Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша емтихан тапсырмалары


Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз



бет8/18
Дата08.05.2023
өлшемі54,64 Kb.
#91083
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
ТБН емт (1)

1. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) дауыссыз дыбыстар арасындағы ілгерінді ықпалды табыңыз.
2) дауыссыз дыбыстар арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.
3) Дауысты дыбыстардың редукциясына екі мысал тауып, оны әуелі орфография ережесіне сай, одан кейін фонетикалық транскрипциямен жазыңыз.
4) Алғашқы бес дауыссыз дыбысқа акустика, артикуляциялық тұрғыдан сипаттама беріңіз.

Он төртінші сөз (Абай)


Біздің қазақтың «жүректісі» мақтауға симайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптің атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау – ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз. Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулықтың жоқтығынан азады (30-бет).


І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) Үзіндіден дауыссыз дыбыстар арасындағы ілгерінді ықпалға екі мысал табыңыз.
2) Дауыссыз дыбыстар арасындағы кейінді ықпалға екі мысал келтіріңіз.
3) Алғашқы бес дауысты дыбысқа фонетикалық талдау жасаңыз.
4) Алғашқы бес дауыссыз дыбысқа фонетикалық талдау жасаңыз.

Он бесінші сөз (Абай)


Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.


Әуел –пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды, сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалып.
Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып, іздейді екен-дағы, күнде айтса құлақ, ойласа көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.
Есер кісі орнын таппай, не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын ит қорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен (31- бет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет