«Тіл татулықтың тірегі»


Оқушылар топқа бөлініп отырып ,мәнерлеп өлең оқып сайысқа түседі



бет2/2
Дата02.02.2023
өлшемі23,23 Kb.
#64794
1   2
Оқушылар топқа бөлініп отырып ,мәнерлеп өлең оқып сайысқа түседі.


1.топ
Туған тілім бабам тілі өз тілім,
Туған тілім анам тілі өз тілім.
Туған тілім далам тілі өз тілім,
Туған тілім адам тілі өз тілім.
Көк аспанда қанат қағып ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да.
Өз тілінде кісінейді құлыншақ,
Деген кім бар: өз ұстанба


2.топ
Ана тілім,


Жүрегісің анамның.


Жүрек-ана,


Мен өзіңнен жаралдым.


Сағат сайын саулығыңды тілеймін,


Сенсіз мынау керегі не ғаламның!


Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,


Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
 Тіл деген – алып мұхит түбі терең,


Піспегі толқын шашқан күбі ерен.


Қадірін тілдің сұра сақаулардан,


Көзіне жас алып бір күбірлеген.
3 топ
«Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев


Күш кеміді, айбынды ту құлады;


Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.


Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,


Қан суынған, жүрек солғын соғады. 


Қыран құстың қос қанаты қырқылды,


Күндей күшті, күркіреген ел тынды.


Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,


Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!
«Ана тілі – арың бұл» көрінісі

Орындықта ақсақал отырады. Оған біраздан соң екі, тегі ауыр, сөмкеден көтерген үш әже қосылады. Олар ақсақалмен амандасқаннан соң.


Сондағы әңгіме. Бірінші әйел:
Менің немерем осы жылы институтын бітіреді. Кеше қаладан келген. Жаңа телефонынан бізге институтта қатысқан іс – шараларын көрсетіп бір қуантты. Ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгеріп алыпты.

Менің де балапаным кенде емес. Ол да осы жылы университетін бітіреді, -деп мақтанады екінші әйел. – Бұйырса шетелге Болашақ бағдарламасымен оқуын жалғастырмақшы.


Үшінші әйел: - Біздікі де оқу орнын осы жылы тәмамдайды. Баяғыша қарапайым, ауылдағы кезіндей аңқылдап тұр, - дейді


Екінші әйел:


А, солай де. Менің ұлым орыс тілін де, ағылшын тілін де жақсы біледі. Өзі орысша сөйлессе, қызық екен.

Менікі де сондай, - деп ілеседі бірінші әйел.


Бір кезде балалар көрінеді. Бірінің құлағында наушник, екінщісі телефонға үңіліп келеді.


Әжелер мен ақсақалға жақындап:


Саламатсыз ба, ата, - деп жеңіл қайырады біріншісі аузындағы сағызын шайналаңдап.


О, аташка, қалыңыз қалай?, - деп амандасады


екінші бозбала, - апашка, негып магазинде мені ждать етпедің? Сонда зрядан – зря барып, мына жарада гулятьтап қалдым ғой.


Да, апа, мен де. Екеуміз бір темамен қалаға барайық деп сенен біраз мани сұрамақшы едім. А ты ушла. Айтпадың ба, ухожу деп, - деп айтады бірінші бала.


Апа, шаршап қалдыңыз ба? Әкеліңіз сөмкеңізді өзім жеткізіп салайын, -дейді үшінші бала.


Осының барын үндемей бақылап тұрған қария:


Түу, бағанадан мақтаған балаларын осы ма? Мыналарын орыстарға еліктейміз деп қазақша екі сөздің басып құрай алмай тұр ғой. Бұндай ана тілін сатқан балаларыңды мақтағанша жерге кіріп кетпедіңдер ме? Мен мына Күләштің немересіне ғана көңілім толып тұр. Болашақта өз туған жеріне, ана тіліне еңбек сіңіре алады деп ойлаймын, - деп тұрып кетіп қалады. Қалғандары орындарында ойға шомылып қалады

Қорытынды: Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілімізді таза ұстайық!


Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармайық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет