Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Физика математика және цифрлық технологиялар институты 1-інші аралық бақылау Тексерген: Сарсенбаева Ж. Г.
Орындаған: Физика 101-топ студенттері 1 Тоғанбай Назерке 2.1 Анешова Ақерке 2.2 Хасанова Асемай 3. Құрманбаева Айжан 4. Асанова Мангинур 5. Таласқан Гаухар 6. Бауыржанқызы Аяулым 7.Солтанова Алуа
1.Саясаттану -ғылым және оқу пәні ретінде
Саясаттану ғылымы
Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеубірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», — деп түсіндірген. Саясаттану сөзі (политология) гректің «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, яғни «саясат туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен)тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын бай-қатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заң-дылықтарды нақгылайды, айқындайды, саяси танымды терңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады.
Сонымен қатар экономикалық теориямен,тарихпен,әлеуметтанумен тығыз байланыста