«Тілдер және лингвистика» бірлестігіндегі пәндер бойынша дарынды балалармен жүргізілген жұмыс бойынша қорытынды анықтама «Тілдер және лингвистика»


Қоғамдық –гуманитарлық пәндер бірлестігінің дарынды оқушымен жүргізілетін жұмыс есебі



бет2/3
Дата14.12.2022
өлшемі18,5 Kb.
#57281
1   2   3
Байланысты:
Дарынды балалармен жұмыс

Қоғамдық –гуманитарлық пәндер бірлестігінің дарынды оқушымен жүргізілетін жұмыс есебі. Қыркүйек айында оқушылардың ой-өрісін зерттеу арқылы дарынды оқушыларды анықтау және ғылыми жоба жұмысы жоспарланған болатын. Қазан айында оқушылардың ой-өрісін зерттеу арқылы дарынды оқушыны анықтау аясында 10-сынып оқушысы Тоқтасын Алмас облысқа жолдама алып, қатысты. Қараша айында 8-сынып оқушысы Олжатай Ернар облысқа жолдама алып, облыстан 1 орын алып, республикадан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар 6- сынып оқушысы Мадияр Ұлдана «Зерде» байқауына қатысып, ауданнан І орын, облыстан ІІ дәрежелі диплом алды. «Qaztest», «Daryn kz» байқауларына оқушылар қатысып, І-ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталуда. Мектепішілік іс-шараларға белсене қатысып, өзінің дарындылығын көрсетіп жүр. Күрделі тапсырмалар, зерттеулер беріледі. Пән мұғалімдері логикалық тапсырмаларды жиі ұсынып тұрады. Әр сабақта оқушының ой-өрісінің өсуіне жағдай жасалады Қазақстан тарихы пәнінен көптеген жоба, жарыстарға қатысуда. ІІ жарты жылдықта басқа, жақсы қырларынан танылып қашықтық олимпиадалардан көш бастап жүргендері қаншама. Атап айтсам Айтбек Іңкәр мен Шахтыбай Мәди аудандық пән олимпиадасынан ІІІ дәрежелі диплом алып, білімдерін дәлелдеді. Оқушылар мектептегі дарынды оқушылармен ұйымдастырылатын шараларға белсенділік танытып қатысады.2021-2022 оқу жылы бойынша дарынды оқушылармен жасаған жыл бойынғы бірлестіктің жоспары өз деңгейінде жұмыс атқаруда , пән бірлестік мүшелері өздеріне жүктелген жүктемені сезініп, жақсы атқаруда, әр жұмысты жауапкершілікпен қарап, өз шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті. Жаратылыстану-математика» пән бірлестігіндегі пән мұғалімдерінің дарынды оқушымен жұмыс жоспарлары бар, бекітілген, жоспарға сай жұмыс жүргізген. Дарынды оқушылармен сабақ және сабақтан тыс уақытта жекелей жұмыс жасалған, пән логикалық тапсырмалар орындап отырған.Бірлестіктегі пәндерге жеке тоқталсақ: биология пәнінен дарынды оқушылар 10- сынып оқушысы Жаңабек Нұрдаулет , 9 сынып оқушысы – Алдаш Разия. Бұл оқушыларды шығармашылық ізденіс жұмыстарына қатыстырып отырған. Алдаш Разия 2021 жылы Казтесттің ұйымдастыруымен өткізілген пән олимпиадасында ІІІ орын алған, Жаңабек Нұрдаулет аудандық пән олимпиадасынан ІІІ орын.Математика пәнінің дарынды оқушылары - 5-сынып оқушысы- Тоқтасын Нышан, 7«ә» сынып оқушысы Зейнулла Ибрагим, 8-сыныптан Мадияр Сымбатпен жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілген. Зейнулла Ибрагим «Зерде» ғылыми жобасында «Рубиктің кубы ойыншық, әлде күрделі тренажер» тақырыбында жоба қорғаған, әліде ол жобаны оқушы жетілдіру үстінде.Тоқтасын Нышан аудандық «Алтын сақа» олимпиадасының ІІІ орын иегері. Сонымен қатар оқушылармен олимпиадаға дайындық есептерімен тереңірек таныстыру жұмыстарын жүргізген. Қосымша оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында оқушыларды пән бойынша қашықтық олимпиадасын қатыстырып отырған. Казтесттен Мадияр Сымбат ІІ орын алған.Химия пәнінің дарынды оқушыларымен жоспар бойынша жұмыстар жүргізілген, күрделі химиялық есептерді шығару жолдарын үйретіп, оқушыларға жеке дәптерге шығартқан.Химия пәнінің дарынды оқушылары - Мадияр Махаббат, Алтайбек Шахназ, Оразымбет Нұрғайша бірнеше жобаларға қатысып, жүлделі орын алған. Мадияр Махаббат –облыстық «Виртуалды саяхат » тақырыбындағы экологиялық жобадан аудан бойынша І орын, облыстан ІІІ орын алған. Алтайбек Шахназ- аудандық пән олимпиадасына қатысқан, Оразымбет Нұрғайша – аудандық ғылыми жоба байқауынан «Шайдың пайдасы мен зияны» туралы тақырыпта жоба қорғап, ауданнан І орын алған, жұмысы облысқа өткенмен әліде толықтырулар, жұмыстар жасау керегі айтылып, оқушы жұмысты жетілдіру үстінде.Физика пәнін бойынша дарынды баламен жұмыс жоспар бар, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізіліп отырған.Физика пәнінің дарынды оқушысы Тоқтасын Алмас жылда аудандық пән олимпиадасына қатысып жүлделі орындар алып отырған.2021-2022 оқу жылында аудандық пән олипиадасынан ІІІорын алған, Казтест қашықтық олимпиадасынан ІІ орын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет