Тіл мәдениетінің өщектілігі: Сленг сөздер



Дата26.04.2022
өлшемі16,66 Kb.
#32422
Байланысты:
Ақмарал эссе тіл мәдениеті


Тіл мәдениетінің өщектілігі: Сленг сөздер
Жастар арасында сәнге айналған сленг атауы ағылшынның "slang, jargon" сөздерінен шыққан. Былайша айтқанда, әлеуметтік диалект. Мағынасы қарап тұрақты сөз тіркесіне теңеуге болады, бірақ, бұл сөздер не сөздердің жиынтығы ешқандай фонетикалық және грамматикалық жүйеге бағынбайды. Тек лексикалық мағынасы ғана болады. Әдетте сленгтер өзге тілден енген сөздер не ешбір грамматикалық заңдылықсыз қысқартылған сөздер болып келеді. Ағылшын не орыс тілдерінде сленгтер бұрыннан қолданылатын болса, қазақ тілінде мұндай сөздердің дамуына әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің көптеп қолданылуы серпін берді. Мұны жастар "сәнді сөлеймін" деп мақтаныш көрсе, аға буын "қазақ тілінің шұбарлануы" деп айыптайды.

Жастар арасында сөйлеу кезінде жалпы қолданыстағы сөздерге орысша жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме сөздерді шектен тыс көп пайдаланып, оның үстіне тағы қазақша қосымша жалғап, тіпті тарихи қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібін бұзып қолданып жүргендері бар. Жастар дағдысына қарай бұндай сөздерге өте оңай бейімделеді, әрі оларды кез келген жағдайда қолдана береді. Мысалы: күлкі — угар; арзан — фуфло; мас — бухой;  мақсат — таргет; скилл — дағды; сәнді — гламурный. 
Жаһандану заманында ешбір сүзгіден өтпеген ақпараттар тасқыны ағылып, жастардың көзін тұмандандырып, санасын уландырып барады. Осыларға төтеп беретін қазақы тіл, ұлттық салт-дәстүр. Бүгінгі жастардың арасында тіл байлығының нашарлығынан дейміз бе, әйтеуір бір сүреңсіз, нәрсіз сөздер өршіп тұр. Алайда барлығына жастарды кіналай беруге де болмайды. Интернеттегі кейбір сананы улайтын сайттар, теледидардағы түкке тұрғысыз түрлі бағдарламалар, әлеуметтік желілердегі жеңіл әңгімелер, отбасындағы тәлім-тәрбие де баланың санасына әсер етеді
«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» – деп тұжырымдайды. Расымен, ендігіде қазақ халқының тілін қоғамда сауатты орнықтырудың келешегі зерделі жас ұрпақтың қолында.  Көптеген ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі жастарымыздың сөз саптауы көңіл аударарлық, тіпті көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытынды жасау – ғылыми ізденістің нәтижесі.
Түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, ең сұлу, ең көркем, мәнді де мағыналы тіл – қазақ тілі екені сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда, біздің көкейімізге ең алдымен Елбасымыздың: «Біз тегіміздің – Түркі, дініміздің – Ислам, тіліміздің – қазақ тілі екенін ешқашанда ұмытпауымыз керек!» деп   ұрпаққа салмақты ұран тастаған өсиет сөзі оралады.      

        Тіл – асыл қазына, рухани мұра. Халық үшін тілден асқан байлық бар деудің өзі астамшылық болса керек. Олай болса, ана тіліміздің жарымжан сөздермен былғанбай таза сақталып, сауатсыздыққа жол бермей, өркендеп өсуіне үлес қосу кез-келген қазақ азаматының міндеті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет