Жыл бойғы қазақ сыныптарының қорытындысы Қазақ тілі-83% Қазақ әдебиеті-89% Жыл бойғы орыс сыныптарының қорытындысы Қазақ тілі-69% Қазақ әдебиеті-66% Өмірлік орта мектебінің І жарты жылдық 2013-2014 оқу жылы бойынша «ҚР Тіл туралы заңының» орындалуы туралы ақпарат ҚР-ның «Тіл туралы заңының» орындалуы мектептің жылдық жоспарына енгізілген. «Тіл туралы заңның» орындалу барысында іс қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуі, жаңа технологияны қолдана отырып, тілдерді оқыту барысында сапалы нәтиже көрсету, дарынды балалардың шығармаларын мектепішілік, аудандық газеттерге жариялау, баспа сөз беттерінде жарық көрген жаңа заң, мақалалармен танысып, әдістеме кеңесінде жариялау, ақын-жазушылардың мерейтойларын атап өту, ай сайын мектепте кітап көрмесін ұйымдастыру, тіл мамандарының уақытылы курстардан өтуі, ауыл әкімшілігімен бірлесе отырып қоғамдық жұмыстар жүргізу т.б. мәселелер ұйымдастыру жоспарға қойылған. Басшылық тарапынан газет-журналға мемлекеттік тілде мақалалар жариялау, көрнекі ақпараттарды қазақ тілінде жазу қарастырылған.
5-14 қыркүйек аралығында Өмірлік орта мектебінде «Ана тілім – ардағым» атты тілдер онкүндігі өтті. Тілдер онкүндігінде түрлі іс-шаралар атқарылды. Атаулы мерекенің ашылу салтанатында оқушылар тіл туралы үш тілде өлеңдер оқып, «Менің тілім өлмейді» атты көрініс қойды. Қойылымда Қ.Рысқұлбеков пен прокурордың рөлін 6-сынып оқушылары Әуелбек Бегімбет пен Есілбаев Дәурен жақсы сомдап шықты. Мектеп кітапханасында кітапханашы Курмашова А. ұйымдастыруымен тіл мерекесіне арналған «Кіршіксіз қардай сақтаңдар, қазақтың тілін ғаламат! Ана тіл – арым, иманым, Аманат, саған, аманат» тақырыбында көрме ұйымдастырды. 5-11 сыныптар аралығында ана тілімізге байланысты сынып сағаттар өткізді. «Достықтың терең тамыры» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Накупов А. С. жоғары сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелде Қазақстанның өзге елдермен достастығы жайлы деректер тыңдалып, өзге елдермен достық қарым-жайлы пікірлер ортаға салынды. Іс-шара барысында 11-сынып оқушылары жеңіске жетті. «Көп тілді білу – заман талабы» тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алдашев А.К. ұстаздар арасында өткізген семинарында қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қозғалды. Үш тілде өткен бұл іс-шарада «1-сыныптан бастап ағылшын тілін өткізу», «Өзге тілді меңгертуде өз тіліміздің жағдайы қандай болмақ?!» деген сияқты сауалдар қойылды. Әр мұғалім өз пікірлерін ортаға салып, талқыға салынған сұрақтарға лайықты жауаптар берілді. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...» тақырыбындағы көркем сөз оқу шеберлері байқауы А.Байтұрсыновтың 140 жылдық мерейтойына арналды. Бұл сайысқа 5-10 сынып оқушылары қатысып, Ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Жоғары сынып оқушылары мысалдарынан қойылым қойып, орта буын оқушылары мысалдарына сурет салды. Сонымен қатар А.Байтұрсынұлына арнап өз шығармашылықтарын, яғни өлең шығарып көпшіліктің алдында ортаға салды. Іс-шара жақсы деңгейде өтті. Сонымен қатар онкүндікке байланысты өтілген шығарма, мақала байқауында 10-сынып оқушысы Бірімжанова Д. І орын, 11-сынып оқушысы Өмірзақова А. ІІ орынды иеленді. Мақала жазған оқушылардың қатарынан 10-сынып оқушысы Бірімжанова Б. Мақаласы үздік деп танылды. 5-7 сынып оқушылары «Бір шаңырақ астында» тақырыбында қабырға газеттерін шығарды. Орындалған іс-шаралардың барлығы жақсы деңгейде өтті.
Қыркүйек айында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәндерінің арасында «Тіл - дарын» атты конкурс өтті. Бұл конкурсқа біздің мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алдашев А.К. қатысып бас жүлдені иеленді.
6 қараша күні мектепішілік олимпиада болды. Барлық қатысқан балалар саны 32, Орын алған балалар саны 21. Жеке тоқталар болсақ, І орын алған бала саны 7, ІІ орын алған бала саны 7, ІІІ орын алған бала саны 7, Олимпиадаға қатысып орын алған оқушылар: орыс тілінен Құрмантаева Дильназ, Алтынбай Нұрсұлтан 4-сынып оқушылары ІІ орынды иеленді. Қазақ тілі бойынша ІІ орын Сапаш Б. 8-сынып оқушысы, ІІІ орын Сыздықов А., Әуелбек Б. 6-сынып оқушылары иеленді. Тарих пәнінен Өмірзақова А. 11-сынып оқушысы ІІІ орынды иеленді.
Қараша айында 10-13 жас аралығындағы ер балалар арасында аудандық «Ел қорғауға әзірміз!» атты байқау өтті. Бұл байқауға біздің мектебімізден 6-сынып оқушысы Қайырбек Жақсылық қатысып алғыс хатқа ие болды.
Халықтың біртуар азаматы, ақын М.Мақатаевқа арнап қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі З.Ж.Өмірзақова «Жырлайды жүрек» атты әдеби кеш өткізді. Бұл кеште мектеп оқушылары мен мұғалімдері ақынның әндерін айтып, өлеңдерін оқыды. 10-сынып оқушысы Абайділдә Н. мен Бірімжанова Б. ақынның «Махаббат диалогын» оқыды. Іс-шара өте жақсы деңгейде өтті.
Атаулы мереке «Тәуелсіздік күніне» арнап барлық сыныптар сынып сағаттарын өткізді. Сонымен қатар мектепте мерекелік кеш өткізілді. Кітапханашы Карина А. кітап көрмесін ұйымдастырылды.
Жыл сайын өтетін аудандық олимпиадаға қазақ тілі, химия, биология пәндерінен үш бала қатысып, бағын сынады.
Желтоқсан айында 10-сынып оқушысы Абайділдә Нұрдидар биология пәнінен, 11-сынып оқушысы Өмірзақова Айгүл бейнелеу өнері пәні бойынша облыстық ғылыми жұмысқа қатысып сертификатқа ие болды және Өмірзақова Айгүл облыс көлемінен ІІ орынды иеленіп, республикалық ғылыми жұмысқа жолдама алды.
Мұғалімдер арасында тарих пәнінің мұғалімі А.С.Накупов пән бойынша курстан өтті. Үш деңгейлі курс бойынша орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Н.Айтжанова І деңгейінен өтті.
7-11 сынып аралығындағы оқушылар интернет желісі арқылы республикалық деңгейде олимпиадаға қатысты.
Әр өткізілген педагогикалық кеңес барысында «Тіл бағдарламасының орындалуы» қарастырылып, тіл мәдениетін сақтау, тіл бағдарламасын орындау талаптары ескертіліп отырылады.
Тіл туралы заңның орындалуы