1
Тілдердің топтастырылуы (таптастырылуы) — дүние жүзіндегі
тілдердің туыстық жақындығына және грамматикалық
құрылысындағы ұқсастықтарына қарай бөлінуі. Бұл белгілеріне
қарай дүние жүзіндегі тілдері типологиялық (морфология) (қ.
Тілдердің морфологиялық-типологиялық топтастырылуы),
генеалогиялық(туыстық) (қ. Тілдердің генеалогиялық
топтастырылуы) болып екі үлкен топқа топтастырылады.[1]
Тілдердің топтастырылуы орыс классификация языков —
зерттеу мақсатына сай ұқсас белгілеріне қарап әлемдік тілдерді
жіктеп топтастыру. Тілдердің топтастырылуы проблемасы
тілдерді салыстырып зерттеу нәтижесінде туған, оның екі түрі
бар: тілдердің генеалогиялық топтастырылуы және
типологиялық топтастырылуы. Бұлардың алғашқысы —
тілдердің туыстығына, кейінгісі — тілдердің формалдық және
семантикалықұқсастығына негізделеді. Мақсаты жағынан
бұлар бір-біріне жақындамайды, бірақ принципі жағынан
байланысты болуы мүмкін. Мәселен, тілдердің генеалогиялық
топтастырылуы тек болжам түрінде болған жағдайда көбінесе
типологиялық белгілерге негізделеді. Ал олардың дербестігі
тілдердің генеалогиялық топтары анықталған жағдайда
типологиялық топтастырылу мүмкіндігінен байқалады.
Тілдердің топтастырылуынын аймақтық Тілдердің
топтастырылуы деп аталатын үшінші түрі бар, ол өз дербестігін
сақтағанымен, жоғарыдағы екі топтастырылудың аралығында
болып келеді. Аймақтық тілдердің топтастырылуында тілдердің
не диалектілердің түйісуіне байланысты тілдік белгілер
маңызды рөл атқарады. Тілдердің топтастырылуын
генетикалық тұрғыда қарастырғанда отбасы, топ, тарау т.б.
таксономиялық (туыстық жақындықты білдіретін)
категориялар; типологиялық тұрғыда — тип, класс; аймақтық
тұрғыда — аймақ, аудан, зона сияқты категориялар
пайдаланылады. Тілдер одағы аймақтық тілдердің
топтастырылуының ерекші түрі болып табылады, тек
генеалогиялық тілдердің топтастырылуында абсолюттік сипат
бар, себебі әрбір тіл тек белгілі бір генеалогиялық топқа кіреді,
ол өзгермейді. Типологиялық тілдердің топтастырылуы тіл
құрылымы тарихи өзгеріп отыратындықтан, қашанда қатыстық
2
(тұрақты емес) сипатта болады, ал аймақтық тілдердің
топтастырылуы неғұрлым тұрақты сипатта болып келеді.
Тілдердің топтастырылуы мәселелері 19 ғ.-дан бері зерттеле
бастады. Бұл саладағы алғашқы күрделі еңбектердің бірі — И.
К. Аделунгтың "Митридат" еңбегі, онда тілдердің
топтастырылуының үш түрі бірге қарастырылған. 20 ғ. орта
тұсынан бері тілдердің топтастырылуының әр түрінің
теориялық принциптері жиі талқылана бастады. Көптеген
тілдердің (Африка, Океания, Полинезия) генеалогиясы әлі
анықталған жоқ. Кейбір тілдердің туыстығы өте көне заманда
болғанына байланысты метагенеалогиялық топтастыру
(ностратикалық тілдер) мәселесі түрінде қарастырылуда.[2]
Дүние жүзінде шамамен 6-7 мың шамасында тіл бар. Олардың
ішінде тайпа тілдері дс, халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ
емес. Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер
дәрежесіне дейін жеткен.
Олар: қытай, ағылшын, испан, орыс, араб, француз тілдері. Тіл
білімінде дүние жүзіндегі тілдерді екі түрлі тұрғыдан
топтастырады:
•
тілдің шығу тегі тұрғысынан, яғни туыстығы, бір негіз
тілден бөлініп шыққандығы тұрғысынан (генеалогиялық);
•
шығу тегіне байланыстырылмай, грамматикалық
құрылысы мен типінің ұқсастығы тұрғысынан. (типологиялық
немесе морфологиялық)
Тілдердің туыстығына байланысты семья, топ деген ұғымдар
бар. Тілдердің туыстығы, өзара жақындық дәрежесі әр түрлі.
Сондықтан туыстас тілдердің кейбіреулері бір-бірімен өте
жақын болуы мүмкін, кейбіреулері алшағырақ болуы мүмкін.
Семья деген термин - шығу тегі бір, біртектес тіл топтарының
жиынтығы дегенді білдіреді.
Топ (группа языков )деген термин - бір семьяға жататын, бірақ
туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді
білдіреді. Мысалы, бір ғана ундіеуропа тілдер семьясына
жататын тілдердің бәрі де туыстас тілдер. Алайда бұлардың
3
бір-біріне жақыңдық дәрежесі біркелкі емес. Сондықтан да,
үндіеуропа тілдер семьясы өз ішінде: 1) славян тілдері, 2)
роман тілдері, 3) герман тілдері, 4) индия тілдері, 5) иран
тілдері деген сияқты т.б. топтарға бөлінеді. Осы топтардың
әрқайсысына енетін тілдердің де өзара жақындық дәрежесі әр
түрлі болады. Мысалы, бір ғана славян тобына жататын орыс
тілі мен чех тілінің жақындық, ұқсастык жақтары орыс, украин,
белорус тілдерінің өзара жақыңдық, ұқсастық жақтарына
қарағанда әлдеқайда алшағырақ.
Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген
дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай
салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған
байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл
жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына
қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан
бірігетін макрожанұяларға топтастырылады. ілдердің
туыстастығы, өз ара жақындық дәрежесі әр түрлі болады.
Туыстас тілдердің кейбіреулері бір-бірімен өз ара өте жақын да
болуы мүмкін. Мысалы, тілдердің индоевропа семьясына
көптеген тілдер, соның ішінде орыс, белорус, украин, поляк,
чех, болгар, неміс, француз, ағылшын, испан, фарсы, итальян,
швед және т.б. тілдер енеді. Бұл тілдердің барлығы да туыстас
тілдер. Алайда бұлардың бір-біріне жақындығы, олардың
грамматикалық құрылысы мен сөздік құрамының және
фонетикалық жүйесінің тұтастық және жақындық дәрежесі
біркелкі емес.
Тілдердің генеологиялық (туыстық) жіктелуі деген дүние жүзі
тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-
тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған
тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп
аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше
топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін
макрожанұяларға (топтар тармақтарына) топтастырылады.
Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына
бөлінеді:
Нострат тілдері.
4
1) Үндіевропа тілдеріне қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль,
маратхи), иран (иран, тәжік), роман (француз, испан, португал,
итальян, румын), славян (орыс, поляк, чех, словак, украин,
белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед,
норвег, галл), балтық (латыш, литван), грек, албан, келть,
армян, тіл жанұялары жатады. Сонымен бірге өлі тіл
жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан т.б.
енгізіледі.
2) Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит,
чад және бербер тілдері.
3) Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу, тамиль,
каннада, малаялам).
4) Орал тілдеріне фин-пермь (фин, эстон, мордва), угор (венгр,
ханты, мансы), самодий (ненец, эвен) тіл жанұялары жатады.
5) Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек,
ұйғыр, саха, қырғыз, тува, башқұрт), монғол (халха, қалмақ),
тунгус-манчур (манчжур, эвен, нанай) және жапон, корей
тілдері жатқызылады.
6) Чукот-камчатск тілдеріне чукот және камчат тіл жанұялары
жатады.
Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды.
Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір
сүрген нострат тілдерінен таралған деген болжам бар.
Олар Африканың солтүстігінен бастап, Еуразия құрлығына
өздерінен бұрын таралған палеоазиат тілдерін біртіндеп
ығыстырып, осы аймаққа қоныстанады.
Палеоазиат тілдері.
Келесі үлкен тіл жанұясы осы палеоазиат тілдері. Оған:
1) Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш)
2) Син-тибет (қытай, тибет)
3) Енисей (кет, юг)
4) На дене (аляска мен америкада таралған) тілдері жатады
Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай
бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы,
немесе салғастырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі
тұрғыдан келеді:
5
1.
Фонетикалық типология
2.
Синтаксистік типология.
3.
Морфологиялық типология
Алдымен фонетикалық типология жөнінде.
1.
Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып
бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерді сөздер дыбыстардан
құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады.
Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның
басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. Мысалы,
еуропалық тілдер дыбыс құрылысты, Қытай тілі буын
құрылысты. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар болады да,
әріптермен жазады, буын құрылысты тілдерде дыбыстар
болмайды, олар иероглифтермен жазады.
2.
Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы
тауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы
тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны. Яғни
сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы
тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің
мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде
сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды.
Мысалы ағылшынғ орыс, қазақ, араб тілдері.
3.
Синтаксистік типология бойынша дүние жүзі тілдері үш топқа
бөлінеді.
4.
6
Номинативті тілдер – бұндай тілдерде бастауыш негізгі (атау,
исходный) септігінде тұрады да баяндауышпен жақ бойынша
қиысады, баяндауыш немесе көмекші етістік соған сәйкес
жіктеледі
1.
Эргативті тілдерде етістіктің салт немесе сабақты болуына
қарай, белгілі бір септіктерді керек етуіне қарай бастауыштың
(субъектінің) тұлғасы өзгеріп отырады, ал толықтауыш осы
өзгерістерге керісінше басқа тұлғаларға орайласады. Яғни
олардың тұрақты тұлғасы болмайды, бұл тұлға етістіктің
қажетсінуіне байланысты.
2.
Посессив (пассив) тілдерде етістіктер актив және пассив болып
күрт қарсы қойылады да. Бастауыштың тұлғасы осыған
байланысты болып келеді.
2/Тілдердің топтастырылуы (таптастырылуы) — дүние
жүзіндегі тілдердің туыстық жақындығына және
грамматикалық құрылысындағы ұқсастықтарына қарай бөлінуі.
Бұл белгілеріне қарай дүние жүзіндегі тілдері типологиялық
(морфология) (қ. Тілдердің морфологиялық-типологиялық
топтастырылуы), генеалогиялық (туыстық) (қ. Тілдердің
генеалогиялық топтастырылуы) болып екі үлкен топқа
топтастырылады.
Тілдердің топтастырылуы орыс классификация языков —
зерттеу мақсатына сай ұқсас белгілеріне қарап әлемдік тілдерді
жіктеп топтастыру. Тілдердің топтастырылуы проблемасы
тілдерді салыстырып зерттеу нәтижесінде туған, оның екі түрі
бар: тілдердің генеалогиялық топтастырылуы және
типологиялық топтастырылуы. Бұлардың алғашқысы —
тілдердің туыстығына, кейінгісі — тілдердің формалдық және
семантикалық ұқсастығына негізделеді. Мақсаты жағынан
бұлар бір-біріне жақындамайды, бірақ принципі жағынан
байланысты болуы мүмкін. Мәселен, тілдердің генеалогиялық
топтастырылуы тек болжам түрінде болған жағдайда көбінесе
типологиялық белгілерге негізделеді. Ал олардың дербестігі
тілдердің генеалогиялық топтары анықталған жағдайда
7
типологиялық топтастырылу мүмкіндігінен байқалады.
Тілдердің топтастырылуынын аймақтық Тілдердің
топтастырылуы деп аталатын үшінші түрі бар, ол өз дербестігін
сақтағанымен, жоғарыдағы екі топтастырылудың аралығында
болып келеді. Аймақтық тілдердің топтастырылуында тілдердің
не диалектілердің түйісуіне байланысты тілдік белгілер
маңызды рөл атқарады. Тілдердің топтастырылуын
генетикалық тұрғыда қарастырғанда отбасы, топ, тарау т.б.
таксономиялық (туыстық жақындықты білдіретін)
категориялар; типологиялық тұрғыда — тип, класс; аймақтық
тұрғыда — аймақ, аудан, зона сияқты категориялар
пайдаланылады. Тілдер одағы аймақтық тілдердің
топтастырылуының ерекші түрі болып табылады, тек
генеалогиялық тілдердің топтастырылуында абсолюттік сипат
бар, себебі әрбір тіл тек белгілі бір генеалогиялық топқа кіреді,
ол өзгермейді. Типологиялық тілдердің топтастырылуы тіл
құрылымы тарихи өзгеріп отыратындықтан, қашанда қатыстық
(тұрақты емес) сипатта болады, ал аймақтық тілдердің
топтастырылуы неғұрлым тұрақты сипатта болып келеді.
Тілдердің топтастырылуы мәселелері 19 ғ.-дан бері зерттеле
бастады. Бұл саладағы алғашқы күрделі еңбектердің бірі — И.
К. Аделунгтың "Митридат" еңбегі, онда тілдердің
топтастырылуының үш түрі бірге қарастырылған. 20 ғ. орта
тұсынан бері тілдердің топтастырылуының әр түрінің
теориялық принциптері жиі талқылана бастады. Көптеген
тілдердің (Африка, Океания, Полинезия) генеалогиясы әлі
анықталған жоқ. Кейбір тілдердің туыстығы өте көне заманда
болғанына байланысты метагенеалогиялық топтастыру
(ностратикалық тілдер) мәселесі түрінде қарастырылуда.
Тілдердің морфологиялық-типологиялық топтастырылуы —
тілдердің құрылымдық ұқсастықтары мен
айырмашылықтарына қарай жіктелуі. Тілдер морфологиялық
тұрғыдан бірнеше типтерге бөлінеді.
1.
Аттлютинативті /флективті тип. Олардың негізгі белгілері:
Аттлютинативті тип: морфемалардың түйісуінде,
8
дәнекерлесуінде фонетик. сәйкестіктің болуы; грамматика
тұлғалар жағынан да түбірдің дыбыстық-фонетикика
құрылымының сақталуы; грамматикалық керсеткіштердің
біркелкілігі және бірқалыптылығы; септеу және жіктеу
жүйелерінің фонетикалық және семантикалық тұрғыдан
бірізділігі, әр басқа нұсқаларының болмауы және т.б. Флективті
тип: морфемапардың түйісуінде, дәнекерлесуінде фонетикалық
ерекшеліктердің болуы; грамматика мағынаны беру, жеткізу
процесінде түбірдің фонетик. өзгерістерге ұшырауы; әр түрлі
түбір сәздер топтары үшін грамматика керсеткіштердің бір
қалыпты еместігі, септеу және жіктеу жүйелерінің фонетик.
және семантикалық тұрғыдан әр алуандық; бірнеше мағына
бере алатын грамматика керсеткіштердің болуы және т. б.
2.
Аналитикалық/синтетикалық тип. Аналитикалық тип:
синтаксистік қатынастардың сөздердің орын тәртібі, көмекші
сөздер мен интонация арқылыберілуі. Синтетикалық тип:
синтаксистік қатынастардың атауыш сөздердің түрленуі
арқылыберілуі; бүндағы ең басты граммат. тәсілдер —
аффиксация және ішкі флексия.
3.
Даралаушы тип: сөз топтарының нысандық жіктерінің айқын
еместігі, сөздердің өзгеріп, түрлене бермейтіндігі. Бұл тип үшін
негізгі синтаксистік тәсіл—қабысу. Синтаксистік қатынастар
сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер және интонация
арқылыберіледі. Сөз тудырудың ең басты тәсілі ретінде сөз
біріктіру амалы қолданылады.
4.
Бірлестіріп жүйелеуші тип: етістік баяндауыштың құрамына
сабақты етістіктің сондай-ақ сейлемнің өзге де мүшелерінің
енгізілуі, етістіктің бір мезгілде екі немесе одан да көп сөйлем
мүшелерімен қиыса байланысуы
Достарыңызбен бөлісу: |