«ТІл мәдениет қоғам» үштігіндегі әйел концептінің тілдік сипаты



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата15.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#138049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Түйін сөздер:
«Кодекс куманикус» қолжазбасы, тарихи грамматика, қазіргі қазақ 
тілі, сөз таптары, үстеу.
Кіріспе. 
Қазіргі қазақ тілінде үстеу сөз табы –
өзіндік қыры мен сыры толық 
ашылмаған, жан
-
жақты зерттеуді қажет ететін күрделі сала. Қазақ тіл білімінде үстеулер 
жалпы сөз табының бірі ретінде қарастырылғаны болмаса, жекелеген монографиялар, 
диссертациялық жұмыстар көлемінде аз зерттелген. Сонымен қатар, «Кодекс 
куманикус» қолжазбасындағы үстеу сөз табының лексика
-
грамматикалық және 
синтаксистік ерекшеліктері өз алдына зерттеу нысанына айналмаған. 
Үстеулер сөз табы ретінде ертеден танылып келгенімен, оның сөзжасамы арнайы 
зерттелмеген. Осыған байланысты үстеу сөзжасамы мәселесінде шешілмеген даулы 
пікірлер баршылық. Бұл негізінен үстеудің синтетикалық тәсілмен жасалуына 
байланысты мәселеде анық байқалады. Осы бағытта үстеудің сөзжасамдық 
жұрнақтарының құрамын анықтау, ол жұрнақтар арқылы жасалған туынды
үстеулерді


Г.Ы. Серкебаева, С.Р. Боранбаев
 
48 
№ 
4/2022
ВЕСТНИК Евразийского гуманитарного института.

BULLETIN of the Eurasian Humanities Institute.
көрсету, әрбір жұрнақтың мағыналық құрамын айқындау –
кезек күттірмейтін мәселе.
Әдістеме және зерттеу әдістері.
Үстеу сөз табын өз алдына жеке зерттеп жүрген 
А.
Ысқақов, С.Ф.
Фузаилов, Ф.А.
Ганиев, А.Г.
Гулиев, С.А.
Давлетова, С.М.
Исаев, 
А.
Аблақов, Ж.
Сарбалаев, Т.
Сайрамбаев, Р.
Әміров, Ә.
Ыбырайым, Б.
Таңсықбаева 
сынды ғалымдардың диссертациялық, монографиялық еңбектері, ондағы көзқарастар, 
тұжырымдар мен қағидаттар басшылыққа алынды. Сонымен қатар үстеу сөз табының 
теориялық мәселелерін талқылау, соған байланысты нақты тұжырымдамалар жасау 
мақсатында келесі шетел және орыс лингвистерінің тұжырымдары мен дәйектемелері 
пайдаланылды: В.В.
Радлов, С.
Броккельман, М.
Ердал, К.
Ераслан, Ф.
Зейналов, 
В.
Банг, А.
Габаин. Сондай
-
ақ, кейінгі жылдары
үстеулерді арнайы қарастырған 
Е.Б.
Саурықовтың «Үстеу сөз табы: тарихи дамуы және қалыптасуы (түркі тілдері 
материалдары негізінде)» [1] атты филология ғылымдарының докторы ғылыми 
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты, үстеу сөз табын 
«мөлшер» 
категориясының
аясында 
қарастырған 
Е.
Маралбектің 
«Мөлшер 
категориясының тарихи парадигмасы (лингвистикалық аспектіде)» [2] атты философия 
докторы дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы негізге алынды.
Зерттеу жұмысында сипаттау, салыстыру, салғастыру әдістері, құрылымдық, 
синхронды және диахронды талдау жұмыстары, жинақтау, жүйлеу тәсілдері 
қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет