Тілді оқытып, Ҥйретудегі жаңашылдық Кҥзекова З. С., ф.ғ. д, профессор, практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі



жүктеу 214.16 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі214.16 Kb.

ТІЛДІ ОҚЫТЫП, ҤЙРЕТУДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ 

 

Кҥзекова З.С., ф.ғ.д, профессор, 

практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі 

 

     Жаңашылдық  туралы  сӛз  болғанда  оқытудың  жаңа  технологияларына 

тоқталмай  болмайды.  Оқыту  технологиясы  деген  термин    немесе 

педагогикалық  технология  мұғалім  жұмысы  (еңбекті  ғылыми  ұйымдастыру 

жолдары)  амалдарын  білдіру  үшін  қолданылады.Оқыту  технологиясы 

ұғымына      оқу  үрдісін  жетілдіруге  және  оны  ұйымдастыру  мен  сапасын 

кӛтеруге    байланысты  дидактиканың  негізгі  мәселелерінің  бәрі  жатады. 

Қазіргі  кезде  термин  мазмұнын  оқыту  технологиялары  және  оқытудағы 



технологиялар  құрайды.  Бірінші  термин  оқытушы  еңбегінің  ғылыми 

ұйымдастырылу  амалдарын  білдіреді.  Екінші  термин  мұғалімнің    оқыту 

үрдісінде оқытудың техникалық құралдарын пайдалануын  білдіреді. 

    Оқыту  технологиясының  маңызды  сипаттары:  а)  нәтижелілік  (  оқушы 

жетістігінің жоғары деңгейі), ә)үнемділік (кӛлемді оқу материалын меңгеруге 

аз  уақыт  жұмсау  ),  б)  эргономикалы  (  оқыту  ынтымақтастық  жағдайында 

ӛтеді,  шаршатпай,  тым  артық  жүктеме  берілмей,  жағымды  микроклимат 

туғыза  отырып,  жүргізіледі),  в)    пәнді  оқыту  барысындағы  жоғары 



мотивация        тіл  үйренушінің  сабаққа  қызығушылығын  арттырады,  жеке 

сапаларын жетілдіреді, мүмкіндіктерін ашады)  

    Тілді  оқытып  ҥйретудің  қазіргі  технологиялары:    ынтымақтастықта 

оқыту, жобалар әдісі (жобалық технологиялар), дистанциялық оқыту, сабақ 

үрдісінде  бастаманың  оқушыда  болуы,  тілдік  портфельді  пайдалану, 

тандем  әдіс  және  оқытудың  интенсивті  әдісі,  техникалық  құралдарды 

пайдалану (бірінші кезекте компьютерлік, аудиовизуалды технология).  

Аталған оқыту технологияларының кейбірін қарастырайық. 

     Ынтымақтастықта оқыту. Оқытудың бұл технологиясы сабақта топтағы 

оқушылардың  өзара  әрекетіне  негізделеді.Ӛзара  оқыту  идеясы  бойынша 

оқушылар  оқу  міндетін  шешу  үшін  жеке  жауапкершілікті  ғана  емес, 

ұжымдық жауапкершілікті  де ӛздеріне алады, бір біріне кӛмектеседі, әрбір 

оқушының  табысы  үшін  ұжым  болып,  бірлеседі  яғни  «оқушы  –  мұғалім  -  



топ жүйесінде ынтымақтастықта оқу жүзеге асады. 

    Ынтымақтастықта  оқыту  амалдары  ойын  тапсырмаларын  орындау 

барысында,  жағдаяттық  тапсырмаларды  орындау  барысында  кӛрінеді.  Тілді 

меңгерудің  маңызды  шарты    оқып  үйреніп  жатқан  тілінде  қатысым  жасау 

болып табылады. Біздің бақылауымызша  ынтымақтастықта оқыту дегеніміз  

қатысым  үрдісінде  оқушылардың  бір  -  бірін  оқытуы,  ынтымақтастықтағы 

мақсатты  жұмыс  оқушылардың  сабаққа  қызығушылығын  арттырады,  әрбір 

оқушының  сабақтағы  сӛйлеу  практикасының  уақытын  айтарлықтай 

ұзартады. 

Оқытудың  жобалық  технологиясы.  Оқытудың  бұл  технологиясын 

ынтымақтастықта  оқыту  тұжырымдамасының  дамуы  десе  болады. 

Сабақ  барысында  оқу  тобында  әлеуметтік  өзара  әрекетті  модельдеуге 



негізделген.  Оқушылар  әр  түрлі  әлеуметтік  рөлді  қабылдап,  шынайы  ӛзара 

әрекет  барысында  мәселелік  міндетті  орындауға  дайындалады.  Жобалық 

технологияның  танымалдылығы  мынада:    оқушы  орындайтын  жобалық 

тапсырма  тілді  меңгеру  үрдісін  белгілі  бір  пәндік  білімді  меңгерумен 

байланыстырады. Осылайша жобаны құру бағыты жеке білімдік ӛнім сияқты 

пәндік білімді меңгеру оқушы үшін  жеке ӛзі үшін маңызды, қызық болады.  



Жобалау  әдісі  оқушыға  қандай  да  бір  мәселені  шешуді  болжайды.  Оны 

шешу  үшін  оқушының  тек  қана  тілді  білуі  ғана  емес,    мәселені  шешу  үшін 

белгілі бір мӛлшерде қажетті, жеткілікті  пәндік білімі болуын да талап етеді. 

Жобалар  әдістемесін  жекелік  бағытты  дамытушы  технология  деп 

қорытындылауға болады. 

Тіл  практикасы  сабақтарында  оқушылар  дайындалатын  жобалардың 

мазмұны  мен  құрылымын  анықтайтын  жобалар  технологиясының    кейбір 

жалпы дидактикалық белгілері: 

1) жобадағы басым әрекет түрлері  - рӛлдік ойындар, ақпараттық, жоба – 

бағыттық; 

2) жобаның пәндік мазмұндық жағы: жеке жоба (бір қатысым аясындағы 

жағдаят немесе бір білім саласы бойынша және пәнаралық жоба); 

3) жобаны орындау кезіндегі әрекеттер координациясының сипаты; 

4) ж

обаны орындау сипаты:  жобаны орындау қызығушылығымен бірігетін оқу 



тобының

  

бірнеше мүшесі , барлық топ, оқу орнының оқушылары;



 

5) ж


обаны орындау

 

ұзақтығы: қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді. 



     Әрине,  жобалық  технология  дайындығы  жоғары,  дамыған  балаларға 

есептелген.  Мұндай  технологияны  орта  мектепте  оқытудың  профильденуі 

қарастырылған  жоғары  сыныптарында  пайдалануға  болады.Тілді  оқыту 

саласында  әдістемелік  әдебиеттерде  жобалардың  әр  түрлі  нұсқалары 

ұсынылады. Бұл рӛлдік ойындар жобасы болуы мүмкін (жағдаяттарды ойнау, 

мәтінді  драмалау),  ақпараттық  жобалар  (  ұсынылған  тақырыпқа  хабарлама 

дайындау),баспалық  жобалар(  қабырға  газетіне,  радио  хабарламаға 

материалдар дайындау), сенарийлік жобалар ( қызықты адамдармен кездесу), 

шығармашылық жұмыстар( шығарма, мәтінді аудару). 

     Біздің  зерттеп  бақылауымызда  оқушылардың  жас  ерекшелігін  қарай 

кӛбірек  қызығушылық  туғызатыны  рӛлдік  ойындар.Мұндай  жобаларда 

балалар  жоба  мазмұнындағы  рӛлдерді  ӛздері  қабылдайды.  Олар  жағдаятты 

ойнайды,  еліктейді.Мұндағы  шығармашылық  ӛте  жоғары,  бірақ  жетекші 

әрекет рӛлдік ойын болып табылады. 



Сабақ  ҥрдісінде  бастаманың  оқушыда  болуы.  Оқытудың  мұндай  түрі  

оқытудың  қазіргі  технологиясының  бір  нұсқасы  ретінде  шет  елдегі  орта 

мектептерде, жоғары мектептерде кеңінен тарады. Мұндай оқытудың негізі 

-  сабақ  ҥрдісінде  бастаманың  оқушының  өзіне  толықтай  берілуі. 

Дидактикалық  тұрғыдан  қарағанда,    бұл  технология  сабақтың  ерекше 

ұйымдастырылуы  нәтижесінде,  оқушы  мен  педагог  арасында  әріптестік 

қатынас  құру  -    оқушының  жеке  потенциалының  толықтай  ашылуына 

мүмкіндік береді. Бұл бағыттың дәстүрлі технологиядан айырмашылығы бар. 

Мұнда мұғалім бағдарламалық материалмен қамтамасыз етуші , оқу үрдісінің 


басты  тұлғасы,  білік  дағдыны  қалыптастырушы  және  олардың  меңгерілуін 

сұрақтар арқылы бақылаушы.Оқытудың мұндай технологиясында оқушының 

жеке  ерекшеліктерінің  ашылуына  жағдай  жасайтын  педагог  пен  оқушы 

арасында  әріптестік  қатынас  негізінде    үйренетін  тілінде  сӛйлеу,  қатысым 

жасау  тиімдірек.  Аталған  технологияның  оқыту  мақсаты  оқушының 

оқытуда автономдығы, яғни оқушы қалай оқыған жақсы -  оны өзі білуі 

тиіс.  Осы  мақсатпен  ол  тілді  меңгеру  стратегияларын  таңдайды,  оны 

оқытуда  пайдалануға  тырысады.  Осындай  стратегиялардың  кейбірі 

мынадай: 

1)  өз  оқуыңды  ұйымдастыр;    2)  шығармашылық  қабілетіңді  көрсет; 

3) өз қатеңнен ҥйрен;  4) сенімсіздікті жеңе біл; 5) жеке мҥмкіндіктеріңді 

көрсет;      6) контексттерді пайдалан. 

Дистанциялық  оқыту.    Оқыту  үрдісін  ұйымдастырудың  бұл  нысаны 

қашықтан  оқытуда  компьютерлік  телекоммуникациялық  жҥйені 

пайдалануды  қарастырады.  Оқушы  берілген  тапсырманы  ӛз  бетінше 

орындайды,  оқытушы  оны  жеке  кездескенде  тексереді  немесе  электронды 

пошта арқылы тексереді. Қашықтықтан оқытудың басты ерекшелігі  мұғалім 

– оқушы телекоммуникациялық қатысымы, оқушы мен оқытушы арасындағы 

интерактивтілік. Қазіргі кезде қашықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі 

нұсқалары  бар.  Мұндай  оқыту  интернет  жүйесіндегі  әлемдік  мәдени 

құндылықтарды,  білім  берудегі  құндылықтарды  пайдалануға  мүмкіндік 

береді. Мектептердің кӛпшілігі компьютерленген кезде  дистанциялық оқыту 

қазіргі технологиялар жүйесінде оқытудың ілгерілеген түрі деп қарастыруға 

болады. 

Тандем - әдіс.  Оқытудың бұл әдісі әр тҥрлі тілдегі екі әріптестің тілді өз 

бетінше  оқуы.  Тандемнің  мақсаты  ӛз  әріптесінің  туған  тілін  шынайы 

қатысым жағдаятында меңгеру, оның жеке басымен танысу, үйренетін елдің 

мәдениетімен  танысу,  сондай  ақ  қызығатын  білім  саласы  бойынша  ақпарат 

алу. Тандем әдістің табиғаты екі жақтылық және жекелік  ұстанымы арқылы 

ашылады. 

1992  –  19994  жылдары  Интернетте  халықаралық  тандем  жүйесін  құру 

бойынша  жұмыстар  басталды.  Оның  мақсаты    -    интернет  кӛмегімен  ӛзара 

оқу үрдісінде тандем әріптестердің виртуалды қатысымын ұйымдастыру. 

     Виртуалды  қатысымның  ӛзіндік  ерекшелігі  бар:  1)  қатысымның 

мүмкіндігі  мен  шекарасы  әлемдік  деңгейде  кеңейеді,  тандем  -    әріптесті 

әлемнің барлық елдерінен табуға болады;2) екі әріптес те қатысым үрдісінде 

қажетті  ақпаратты  алу  үшін,  түп  нұсқа  материалдарды  пайдалану  үшін 

қолайлы  ӛзінің  үйреншікті  кеңістігінде  болады;  3)  қатысым  жазбаша  түрде 

болады  (  E  –  Mail),  жазбаша  сӛйлеу  білік  дағдысының  жетілуіне  мүмкіндік 

береді.4)  оқыту  жазбаша  мәтін  негізінде    хат  пен  хабар  түрінде  болады, 

олардың  кӛмегімен  әріптестің  сӛйлеу  модельдерін  меңгереді;5)  ақпараттар 

алмасу  барысында  жазбаша  мәтінді  түсіну  біліктілігі  жетіледі;  6)  әріптес 

хатының  қателерін  түзеу  ӛзінің  және  ӛзгенің  қателерін  табуға,  талдауға 

үйретеді. 


    Тандем  әдіс  бойынша  жинақталған  әдіс  мынадай  қорытындыға 

әкеледі: 

1.

 



Қазіргі  оқыту  технологиясының  болашағы  бар  нұсқасы  ретінде  осы 

әдістің  кӛмегімен  үнемі  электронды  хат  алмасу  нәтижесінде  жазбаша 

сӛйлеудің  білік  дағдысы  жетіледі,  электронды  хат  жазу  дағдысы 

қалыптасады. 

2.

 

Оқып, үйреніп жүрген тілдің білім жүйесі кеңейеді. 



3.

 

Мәтіннен ӛзінің және басқаның қатесін іздеу және түзеу қалыптасады. 



4.

 

елтаным білімі және білу ӛрісі қалыптасады. 



5.

 

Интернет жүйесімен және компьютермен жұмыс істеу білімі жетіледі. 



Осылайша  тандем  әдісі  арқылы  басқа  тілді  ӛзара  оқу  -    ӛзге  тілдегі 

қатысымды жетілдірудің тиімді амалы болып табылады.  



Тілдік  портфель  -  тілді  оқытып  ҥйретудің  құралы.  Тіл  үйренушінің 

ӛнімді әрекетін дамытуды қамтамсыз ететін  тілдік портфель оқытудың жаңа 

технологиялық  құралы  болып  табылады.    Тілдік  портфельді  оқушының 

тілді  меңгеруі  бойынша  нәтижесін  білдіретін  жұмыс  материалының 

пакеті  деп анықтауға болады.  Пакеттегі осындай материалдар жиынтығы 

оқушының  жетістігін  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Портфель    -  оқушының 

тілді меңгеру үрдісіндегі оны меңгеру деңгейіндегі жетістігінің инструменті 

ретіндегі  оңтайлы технологиялық құрал. Тілдік портфельді пайдалану тілдік 

білім берудегі тілді оқыту ұғымын тілді және мәдениетті меңгеру ұғымымен 

яғни  оқушының  ӛз  бетінше  оқу  әрекетімен    алмастыра  алады.  Тілдік 

портфель оқушының тілді меңгеру жетістігін айқындайтын  ӛзін ӛзі бағалауы 

арқылы кӛрінетін осы үрдістің ӛзгеше «айнасы» ретінде қарастырылады. 

Тілді  меңгеру  жетістігіне  бір  реттік  баға  беретін  стандартты  тестілерден 

айырмашылығы  тілдік  портфель  оқушы  мен  оқытушыға  тілді  меңгеру 

деңгейінің  динамикасын  бақылауға  мүмкіндік  береді  сондай  -  ақ  тіл 

үйренушінің  ӛзінің  тілдік  дамуының    ӛмірбаянын    кӛрсетеді.  Тілдік 

портфельді  дайындаушылардың  пікірінше,  тілдік  портфель  ӛз  бетінше 

жұмыс  істеу  кезінде,  ӛзін  ӛзі  бағалау  кезінде    оқушының  «  ӛзіне  үңілуіне», 

ӛзінің  қабілетін,  біліктілігін  тіл  мен  мәдениетті  үйренудегі  прогресін  оқу 

әрекетіндегі шынайы нәтижесін  тануға мүмкіндік береді. 



Тіл  сабақтары  бойынша  портфельдің  әр  тҥрлі  типтері  пайда  болды. 

(Еуропалық 

тілдік 

портфель, 



1997). 

Ғалымдардың 

пікірінше, 

демонстрациялық  портфель,  үйрететін  портфель  орта  және  жоғары 

мектептерде    кеңінен  таралуы  ықтимал.  Біріншісінің  мазмұны  белгілі  бір 

уақыт  кезеңінде  тіл  үйренушілердің  ӛз  бетінше  жұмыстарының  үлгілерін 

құрайды.  Осындай  портфель  кӛмегімен  тіл  үйренуші  жұмысқа 

қабылдағандағы  интервью  барысында,  оқуға  түскендегі  әңгімелесу  кезінде 

оқып  үйреніп  жүрген  тілді  пайдаланғандағы  ӛзінің  жетістіктерін  кӛрсете 

алады.  Екінші  портфельдің  мазмұны  оқушылардың  ӛз  бетінше  жұмысы 

бойынша материалдар мен ұсыныстардан тұрады. Осындай материалдардың 

кӛмегімен  тіл  үйренуші  ӛз  бетінше  немесе  оқытушы  кӛмегімен  тілді 

меңгеруін  жетілдіре  алады.    Үйретуші  портфель  құрылымында  тілді 

меңгеруді  бағалау  мен  ӛз  бетінше  диагностика  жасаудың  құралдары  кіреді. 



Мұндай  портфельдің    негізгі  функциясы  педагогикалық,  тіл  үйренушінің 

басқа  мәдениетті,  тілді  ӛз  бетінше  үйренуге  дайындығы  мен  қабілетін 

дамытуға құрылған. 

Жоғарыда  аталған  портфельде  түрі  Еуропа  Кеңесі  аясында  алғаш  рет 

жасалды.  Еуропалық  тілдік  портфель  негізінде  портфельдің  ұлттық 

нұсқалары  кейбір  елдерде  жасалды.  Онда  ұлттық  мәдени,  оқу  дәстүрлері 

ескерілген.  Еуропалық  тілдік  портфель  негізінде  Ресей  ұлттық  портфельі 

дайындалды.  Портфель  материалдары  ӛз  бетінше  оқу  әрекетінің  үрдісінде 

тілді меңгеру құралы ретінде, осындай меңгеруді бағалау құралы ретінде кең 

қолданылуы мүмкін. 



Сонымен  қорыта  келгенде,  Тілдік  портфель  дегеніміз  -    Сіздің  жеке 

яғни  оқушының  тілдік  құзіретін  бағалауға  мҥмкіндік  беретін  жеке 

құжат.  Бұл  құжатта:  а)тілді  меңгерудің  жалпы  құзіреті  негізінде 

жазылған  тілдік  білік  дағдылары,  мәдениаралық  қатысым  иәжірибесі, 

тілік білімі туралы мәліметтер көрсетілген тілдік паспорт. 

б) тілдік өмірбаяны

в)  тілді  оқу  саласындағы  сіздің  жетістіктеріңізді  растайтын 

құжаттар. 

Тілдік  өмірбаянда  оқушының  тілді  меңгеру  деңгейі  бағаланатын, 

нақтыланатын  параметрлер  беріледі.Тілдік  өмірбаянда  оқушы  өз 

деңгейін өзін бағалау кестесі бойынша анықтайды. 

Қазақ  тілі  оқу  құралдары  кӛбейді.  Саннан  сапаға    кӛшетін    кез  келді. 

Кӛпшілігінің 

мазмұнында 

концентрлік 

бағыт, 


грамматиканың 

функционалдығы  ескерілмей  келеді.  Бұл  күндері  деңгейлік  оқыту 

құралдарында  да  құрылымдық  грамматика  қай  кезеңде  қандай  бағытта 

берілуі  тиіс,  орта,  ортадан  жоғары  деңгейде  грамматика  қалай  берілуі  тиіс 

деген мәселе оқытудың күн тәртібінде тұр деген ойдамыз. 

Біздің  тілдік  портфельімізде  осы  мәселелер  басым  бағытпен  

қарастырылғаны дұрыс.  

   


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 

1. Европалық тілдік портфель, 1997 



2. Т. Г. Новикова, М.А. Пинская., Портфолио в зарубежной образовательной 

практике. 



 

 

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Қ атыстық сын есімдердің лексикалық тіркесімділігі
123456789 -> Бегімбай К. М. Дизайн және бейнелеу өнері салаларына
123456789 -> СҮттің Қоректік сапасы және сүттегі микроорганизмдер
123456789 -> Қазақ халқының ою-өрнектерінің Қолданылуы
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы
123456789 -> Қр президенттік мәдениет орталығының кіші ғылыми қызметкері
123456789 -> Адам қҰҚЫҚтары жүйесіндегі білім алу қҰҚЫҒЫ
123456789 -> Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды
123456789 -> Г.Қ. аЙҚынбаева оҚуШылаРДыҢ беЙІнДІк ҚабІлетІн аныҚтауДа психологиялыҚ- пеДагогикалыҚ ӘДІс-тӘсІлДерді қолДануДыҢ еРекШелІктеРІ
123456789 -> Артыкбаев Ж. О. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» Жаратылыс құпиялары туралы жыр


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет