140
Берілген тест тапсымасы мәтіндегі
ақпаратты жалпылай отырып, нақты қорытындысын таба
білуді қажет етеді. Тіл үйренуші жауаптарды салыстыра отырып, дұрыс емес жауаптардағы
қосымша немесе
маңызды емес, бейтарап ақпаратты, мәтін мазмұнындағы фактілерді
баяндайтын ақпаратты ажырата білу керек.
В данном тестовом
задании необходимо найти вывод, который обобщает и уточняет
какую-либо информацию по тексту. В неправильных вариантах ответа может бать дана
нейтральная, второстепенная информация, лишь констатирующая факты.
Тапсырма тіл үйренушінің төмендегідей білік-дағдыларын қалыптастырады және бағалайды:
- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды таба білу;
- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды талдай білу;
- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды салыстыра білу;
- мәтіндегі ақпараттарды жүйелей білу;
- мәтіндегі негізгі ақпарат пен
қосымша ақпаратты ажырата білу;
- мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды ақпаратты таба білу.
1) Берілген жауап «адамның ішкі жан дүниесін көз, бет әлпеті, дене ишараты арқылы білдіру
жұмыстың ең қиын жері» деген ақпараты бойынша алынған, бірақ бұл ақпарат нақты емес.
2) Мәтін мазмұнында мүсін өнерінің ерекшелігі, оның түрлері туралы ақпарат берілмеген.
3) Мәтін мазмұнында мүсінші бала деген аттың бала кезіндегі екінші аты екендігі туралы
ақпарат берілгенмен, бұл ақпарат мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды емес.
4) Мәтінде мүсін өнерінің нәзік әрі қиын өнер екендігі туралы ақпарат бар және бұл ақпарат
мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды бола алады.
А) Мүсінші бала атым өзіме ұнайтын.
В) Тас мүсінге қарап, өз ісіме риза болдым.
С) Ішкі жан дүниесі мен сыртқы бейнесін үйлестіру қажет.
D) Уақытымның көбін досымның мүсінін жасаумен өткізудемін.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее важную информацию по содержанию текста.
4
Тест тапсырмасы мәтін мазмұнынан маңызды емес, қосымша, бейтарап ақпаратты таба білуді,
ақпараттың маңыздылығын анықтауды қажет етеді. Берілген жауаптардың үшеуінде маңызды,
мағыналы ақпарат, біреуі – маңызды емес, қосымша ақпарат, кейбір маңызсыз деректерді
баяндайтын жауап болуы мүмкін.
Тестовое задание требует разграничения значимой информации и второстепенной. В трех
неверных вариантах ответа представлена содержательная, важная информация по тексту, в
правильном ответе – малозначимая информация,
какие-либо детали, незначительные факты.
Бұл тапсырма тіл үйренушінің келесі білік-дағдыларын қалыптастырады және бағалайды:
- мәтіндегі маңызды және маңызды емес ақпараттарды саралау;
- мәтіндегі маңызды және маңызды емес ақпараттарды өзара салыстыру;
- мәтіндегі маңызды және маңызды емес ақпараттарды жауаптарда берілген ақпаратпен
салыстыра білу;
- жауаптардағы ақпараттардың шынайы немесе шынайы емес екендігін анықтау;
- мәтіндегі маңызды ақпараттан маңызды емес ақпаратты ажырата білу.
1) Балалық шағындағы мүсінші бала аты мәтіндегі аса маңызды ақпарат емес.
2) Бұл жауап өз ісіне деген ризашылығын, жұмысының ойдағыдай орындалғандығын білдіріп
тұрған маңызды ақпарат болып табылады.
3) Мәтінде «ішкі жан сезімі мен сыртқы бейненің үндестігін, сұлулығын, бірін-бірі толықтырып
тұрған қасиетін келтіру керек» деген ақпарат берілген. Мүсін жасауда ішкі жан дүниесі мен
сыртқы кейіпті үйлестіре білу маңызды рөл атқарады.
4) Жауап қолға алған ісінің орындаушы үшін маңызды іс екендігін көрсетеді.