Тіл мәдениеті, стилистика бойынша қүрастырылған бүл жинаңта сөйлеу мөдениетіне ңойылатын талаптар, топ ал-дында сөйлеуге әзірлік жүмыстары туралы айтылып, тіл да-мыту жолдары



бет11/48
Дата08.12.2023
өлшемі0,92 Mb.
#135285
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
Байланысты:
b175

Өздерің оқып жүрген бір әдеби шыгармадан үзінді алып, тіліне талдау жасап көріңдер. Сондағы сөздердің барлыгы жалпыхалықтық тілге жата ма, жатпаса ол қандай сөздер? (диалект, жаргон т.б.).

  1. Сөз жатықтыгын жүзеге асыру үшін тілдік норманы қандай принциптермен іске асырамыз? Өз ойларыңды бір жүйеге келтіріп, бір тақырыптың төңірегінде сөз саптап көріңдер.

  2. Диалект сөздерді әдеби тіл нормасына енбейді дейміз. Сонда диалектілер тек қана жергілікті тіл ерекшелігі ме, немесе олардың әдеби тіл қатарына жақындап, түрленіп, өзгеріске түсейін деп жүргендері бар ма? Мысал келтіріп, өз ойларыңды белгілі бір дәлелдермен айтып қараңдар.

  3. Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық нормасының сөз жатықтыгына қандай қатысы бар? Сөздердің дұрыс айтылуына көңіл бөліп, театр тілімен (театр актерларының тіліне еліктей отырып) бір әдеби шыгармадагы монологтарды, табиғат суреттерін жатқа айтып көріңдер.

  4. Кейбір сөз оралымдары ғылыми, ресми мәтіндерде де өз орнын таппай тұрады. Естігенде құлаққа түрпідей тиіп, шындыққа сыйымсыз болып келеді. Ал поэзиялық шыгармаларда олар өзгеше бір реңге еніп, құлпырып кетеді. Бұл неліктен деп ойлайсыңдар? (мысалы: «сөнбейтін серік», «қай-ғысыз күлкі», «ой-тұлпарды қоямын күрмеп-күрмеп»)

Осындай сөз өрнектері бар ресми мәтіндер мен бір лирикалық шыгарманы салыстырып көріңдер.


1-тапсырма: Қазақ әдеби тілін тиімді пайдалана отырып, көңіл айтуды қара сөзбен жеткізіп көріңдер. Өз ойларыңды толық, терең мағынада жеткізу үшін мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді пайдаланыңдар. Өлең мен қара сөздің айырмашылығын түсіндіріңдер.

Орынбай ақын Кертағыұлының Шыңғыс пен Зейнепке Шоқан қайтыс болғанда көңіл айтқаны.



  • Уа, Шыңғыс, Зейнеп ханым, көтер басты,

  • Қай қазақ ой ойлаған сенен асты?

  • Баласы жеті момын келіп тұрмыз,

  • Күңіреніп босағаңа төгіп жасты.

  • Тарихтан талай адам көрген едік,

  • Қызықты нелер дәурен сүрген едік.

Жасымыз мұнша жасқа келгенінше,
Шоқандай науша жасты көрмеп едік.
Қыршын жас, қайран Шоқан өткен бүгін,
Күйзелтіп ел-жұртын кеткен бүгін.
Аяулы жарқын жүзін еске тастап,
Дүниеден ем таба алмай өткен бүгін.
Әуелде солай жазса, не істейсің?
Бұйырса тағдыр, қалай бас имейсің?
Қайран жас қызғыш болған халқы үшін,
Қалайша қазасына күйзелмейсің!?
Түлпар бар ма түяғы майрылмаған?
Сұңқар бар ма қияғы қайрылмаған?
Қашан да тағдыр - ажал жеткен күні,
Кімдерден кімдер жылап айрылмаған!?
Өлеңдегі «науша», «қызғыш», «майрылмаған», «қияғы» деген сөздердің баламасын табыңдар, бүл сөздер әдеби тіл нормасына ене ме, түсіндіріңдер.


2-тапсырма: Мына мәтіннің құрамындағы диалект сөздердің баламасын дәл тауып, әдеби тілдегі сөздермен алмастырып, қайтадан құрыңдар. Бұл сөздердің тілге жеңіл, ауызекі тілде жиі қолданылатындығына көңіл бөліңдер.
Мысалы: - Сен тағын, тағын бастадың ба?! Қанша үрмет қысам да бомай-ақ қойдың ғой, жүдә! Сен албасты! Секеңдеген шәйтән. Қараңғы үйге жалғыз өзіңді қамап қояйын ба, шыли. Көзіңді бозартып, - деп, Мақпал біраз қабағын түйіп, өтірік ашуланған боп қарап тұрды. Сөздері әсер ететін емес. Тамсанды да, аяғын екі-үш басып:

  • Қараң қалғыр, қоясың ба, жоқ па? Тұр ғой, міні, мыналар адамша тып-тыныш ... Әлде жын ұрды ма сені, түге? - Үй, тілеуің құрсын, өл де маған?... Секеңдеген албасты ... Наяты ... Неткен бүліксің сен ... Құдай ұрып?!

  • Үй, сарамас... Буазына не бересің тентектің!... Жәйің осы... осы. Бұдан артық қаяққа апарам сені? Оттығың бар. Бедең өні! - деп ішінен:

-Байлап қойсам ба екен, жүдә?.. (М.Ә. «Білекке білек»)


3-тапсырма: Төмендегі портреттерді салыстыра отырып, түсінгендеріңді жазбаша жеткізіп көріңдер. Адамның жан дүниесін білдіретін сөздерді тауып, олардың мағынасына талдау жасаңдар.
...Исаны менің алғаш көруім - 1922 жылдың жазында, Қызылжар қаласында. Сондай бір ақын келіпті дегенге пәтеріне іздеп барсам, түр-тұлғасы жараған киіктей қағылез, бет-аузы бір-ақ уыстай кішкене, «тақия сыймас шекелім» дегендей, шекесі жалпая біткен, лақ-текедей сыртына тебе біткен кішкене қара көзді, ұшы имектеу, тұмсығы көтеріңкі біткен жіңішке мұрынды, сүйір иек, жұқа ерін, жіңішке ұзын мойындағы жүтқыншағының үлкендігі кішігірім баланың жұдырығындай, көкпардың атындай ойнақы мінезді жігіт екен. Басында жасыл пайымен тыстаған, алдыңғы жағын түре киетін пұшпақ бөрік, үстінде жағасына қара барқыт салған түйе жүн шекпен, аяғында қазақы етік, костюмі қалаша (С.Мүқанов).
Бұл жолы қырықты алқымдаған, денесі сәл имиген, ұзын тұра мұғалімнің аты - Шабақ. Мектеп директорының немере ағасы. Ол өткен жылға дейін бастауыш класқа сабақ беретін. Соңғы кезде облыс орталығындағы педагогика институтын сырттан оқи бастаған көрінеді...
Шабаң ағай «әй, өй» деп тұрпайы сөйлейтін, саба түсіндіруі алдыңғы оқытушыға қарағанда көп олқы, бағаны алалап қоятын кісі екен (М. Гумеров «Ерегес»).
Соғыс кезінде маған хат жазып тұрған көп қарындастардың бірі - Сима деген қыз суретіңді жібер деп өтінді. «Осының өзі қандай жігіт екен, көрейінші» деген болу керек. Дұрыс қой, бірақ қыздың өтінішін орындауға пәрмен болмады, окопта отырған солдатты кім суретке түсіре қойсын. Сонда да қыз ренжімесін деп жауап жаздым. Майданда фотография жоқ, сондықтан суретімді ауызша айтайын деп, мынадай өлең жаздым:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет