І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) Берілген алғашқы сөйлемнің құрамындағы дауысты дыбыстарға артикуляциялық жағынан сипаттама беріңіз. Тілдің, жақтық, еріннің қатысына қарай талдаңыз.
2) Үзіндіден шұғыл, ызың дауыссыздарға мысалдар келтіре отырып, олардың жасалу жолына анықтама беріңіз.
3) Үзіндіден морфологиялық принцип бойынша жазылған бес сөзді теріп жазыңыз.
4) Үзіндіден көнерген, архаизм сөздерді тауып, мағынасын ашуға тырысыңыз.
Жетінші сөз (Абай)
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, хәм өзі өспейді; қуат таппайды. Біреуі білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенінде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бірі-жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген хәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп, жаратқаны (18-бет).
І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1)Үзіндінің алғашқы сөйлемінің құрамындағы дауысты дыбыстарды жасалу жолына қарай талдаңыз. Буын үндестігі дегеніміз не?
2) Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді ықпалға мысалдар тауып, дыбыстық өзгерістерге сипаттама беріңіз.
3) Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы кейінді ықпалға мысалдар тауып, дыбыстық өзгерістерге түсінік беріңіз.
4) Алғашқы сөйлемді буынға бөліп, буын түрлеріне қарай талдау (ашық, тұйық, бітеу буындар) жасаңыз.
Сегізінші сөз (Абай)
Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?
Біреу – болыс, біреу –би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де оздық кісіміз, өзіміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтамыз деп сайланады. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар ұлығымызды бүлдіріп аламыз ба, яки елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығындап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? – деген ебіне қарай біреуді жетілтейін, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.
Байлар, олар өздері де бір күн болса да дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, арамдық ақыл, ғылым, білім –еш нәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білім-ұяты, ары жақыны, бәрі –мал (20-бет).
Достарыңызбен бөлісу: |