Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.
2. Арыстан бабтың Ясауиге құрманы беру туралы аңызын баяндаңыз
Арыстан баб Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: «Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған». Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім үн қатпады. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін». Қожа Ахмет Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша Арыстан баб кесенесінің үстінде ешқашан бұлт тұрмайды екен. Әрдайым ашық аспан астында тұрады. Бұл да болса жоғарыда айтылған аңыздардың ішінде шындығы бар секілді.
3. Аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауидің 6-7 жасқа толғанда Сайрамда білім алған ұстазы жайлы айтыңыз. (Әфсана 36 бет)
Көзі қарақты, зиялы да тәрбиелі ортадан шыққан Ибраһим ата, осы «Шежіреде» айтылғандай, зейінді де зерек 6-7 жасар баласы жас Қожа Ахмет Яссауидің сондағы Шаһабиддин Исфиджабидеген ғұламаға алып келіп, «Сүйегі біздікі, еті Сіздікі, иншалла, артымызда лайықты мұсылман қалсын деген ниетіміз» деп қолынан жетектеп әкеліп өзі тапсырған делінеді. Ол кісі шашы да, сақалы да, тіпті, қасы да қудай аппақ болғаны себепті «Ақ Ата» деп аталып кетсе керек.
Қожа Ахмет Ясауи жолының күн санап күшейіп бара жатқанын ислам әлемінің басқа аймақтарындағы діндарлар хабардар болады. Олар Ясауи жолының дұрыстығына күмән келтіріп, қалай да оның жолына тосқауыл қоюды ойластыра бастайда. Солардың бірі – Қорасан елінен шыққан атақты ғұлама Баба Машын еді. Ол өзінің мықты деген 400 шәкіртімен Ясы қаласына Қожа Ахметті іздеп келеді. Ясыға келген соң, Қожа Ахметке жолығып: «Елді бүлдіріп, жолдан шығарып жүрген жасыл шапанды сенбісің?» – деп дүрсе қоя береді. Ясауи ата шәкірттеріне: «Бұл сөйлеген кезінде есінен адасады, не айтып жатқанын өзі ұқпайды. Сондыктан бұны ұстап, ұстынға байлаңдар!» – деп бұйырады. Шәкірттері ұстап, байлаған соң, оның денесін жалаңаштап дүре соғуға бұйырады. Алғашқы қырық дүре соққанда Баба Машын былқ етпей, Алла атын аузына бір рет те алмайды. Оны біраз уақыт демалдырып, тағы да қырық дүре соғады. Осы кезде ғана баба Машынның құлындай шыңғырып, «Алла»,- деген жан даусы шығады. Ясауи ата дүре соғуды тоқтатуға бұйырады. Мұны көріп тұрған Хасан хан Ясауи атадан:
— Бірінші рет дүре соққанда, ол бір рет те Алланың атын есіне алмады. 40 дүрені екіші рет соққанда «Алла» деп шыңғырған жан дауысы шықты.
Бұның себебі неде? – деп сұрады.
Ясауи:
— Оның арқасына жын-перілер жабысып алып, алғашқы 40 дүрені
өткізбеді. Сол себепті алғашында оған дүре батпай, Алла атын жад етпеді.
Соңғы 40 дүре Баба Машынның арқасына тиіп еді. Сондықтан оның жан
дауысы шықты, – деді.
Одан кейін Ясауи ата есін жиған Баба Машынға қарап:
— Өзіңнің қайдан екеніңді білдің бе? – деп сұрады. Ол көз жасы көл
болып, әдепсіздігі үшін Ясауиден кешірім сұрап, тәубесіне келді. Атаның
шәкірті болды. Үш рет қылуетке түсіп, Ясауидің сүйікті шәкірттерінің біріне айналады.
5. Ясауидің шәкірті Имам Марғозы туралы хикаяны және оның кесенесі орналасқан жерді атаңыз
ХІХ ғасырда шикі кірпіштен салынған дәстүрлі сәулеттік құрылыстардың бірі. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Бұл әулиенің кесенесі Түркістаннан 7 шақырым қашықтықта Шобанақ ауылының оңтүстігіндегі биіктеу төбеде, ескі қорымда орналасқан. Қорымды жергілікті халық «Көктонды ата әулие қорымы» деп атайды.
6. Ясауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғани (Хакім ата) туралы баяндаңыз
Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186 ж.) Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол өзінің "Ақырзаман" кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы — Шайқым Қожа Ахмет Ясауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік — Шайқым Ахмет Ясауи, — деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сұлтанға шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Дамаск қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Хакім Ата деген атпен белгілі.