Бақылау жұмыстың құрылымы: - «Арифметикалық амалдар» тақырыбы бойынша үштаңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу амалын орындайды;
-«Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу»тақырыбы бойынша есептің шарты бойынша талдап, өрнек құрады және шешуін табады;
-«Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу»тақырыбы бойынша күрделі теңдеудің шешуін таба алады;
-«Шамалар, олардың өлшем бірліктері» тақырыбы бойынша санды өрнектерді баған бойынша есептеу біліктіліктері тексеріледі;
4. Бақылау жұмысты орындау уақыты. Бақылау жұмысты орындау уақыты - 40 минут.
Бақылау жұмыстың спецификасы.
№
Тақырып
Тексеру элементі
1
Арифметикалық амалдар
Үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейту, бөлу амалын орындай алуы
2
Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу
Есептің шартын түсініп, қысқаша шартын жаза алуы, өрнек құра білуі, есепті шығара алуы
3
Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу
Күрделі теңдеуді шешу біліктілігін игеруі
984
Шамалар, олардың өлшем бірліктері
Әртүрлі шамаларды шамалар кестесі бойынша ірі, ұсақ шамаларға айналдыра алуы, есептеуді орындай алуы.