Тіл біліміне кіріспе



бет32/45
Дата11.10.2024
өлшемі0,75 Mb.
#147726
түріКонспект
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
Жармакин-О.-Тіл-біліміне-кіріспе

Даралаушы (аморфты) тип. Яғни сөздерге қосымша (жалғау, жұрнақ) жалғанбай, түбір күйінде қолданылатын тілдер. Бұларды кейде түбір тілдер деп те атай береді. Даралаушы типке қытай, въетнам, бирма, тай, тибет, малайя-полинезей тілдері жатады.

Бұл тілдерге тән қасиеттер:
1) жоғарыда аталғандай қосымшалар қосылмайды (яғни сөздер түрлене бермейді);
2) сондықтан ол тілдерде омоним сөздер көп (мол) болады;
3) олар бір- бірінен музыкалық екпін арқылы ажыратылады;
4) синтаксистік жағынан негізгі тәсіл - қабысу (қой қора, көк терек, мың қой, ана кісі) және жанасу (тез келді);
5) синтаксистік қатынастар сөздердің орын тәртібі, интонация және көмекші сөздер арқылы беріледі;
6) сөз тудырудың ең басты тәсілі — түбірлерді біріктіру.
3. Қопарылмалы (флективті) тип. Бұған орыс, неміс, араб, грек т.б, тілдер енеді. Бұл тілдерге тән қасиеттер:
1) грамматикалық мағыналар негізінен ішкі флексия арқылы беріледі. Мыс: Он шел - она шла; Я ем — ты ешь; Он (она) ест. Я бегу, ты бежишь, он бежит.
2) сонымен бірге, грамматикалық мағыналар сыртқы флексия арқылы да беріледі. Мысалы:

И. что? книг+а, книг+и;



два (две);

он




Р. чего? книг+и, книг;



дв+ух;

его




Д. чему? книг+е, книг+ам;



дв+ум;

ему




В. что? книг+у, книг+и;



два (двух);

его




Т. чем? книг+ой, книг+ами;



дву+мя;

им




П. о чем? о книг+е, книг+ах;



о дв+ух;

о нем






3) жалғамалы тілдерде қосымшалар көбінесе дара мағыналы больш, бір ғана қызмет атқарса, қопарылмалы тілдерде бір қосымша бірнеше грамматикалық мағына білдіріп, әр түрлі қызмет атқарады.
Мысалы: книг+и дегендегі и жалғауы әрі атау септік пен көптікті, әрі ілік септік пен жекешелікті, әрі табыс септік пен көпшелікті білдіреді; 4) флективті тілдерде аффикстер сөздің түбіріне сіңісіп кетеді де, түбірлер аффикссіз дербес қолданыла алмайды. Мыс: пис+ать, пись+мо, пис+ание, дет+и, дет+ство, дет+ский;
5) флективті тілдерде аффикстер префикс, суффикс, инфикс больш бөлінуіне карай олар сөз құрамында әр түрлі орынға (басында, ортасында, аяғында) ие болады. Мыс:
по -кетті
при -келді
во -кірді
Он (она, они) вы > шел (шла, шли) -шықты
до -жетті
на -тапты
за -келіп кірді
пере -жүріп өтті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет