста.


139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет