Инновациялық технологияларды сабақта пайдаланудың әдіс-тәсілдері
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру – өте күрделі де ұзақ үдеріс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті əдістəсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кəсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Сабақ – қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы үдеріс. Сабақ – білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы. Сабақ құрылымы қандай болса да оқушыға білім мен дағды беруді көздейді. Мұғалім – сабақтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту əдістерін алмастыра пайдаланып, оқушылардың танымдық əрекетіне мақсат көздей басшылық етеді. Бұл жөнінде педагог-ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Мектепке бірінші керегі – мұғалім, екінші – оқыту ісіне керек құралдар, үшінші – бағдарлама жəне оқулықтар керек», – деп дөп басып айтқан, өйткені оқыту ісінің сапасы осы – үш қажеттілікке байланысты. Əсіресе, мұғалім бағдарламаны, оқыту құралдарын, оқулықтарды, əдіс-тəсілдерді пайдаланып, оқушыларды біліммен қаруландырады. Олай болса, оқу-тəрбие ісінің табысты, білімнің берік болуы – мұғалімнің сабаққа мұқият дайындығына байланысты. Мұғалім ең алдымен, өз пəнінің оқу жоспарымен, педагогика жəне психология пəнінің бағдарламасымен танысып, бір жылға күнтізбелік жəне жұмыс жоспарын жасайды. Сонымен қатар əр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол тақырыптық жəне пəнаралық байланысты ғылым жаңалығын, алдыңғы қатарлы озат тəжірибені ескеріп, əр сабақтың мақсатміндеттерін, оқу жадығатының, дербес жұмыстардың көлемін, оқыту əдістерін, көрнекі жəне техникалық құралдарын анықтайды. Мұғалім оқу жағдайын жан-жақты білу үшін негізгі жəне қосымша оқу құралдарын, ғылыми педагогикалық, əдістемелік, тарихи, көркем əдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алуы, сенімді мысалдарды, қызықтыратың мəліметтерді таңдап алуы керек. Мұғалім осылайша оқу жағдайын анықтап алып, сабақ жоспарын, оған сай конспектісін немесе тезисін жасайды. Ал, педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан əдістердің, құралдардың жиынтығы[2, 256]. Олай болса, дəл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану «пəнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары» деп аталады. Мақсаты – оқыту үдерісінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларды негізгі пəндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдануда:
технологияда қолданылатын оқу əрекетінің əдістерін оқушыларға үйрет
қазіргі заманғы педагогикалық технология көмегімен шешілетін мəселені анықтай алуы;
қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдану арқылы алынатын нəтижелерді;
қазіргізаманғыпедагогикалық технологиямəнінен алынатын нəтижелердің теориялық негізін;
қазіргі заманғы педагогикалық технологияда мұғалім қолданылатын əдіс-тəсілдерді білуі керек.. Оқушыларды қазіргі заманғы педагогикалық технологияда жұмыс істеуге үйрету əдісін таңдауы. «Не істей алу керек?»
Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыра алуы
Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасай алуы.
Əр сабақты жоспарлай алуы.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бойынша жүргізілетін əртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасай алуы.
Оқу модулын құрастыра алуы.
Оқу жобасының мазмұнын анықтай алуы.
Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыра алуы. «Қандай іс-əрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?»
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларда пайдаланылатын жекелеген əдістер мен тəсілдерді пайдалану.
Əр түрлі типтегі сабақтарды өткізу
. Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар[8, 68]
Жас ұрпаққа білім-тəрбие беретін бала жанының – мұғалімдер қандай болуы керек жəне олардың еңбегі қалай өлшену керек дегенді ой елегінен өткізіп көрелік. Біріншіден, мұғалімнің арытаза, адал, əдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы лəзім. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шəкірттеріне анық, тұжырымды, дəл айтып түсіндіре білуі шарт. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы тиіс. Əрдайым оқушылармен əдептілік қарымқатынаста болғаны жөн. Төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, ғылым мен тəжірибені əрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалануы қажет. Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, əдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыру керек. Осы қағидаларды əрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса, мұғалімнің күш-қуаты, көңіл күйі əрдайым жоғары болады да сабақ беру сапасы арта түседі, еңбегі жанады. Ұстаз еңбегінің қырсыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, əсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құралжабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Педагогикалық техногогияны қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларға ірге болуға нақты негіз болып, əрбір мектепке өзіндік тұлғасын табуға, əрбір мұғалімге өзіндік əдістемелік жүйесін құруға себептігін тигізеді. Оқытудың нəтижелі болуы оны ұймдастыру əдістеріне жəне бастамашылдыққа жаңа педагогикалық инновациялық əдістемелікке байланысты. Өйткені, ХХІ ғасырдағы технологиялардың соншалық жылдам қарқынды дамуы адамзат өмірінде болып көрмеген шапшаңдықты талап етеді. Қазақстанның бұрынғы жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі, қоғамдық құрылыстың күрт өзгеруі білім беруді уақыт талабына сай үйлесімді құрып, оның əлемдік деңгейдегі межеге сəйкестікте оқытудың екі бағдарда өріс алуы. Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-əрекеті тиімді болатыны əркезден-ақ мəлім. Ендеше оқыту технологиясын оқу үдерісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде жəне оны басқаруды қамтамасыз етеді. Оқытуды жəне педагогикалық қызметті «технологияландыру» талпыныстары XX ғасырдың басында-ақ пайда болған, бірақ педагогикалық ғылымда оқыту технологияларын жобалау мен енгізудің ғылыми қадамдары 1980-90 жылдары ғана жасалып, олардың пəрменділігінің критерийлері анықталды. Қазіргі күннің өзінде де үлкен педагогикалық жəне экономикалық мүмкіндіктерге ие бола тұра, оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың оқу үдерісіне ендірілу қарқыны жеткілікті деңгейде емес. Бұны түсіндірудің бірнеше себептері бар. Мысалы, оқу орнында жаңа педагогикалық технологияларды ендіруге қажетті педагогикалық, əдістемелік шарттарының болмауы, мұғалімдердің технологиялық əрекетінің жеткіліксіз мотивациялануы мен ынталандырылуы, мұғалімдер мен оқу орындары басшыларының кəсіби əрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т.б. Ең алдымен оның себебін мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларға қатынасы айқын бейнеленген жағымды мотивация мен саналылықтың жеткілікті жоғары деңгейі сипатталғанмен, олардың технологияларды жобалау мен ендіруге дайын еместігінен, яғни əлсіз теориялық психологиялық-педагогикалық, технологиялық жəне технологияларды оқу үдерісіне ендіру белгілі бір шарттарды қажет етеді. Олар: - мұғалімнің оқу үдерісін қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар негізінде ұйымдастыруына құзырлылығының жеткілікті деңгейі; - оқыту субъектілерінің (мұғалім мен оқушы) қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал; - оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу-əдістемелік, дидактикалық базаның болуы; - оқу бағдарламасының қамтамасыз етілуде жаңа мақсаттар мен қоғам талабына сай түзетілуі жəне ақпараттандырылуы[9, 69]. Білім сапасы – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа жəне бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуында жəне тиімді əдістер мен құралдарды пайдалана білуінде. Мұғалімнің педагогикалық қызметін технологияландыру педагогикалық технологиялардың белгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді. Олар: - мұғалімнің оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларға бет бұруы, ынта қоюы; - қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы; - басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы; - жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы; - мақсат қоя алу жəне міндеттерді бөлу қабілеті; - іс-əрекетін ұйымдастыру жəне оған талдау жасау мүмкіндігі; - өз тəжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету; - технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы. Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол мұғалімнен білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты жəне мол дайындықты қажет етеді[10, 28]. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды енгізу кезінде мұғалімнің технологиялық құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мұғалім білуі керек: - қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар көмегімен шешілетін мəселелерді; - қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдану арқылы алынатын нəтижелерді; - қазіргі заманғы педагогикалық технология мəнін, алынатын нəтижелердің теориялық негізін; - қазіргі заманғы педагогикалық технологияда мұғалім қолданатын əдіс-тəсілдерді; - оқушылардың жұмыс əдісін; - оқушыларды қазіргі заманғы педагогикалық технологияда жұмыс істеуге үйрету əдісін, мұғалім істей алуы керек; - қандай да бір технология үшін оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыруды; - күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды; - əр сабақта сауатты жоспарлауды; - оқу моделін құрастыруды; - оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалдарды дайындауды; - оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды; - оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау; - тестілік бақылау тапсырмаларын дайындау; - компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау; Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы қажет: - қазіргі заманғы педагогикалық технологияларда пайдаланатын жекелеген əдістер мен тəсілдерді қолдануды; - түрлі типтегі сабақтарды өткізуді; өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтауды; - қазіргі заманғы педагогикалық технологияда қолданылатын оқу əрекеттерінің əдістерін оқушыларға үйретуді; - педагогикалық диагностиканың қарапайым əдістерін қолдана отырып, қазіргі заманғы педагогикалық технологияны пайдалану тиімділігін бағалауды. Педагогикалық қызметті осылайша ұйымдастыру – жаңаша оқытуға жеткізетін жол.
Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды. Қ.Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұстастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, зерттеу, пысықтап анализ жасау- әр ұстаздың міндеті.
Сабақ барысында «Миға шабуыл», «Автор орындығы», «Ыстық орындық», «Уақыт тізбегі», «Хикая картасы», «Балық қаңқасы», «Дара диаграмма», «INSERT», «Аквариум», пікірталас, дөңгелек үстел, диалог, оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау үшін тиімді әдіс-тәсілдер болып саналады. Мысалы: жаңа сабақ басталар алдында «Миға шабуыл» әдісі бойынша тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазып, уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларын оқиды, идея қайталанбау керек. «3 таяқша» әдісін қолдану барысында әр топ берілген тақырыпқа байланысты оқушылар 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея дайындап, көпшілікке таратады.
Жаңартылған бағдарлама негізінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері:
Оқушылардың қызығушылығын туғызады;
Әрқайсысының оқу үдерісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
Әрбір оқушының сезіміне ерік аударады;
Кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
Оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
Мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді.
Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда РАФТ, INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымызда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары оқушыларға көмегін тигізеді. Тақырыпты толық ашып түсінуде көмектесетін және мәтінмен жұмыс жасауға арналған стратегиясы «INSERT», «ДЖИГСО» стратегиясын жиі қолданамыз. Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады: «Y»- білемін, «-» - білмеймін, «+» мен үшін жаңа ақпарат, «?»- мен таң қалдырады белгілерін қойып отыру оқу арқылы тапсырылады. Оқушы жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.
Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекітуде «Фишбоун»,«Өрмекшінің торы», «SWOT талдау» әдісін қолданған тиімді. «Фишбоун» әдісінде постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады, денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Бұл берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді[6, 18].
Оқушылардың ерекше қызыға орындайтын тапсырмалардың бірі - «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру». Оқушыларға дәптердің бетін ортасынан түзу сызықпен бөліп, мәтінді оқи отырып, бөліктің оң жағына мәтіндегі әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады. Әр оқушы мәтінмен танысып, дәптерге жазбаша тапсырманы толтырып біткен соң бірінші жұппен, одан кейін топпен талқылау ұйымдастырылады.
Ал жазылым кезеңінде «Еркін жазу», «5 минуттық эссе», «5 жолды өлең» стратегиясын қолдану өте тиімді. Оқушылар оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасайды. Проблема бойынша өз көзқарасына рефлекция жасай алады. Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсі керек екенін тағы басқа да өз пікірлерін қағаз бетіне түсіру тапсырылады.
Пікірталасқа арналған «Кубизм», «Болжау таблицасы», «Үштік» т.б. әдісі арқылы оқушылар өзара пікірталас, диспут, дебат жүргізу арқылы өз ойларын айтып, оны дәлелдеуді үйренеді, басқалардың пікірін тыңдай біледі, топпен, жұппен, жеке жұмыстар жүргізу барысында өзара қарым-қатынаста болады.
Қызығушылықты ояту, мағынаны ажыратуда «Галерияны шарлау», «Түртіп алу», «5 жолды өлең», «Венн диаграммасы», т.б әдісі арқылы баланың дамуына, ақпаратпен тиянақты жұмыс жасауына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, сабағын жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық[5, 56].
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғышарттар қажет:
оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың сабақбастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-əдістемелік, оқытуəдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
жаңа буыноқулықтарыныңмазмұнынзерттепбілу, пəндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен қазіргі заманғы педагогикалық технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тəжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым жəне мəдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиясын игеру міндетіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |