Тіл мәдениеті, стилистика бойынша қүрастырылған бүл жинаңта сөйлеу мөдениетіне ңойылатын талаптар, топ ал-дында сөйлеуге әзірлік жүмыстары туралы айтылып, тіл да-мыту жолдары


Қарашаш сұлудың қайтыс болғанын естірту



бет8/48
Дата08.12.2023
өлшемі0,92 Mb.
#135285
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
Байланысты:
b175

Қарашаш сұлудың қайтыс болғанын естірту

Қарашаш сұлу Жиренше үйде жоқта ауырып қаза болыпты.


Әз Жәнібек хан: «Жиреншеге біз естірте алмаспыз, өзіне-өзі естіртсін, ешқайсысың сездіріп қоймаңдар», - деп, уәзірлерімен сөз байласып қояды. Бір күні Жиренше шешен елге қайта оралып, ханның үйіне түсіп, сәлемдесіп отырады. Хан Жиреншеге:

  • Ау, шешенім, әкесі өлген қалай болады? - депті. Жиренше отырып:

  • Әкесі өлсе, асқар тауының құлағанымен бірдей болады, - депті.

  • Шешесі өлген қалай болады?

  • Ағар бұлағы суалғанымен бірдей болады.

  • Ағасы өлген қалай болады?

  • Оң қанаты қайырылғанымен бірдей болады.

  • Інісі өлген қалай болады?

  • Сол қанаты қайырылғанымен бірдей болады.

  • Апа-қарындасы өлген қандай болады?

  • Ұзын өрісі қысқарғанымен бірдей болады.

  • Қатыны өлген қандай болады?

  • Аһ!.. Менің Қарашашым өлген екен ғой? - депті Жиренше. Ол күйініп, қамшысын таянғанда, қамшының сабы ортасынан шарт сынып кетіпті.



2-тапсырма: Төмендегі сөйлемдерді өз стильдеріңмен түзетіп көріңдер!
Үлгі: Бұны, өздеріне жәрдем етіп отырған совхоздың (біріккен шаруашылық) бірер сақпан қойын уақытша жайылуға колхозшылар рұқсат етіп, совхозға берген болатын.
а) Бұны, өздеріне жәрдем етіп отырған совхоздың бірер сақпан қойы уақытша жайылуға рұқсат етіп берген болатын.
б) Кейде нақ төбелерінен нажағай жарқ беріп, шарт еткенде дүрк беріп жарылып та кетеді.
в) Сол сәтте және де Дәрменнің түсінен бұның көзі өзгеше жайды аңғарып, сескеніп қалды.
г) Бұрын қалаға келіп үзақ жатқан шағында көбінесе өзінің нақты орнықты пәтерінде уақыт өткізетін.


3-тапсырма: Төмендегі сөйлемдерді түзеп, әдеби тілмен қайта құрып жазыңыздар.
Лесницадан көтерілгенде, жүрегі аузына тығылады. Танзиметті алып тастауға совет береді. Ештеңеден қысылмаймыз, астымызда персональный машина. Өзіңіз қай округтансыз, тұрған жерлеріңіз грязь шығар, ә? Ну, как же это так, есікті ашып кетіпсің, что за безобразие. Ол туберкулез, онда заходить нельзя! Старик, понимаешь, в чем сначала ресторанда, потом жолдастарда. Кешегі алдымызда жүгіріп жүрген жігіт вдруг өзгеріп кетті.
Біздің келгенімізге много болды, демалу деген вообще болмады.


4-тапсырма: Төмендегі сөздердің әдеби баламасын тауып, мағынасына толық талдау жасаңдар. Әрбір сөздің әдеби тілдегі қолданысына стильдік мәні жоғары бір-бір сөйлем қүраңдар.
а) емдеухана - аурухана, айыр - шанышқы, қарыз - дыкер - қарыздар, зиратнама - бейіт, қабір; желдік - желдеткіш, ажым - әжім, балау - палау, қартамыш - қартамыс, ибат - инабат;
б) қаржымыс - қарымта, кәдуілгі - кәдімгі, айыл - әйел, ақтас - түйме, жер там - жер үй, жұмыстау – жұмыс істеу, жұмыстану; зиярат - зират, кәмәләт - кәмелет, кәззеп - кәззап, кәзір - қазір; жаһүт - жақұт, зәлім - залым, жаһил - жаһіл ...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет