Тілді ауызша тіл мен жазба тілге бөлудің себебі неде?



бет3/8
Дата16.02.2022
өлшемі27,67 Kb.
#25660
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-тапсырма

Сана мен тіл. Жалпы психология санада пайда болған ұғым алдымен адам миына келіп түскен сигналдарды қабылдау арқылы түйсіктен басталып, елес, түсінік, ой, ұғымға ұласатынын көрсетеді. Сонда мұндағы ой адам санасы мен тіліне қарағанда кең ауқымды қамтитынын білдіреді. Ойлау сезімдік, абстрактілік формаға көбірек бейім болса, сана оның мазмұндық жағын алады. Бұл тұрғыда ойлау сөйлеуге, сана тілге жақын. Сана тіл арқылы жасалып, тілді қолдана отырып дамиды [3]. Ойлау мен сөйлеу жеке, сана мен тіл жалпы болатыны сондықтан. Әркім өзінше ойлап, өзінше сөйлеуі мүмкін, бірақ мұның бəрі жалпы тіл (ұлт тілі) мен жалпы сананы (ұлттық сана) құрайды. Сана – инвариант, ойлау вариант болатыны сияқты, тіл – инвариант, сөйлеу – вариант болады. Сана – бүкіл этностың, əлеуметтің ғасырлар бойы жасаған ой еңбегінің нəтижесі. Сол сананы жеке адам ойына көшіру тіл (сөйленім) арқылы жүзеге асады.

Ой мен жазу. Сонымен, тіл мен сана, сөйлеу мен ойлау арасындағы осындай пайымдауларды қорыта келіп, біз енді жазу жүйесінің доминаттылығымен байланысты адам ойы ауызша тілді делдалдамай-ақ, бірден жазба тілге айнала алатынына көз жеткізе бастаймыз. »Письменнный язык выступает сам как непосредственная действительность мысли, тем самым конституируя в глобальном процессе языкового общения вполне цельноданный вид коммуникации» [4, 13]. Әрине, мотив арқылы туған ойдың ішкі сөйлеуде предикаттық қатынасқа ұйымдасуы, одан əрі айтылымның логикалық құрылымының түзілуі жəне сыртқы тілдің синтаксистік құрылымына айналуында ауызша тілдің қызметі жоқ емес. Өйткені жазба мəтін алдымен ауызша айтылып, сосын қағазға түсіру əдісі көбірек қолданылады. Немесе бірнеше рет қайталанып, айтылып жүрген ой ғана өзінің ақикаттығына жеткенде жазуға түсуі мүмкін. Мысалы, ауызша түсіндіріліп келген оқымыстының дəрісі соңында барып, дəрістер жинағына, не оқу құралына айналатын кезі сирек емес. Бірақ Б. де Куртенэ айтқандай, сауаты жоқ адамның басында айту-есту елесі болса, сауатты адамның басында бұл елеспен қатар сөздердің графикалық кескіні мен оптикалық бейнесі қатар орналасып, соңғысы күштірек болады [5, 42]. Қазіргі адамның санасы сөз мағынасын оның қалай естілетініне қарамастан, графикалық портретін елестетіп барып түсінеді. Өйткені ондай əлеуметтің көбі тыңдағанға қарағанда көбірек оқиды, сөйлегеннен гөрі көбірек жазады. Л.С.Выготский: «Письменная речь – есть алгебра речи. Она вводит в самый высокий абстрактный план речи, перестраивая тем самым и прежде сложившуюся психическую систему устной речи» [6, 264] деген. Әрине, бұл өз ойын жазба жүйе арқылы шығаратын тіл тұтынушылар туралы екені белгілі.

ХІХ ғ. итальян ойшылы Жан-Жак Руссо: «санадағы ой сөйлеу арқылы жүзеге асады, ол сөздегі талдау (анализ) жазу арқылы жүзеге асады, сөз шартты таңбалар арқылы ойды сыртқа шығарады, ал жазу сөзді көрсетеді», – деген екен. Бұл логикалық пайымдау мен ауызша сөйлеу синтаксисі ұқсап жатса, АС-дағы осы логикалық құрылымды жүйелейтін, толымды, толыққанды грамматикалық құрылыммен беретін жазу дегені деп түсінеміз. Жүйесіз құбылысты жүйелейтін стандарт құрылымдармен беретін жазу дегені еді. Бұл оймен В. Гумбольдтың «Его наиболее общим значением является то, что оно фиксирует речь и этим делает возможным совсем иное размышление о ней, чем отзвучавщее слово, которое только находит место в памяти» [7] дегені жалғасып жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет