«Құсбегілікті бала күнімнен армандайтынмын. Жас
күнімде аңға тазылармен шығып жүрдім. 49 жасымнан бастап
құ
сбегілік өнердің қызығына біржола құладым. Бұл ертеден
бергі асқақ арманым еді» - дейді қарт құсбегі.
Тілекең құсбегілік өнерге үлкен дайындықпен келген. Өмір
бойы осы киелі кәсіпті зерттеп, зерделеп, әбден кемелденген
шағында ұстады. Мұнысы - атакәсіп, салт-дәстүрге атүсті
қ
арамағандығы. Бойына жүре бітті дейтіндей, жүрдім-бардым
қ
арайтын жырынды кәсіп емес. Құдай қасиет бермесе. қыран
түгілі, қорадағы бес ешкіні баға алмай қ а ң ғ ы п кетесің. Әкесі
бүркітші болса бір сәрі. Ендеше, Тілекеңдікі - бойына Тәңір
көктен түсірген талант. Қанға сіңген қасиет.
1943 жылы Шет ауданындағы Қазығұрт тауының
бауырында дүниеге келген сәбидің құсбегі болуына туған
жердің таулы өлкесі де әсер етсе керек. Мектепті Ш е т
ауданының орталығында оқып жүріп, Ақсу-Аюлыдан 28
шақырым қашықтықтағы әке-шешесіне жаяу-жалпылы,
шаңғымен қатынап тұрған. Әсіресе, қыстың күндері. Құз-
жақпары қым-қуыт Бұғылының сілемдері. Қайсар жігіттің қиял
құ
сы қыран болып кезбегеніне кім кепіл қияларды. Бүркітші
«Қызылтаудың етегіндегі қыстауда отырғанда әкей: «анау
Құ
стастың қиясында бүркіттің ұясы бар» деуші еді. Бірнеше
жылдар өткен соң, ер жете келе барып қарасам, шынында
солай екен» деп есіне алады бала күндерін. Сол бала қиял
бара-бара асқақ арманға, ұлы мұратқа айналды. Ақыры
салбурында құс салып, ырғақта қыран тербетті. Дегеніне
жетті. Қазақтың құсбегілік өнерін әлемге танытты. Әңгімені
әріден тарқатайық.
Тілекең 1966 жылы Қарағанды политехникалық
институтын (жары Бәтимамен бірге) құрылысшы мамандығы
бойынша бітіріп, қызметті Шет ауданының ауыл шаруашылығы
басқармасының құрылыс бөлімінде инженерліктен бастайды.
Осы лауазымнан облыстық партия комитетінің құрылыс
бөлімінде нұсқаушы, одан кейін партияның шешімімен
облыстық қауіпсіздік комитеті қызметіне тағайындалды.
Міндетін мүлтіксіз атқаратын Тілеуқабылды 25 жылғы
қ
ызметтен соң, әскери тәртіппен, 1991 жылы зейнеткерлікке
жібереді. Қайраты қайтпаған қажырлы жан қарап жатпады.
Іле туған аулына барып, жер алып, «Азат» шаруа қожалығын
ашты. Үкіметтен тыс қ о ғ а м д ы қ қауымдастық қ о р құрды.
Ғаламдық экологиялық қордың шағын гранттар үлестіретін
бағдарламасына қатысып, сол кездің өзінде күн мен
желден тоқ көзін алатын құрылғыға ие болды. Атап айтар
жақсылығы сол, аталмыш құрылғыны өзімен қатар екі бірдей
шаруа қожалығына орнаттырып берді. Біз «ЕХРО - 2017»
көрмесіне орай енді ғана қ о л ғ а алып жатқан жобаларды бұл
кісі әу баста-ақ кәдеге жаратып үлгірген. Сондай-ақ, шаруа
қ
ожалықтары үшін тиімді тәсіл екенін айтып, жоба жасап,
жоғары ж а қ қ а дабыл қ а қ қ а н болатын. Абырой болғанда, бұл
бастама елімізде шешімін алдағы уақытта таппақ.
Бүркітшінің елге еткен еңбегі бұл ғана ма? 1992-
1997 жылдар аралығында Шет ауданындағы Алтынсарин
және Горький мектептерінде озат оқушыларға стипендия
тағайындалды. Тағайындаушы тағы да Тілеуқабыл. Аузынан
жырып, қалтасынан қағып жүріп жасаған жақсылығы
оқушыларға. Бұл әрекеті «Тойғанынан қалғанын берсе
Алашқа» деген Абай мұратына барып саяры сөзсіз.
Қаjет. - Қарағанды, 2014. - №2. - 6-7 б.
Қ
ызметтен қ о л босап, зейнеткерлікке шығысымен Тілекең
шаруа қожалығымен қатар, құсбегілікпен айналысты. Оған
дейін Шет ауданы былай тұрсын, күллі Қарағанды облысы
бабадан қалған ұлы өнерді ұмыта бастаған. Құс салуды
жеке кәсіп қылмай, жалпыға таныту мақсатында 1995 жылы
бірінші, 98 жылы екінші республикалық салбурын өткізді.
Онда Алматы, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарынан және
Германия, Аустрия, Венгрия сияқты шетелдерден құсбегілер
келді. Соңы ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты.
Содан бері құсбегі маңына салбурыншыл шәкірттер топтасты.
Саятшылықтан суи бастаған ел құс салуға қайта құмартты.
Қ
азір Қарағанды облысында жүрген бүркітшілердің бәрі осы
Тілекеңнің шекпенінен шыққан шәкірттері. Құсбегі қалада
тұрғанымен, шәкірттері әлі күнге келіп-кетіп жүреді. Бүркіті - сол
ізбасарларының қолында.
1999 жылы Аустрияның Зальцбруг қаласының Верхень
қ
амалында өткен бүркітшілер шоуына Қазақстаннан жеті
адам барыпты. Арасындағы екі бүркітшінің бірі - Тілеуқабыл.
Сондағы бүркітшілер орталығында тұрған мұражайдың бір
бөлмесін қазақы құсбегілік қолтаңбамен жабдықтап кеткенін
айтады Тілекең. Сондай-ақ, бұл кісінің қолтаңбасы Астанадағы
Президент Мәдениет орталығында да тұр. Онда құсбегілерге
тиесілі бөлімнің жәдігерлерін өз қолымен безендірген екен.
Қ
арағанды, Жезқазған қалалары мен Ш е т ауданындағы
мұражайға да осы кісі қойған құсбегі әбзелдерін.
Биыл бүркітшінің отбасында екі бірдей елеулі мереке.
Біреуі - ерлі-зайыптылардың Тілеуқабыл ата мен Бәтима апаның
жетпіс жылдық мерейтойы болса, екіншісі - қосағымен қоса
ағарғандарына елу жыл. Қазір ардақты ата мен әзіз әже төрт
баладан он немере, екі шөбере сүйіп отырған жайы бар. Әулеті
рулы елге айналған шаңыраққа бұдан асқан қандай бақыт
болсын?!
Жәнібек ӘЛИМАН