«Тіл туралы Заңның» орындалуы туралы мәлімет


-2013 оқу жылында Кен негізгі мектебінде Тіл туралы Заңның орындалуы жайында мәлімет



бет5/8
Дата22.08.2023
өлшемі44,11 Kb.
#105460
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тіл туралы заңның орындалуы

2012-2013 оқу жылында Кен негізгі мектебінде Тіл туралы Заңның орындалуы жайында мәлімет
Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығының бірі- ұлтаралық ауызбірлік. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы бейбіт те, тыныш заманды аңсаған. Сол заман орнаған кең- байтақ елімізде көптеген ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әрдайым солай болғай! Тіліміздің мәртебесін асқақтатып –әр ұлт өкілінің міндеті. Сондықтан осыған байланысты мектебімізде басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың баға жетпес мұрасы тіл екенін сезіндіру үшін, мектебімізде Тіл заңының орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. «Тілге құрмет» тақырыбында іс-шара 5 жыл бойы жұмыс жүргізіп келеді. Бұған қазақ тілі пәнінің мұғалімдері жетекшілік жасайды. Әрбір өткізілген жұмысқа есеп беріліп, өткізілген іс-шара жұмысының фотосуреттері жинақталып, альбомдар мен жинақ папкалары жасалынған. Тілімізге мұрагер болып қанатын кеңге жаюына, қарыштап дамуына, өрістеуіне үлес қосатын еліміздің балғын ұрпақтары. Ал тілдің тегеурінін мықты ұстап, тілмен сусындататын әрине ұстаздар.
Мектебімізде тілге байланысты өткізілетін іс-шараларға ұстаздар қауымы да белсене ат салысады. Қазақ тілінің қанатын кеңге жаю мақсатында әріптестерімізбен мемлекеттік тілде тілдесеміз. Мектепшілік іс-қағаздар, кіріс-шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне әкімшілік тарпынан қадағалау жасалынады. «Өз тілің – өркенің, мақтаның, ұлтың ол сенің» дегендей мектебіміздегі басқа ұлт өкілдері өздерінің сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын молайту мақсатында әр түрлі тіл басылымдарына жазылады. Мысалы: «Уроки казахского языка»; «Тіл» басылымдарына мектеп медбикесі Годун Галина В; «Күншуақ» орталығының шаруашылық меңгерушісі Трошина Светлана А. жазылып, кәсіподақ ұйымының жетекшісі Тарковская Ирина П, Бакаев Андарей В, мектебіміздің аспазшылары да «Қазақшаңыз қалай?» үйірмелеріне белсене қатысып, тілді үйренуге ат салысуда. Тілге байланысты мектебімізде нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.
Тілдер меркесінің онкүндігіне байланысты аудандық оқу бөлімінің жоспарына сүйене отырып, пән мұғалімдері Серікбаева З.М. және Ильясова А.Ж. мектепшілік жоспар құрды. Сол жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» тақырыбындағы лездемеде 7-9 орыс сынып оқушылары шағын баяндама жасады.
Ағылшын пәнінің мұғалімі Бейсенова Гүлшат Серікқызы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Ойын барысында оқушыларымыз үш тілді қалай меңгергендіктерін байқатты. «Бір шаңырақ астында» атты сурет көрмесін жас маман Қайдауылова Гүлім Сейтбекқызы сәтті ұйымдастырды. Оқушылар өз ой-қиялдарын сурет арқылы жеткізе білді. «Сөз мерген» сайысы 5-8 сыныптар арасында өтті. Оқушылардың көне сөздерді қаншалықты жетік білетіндеріне пән мұғалімі Ильясова А.Ж жетекшілік жасады. Осындай тіл саясатын дамытуда әрбір өткізген іс-шараға сынып жетекшілер және пән мұғалімдері жан-жақты ізденіп, өз үлестерін қосады. Орыс сыныптары арасында орыс тілі пәнінің мұғалімі Нұрмұханбетова Г.О. ұйымдастыруымен «Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» тақырыбында әдеби кеш өтті. Кешке мектеп ұжымы және басқа ұлт өкілдері де келіп қатысты. Кеш барысында оқушылар қазақ тілінде таза сөйлеп, ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа оқыды. «Тілі бірдің – тілегі бір» дөңгелек үстел ұйымдастырылып, тілдің қазіргі жайы туралы қатысушылар ой бөлісті. «Күш- білімде, бірлік - тілде» демекші басқа ұлт өкілдерінің тілге деген құштарлығын оятып, қызықтыру үшін мектебімізде осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.
Пән мұғалімдері «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде» атты тақырыппен іс-шараны қорытындылады. Оқушыларымыз мемелекеттік тілді қаншалықты жетік игергендерін дәлелдеу мақсатында аудандық байқауларға қатысып, нәтиже көрсетуде. Қазіргі таңда Кириллова В; Паизова К. мен Трошина А. Көкшетау қаласында өз бақтарын сынады. Трошина А. Х ІҮ Абай және ІҮ Махамбет оқуларына да үлкен дайындықпен аудандық байқаудан өтіп, Көкшетау қаласына жолдама алды.
Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тіл мәселесін көтеруде барлық іс-шарааларды ұтымды ұйымдастыруға жаппай мектеп ұжымы ат салысады. Тілдің діңгегі одан әрі күшею үшін әлі де талай игі істер бірігіп атқарылады. Тіл үшін күрес –тәуелсіздікке қосқан үлес деп есептейміз, тілімізге шынайы жанашырлық танытуға мектебіміздегі басқа ұлт өкілдері де ат салысатынына сенеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет