Тілеубаев шамек баянҧЛЫ


Диссертациялық  жҧмыстың  деректік  негізін



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата03.03.2017
өлшемі0,96 Mb.
#6206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Диссертациялық  жҧмыстың  деректік  негізін 
мынадай  бірнеше  топқа 
жіктеуге болады: ресми билік орындарына тән іс құжаттары, ӛңірдегі отарлық 
жүйе  шенеуніктердің  жазбалары  мен  талдаулары,  баспасӛз  және  статистика 
материалдары.  Аталған  деректік  материалдардың  басым  бӛлігі,  әрине,  билік 
орындарына  тән  іс  құжаттары.  Олар  шыққан  кӛзі  және  сипаты  бойынша 
әртүрлі. Ал оны талдауға алуда Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік 
мұрағаты  (ҚР  ОММ),  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  мұрағаты  (ҚР 
ПМ),  және  Ӛзбекстан  Республикасы  Орталық  Мемлекеттік  мұрағаты  (Ӛзб. 
ОММ)  қорларында  сақталған  құжаттық  материалдардың  маңызы  ерекше.  Бұл 
топтағы  құжаттық  деректер  XIX  ғ.  екінші  жартысы  мен  XX  ғ.  бас  кезіндегі 
Түркістан  ӛлкесі  мен  Жетісудағы  1916  жылғы  кӛтерілістің  тарихын  белгілі 
дәрежеде ашып кӛрсетуге мүмкіндік береді. 

 
 
15 
Беретін  мәлеметтерінің  молдығы  және  маңыздылығы  жағынан  ҚР  ОММ 
қорларының орны ерекше. Бұл мұрағаттағы «Жетісу облыстық басқармасы» (И-
44  қор),  «Дала  генерал  —  губернаторынын  кеңсесі»      (64  қор),        «Уақытша 
үкіметтің  Сырдария  облысындағы  комиссары.  Б.П.  Тризнаның  жеке  қоры. 
(1884-1920)» (№ 380 қор), «Верный округтік сотының тергеушісі» (№ 797 қор), 
«Верный  округтік  соты  прокурорының  кӛмекшісі»  (№  818  қор),  «Верный 
округтік  сотының  прокуроры»  (№  76  қор),  «Верный  округтік  соты 
прокурорының кӛмекшісі» (№ 818 қор), «Уақытша үкіметтің Жетісу облыстық 
комиссары  қоры»  (№  9  қор),  «Жетісу  облыстық қоныс  аудару  басқармасының 
меңгерушісі» (№ 19 қор). 
Сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  мұрағатында 
орынды  атап  ӛткеніміз жӛн.  Мұндағы  «Жетісу  губерниялық комитеті»  (№  666 
қор),  «Қазақстан  компартиясы  Орталық  Комитетінің  саяси  зерттеулер 
институты» (№ 811 қор), «БКП(б) Қазақ Ӛлкелік партия комитеті» (№ 141 қор) 
қорлардың материалдары маңызды болып табылады.  
Сондай-ақ,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Қауіпсіздік  Комитетінің 
мұрағатының  «Сотталып  ақталғандар  (Реабилитированных  осужденных)» 
қорында  (  №  6  қор)  сақталған  деректер  құндылығымен  ерекшеленеді.  Бұл 
мұрағатта репрессияланған ұлт зиялыларына қатысты тергеу материалдарында 
патшалық отарлық билік тұсындағы қазақ даласында қалыптасқан жағдайларға 
байланысты мәселелер туралы маңызды мәліметтер бар. 
Ресей  мемлекеттік  әлеуметтік-саяси  тарих  мұрағатының  материалдары 
ӛзінің  ерекшелігімен  сипатталады  –  «КОКП  ОК  жанындағы  марксизма-
ленинизма  институты»  (№  71  қор),  «Ресей  коммунистік  партиясының  Орта 
Азия бюросы» (№ 51 қор). 
Ресей  Федерациясының  мемлекеттік  мұрағаты  тарихи  материалдарға  бай 
әрі  құндылығымен  ерекшеленеді.  «Ішкі  істер  министрлігінің  Бұратана  бӛлімі» 
(№ 1701 қор).  
Қырғыз    Республикасының  Орталық  мемлекеттік  мұрағаты  ӛзіндік 
материалдарның  топтамасымен  сипатталады.  «Мировые  судьи  Пржевальск 
уезінің 3 бӛлімшесі 1908-1918 жж.» (№ 34 қор). 
Біз  зерттеп  отырған  тақырып  бойынша  деректік  материалдарының 
құндылығы  жағынан  Ӛзбекстан  Республикасы  Орталық  Мемлекеттік 
мұрағатының  орнында  дұрыс  айта  кету  керек.  Бұл  мекемедегі  Түркістан 
генерал-губернаторының кеңсесі (№ 1 қор), Түркістан аудандық бақылау бӛлімі 
(№  461  қор),  қорларындағы  деректік  құжаттар  патшалық  биліктің  Жетісу 
облысындағы әкімшілік-басқару қызметінен ғана емес, сонымен бірге оның жер 
және  әлеуметтік  саясатынан,  жергілікті  халықтың  арасынан  шыққан  тарихи 
тұлғаларға қатысты ұстанымдарынан аса маңызды фактілік материалдар береді. 
Түркістан Орталық Атқару Комитеті (№ Р-17қор) 1916 жылғы кӛтерілістен соң 
босқыншылыққа  ұшыраған  Жетісудағы  қазақ  пен  қырғыздарға  байланысты, 
оларды  тарихи  отанына  қайтарудағы  Түрк.  ОАК-нің  қызметі  туралы  тың 
мәліметтер берумен құнды болып табылады.   

 
 
16 
Аталған  қорлардағы  құжаттық  деректер  сондай-ақ  жергілікті  халықтың 
отарлаушы  биліктің  шараларына  қарсылығын 
түрлі  қырынан 
ашып  кӛрсетуге, 
сондай-ақ  ӛлкедегі  халықтың  әлеуметтік-экономикалық,  саяси,  рухани  ӛмірі 
жайында  мол  мәліметтер  беріп,  мәселені  тереңірек  түсінуге,  босқын  қазақ-
қырғыздардың жағдайымен кеңірек танысуға мүмкіндік туғызады. 
Сонымен қатар біз қарастырып отырған мәселеге байланысты осы уақытқа 
дейін  жарық  кӛрген  құжаттар  мен  материалдардың  ғылыми  жинақтарының 
маңызы зор екендігін айта кетуіміз керек.  
Түркістан  тарихынан  құнды  еңбектер  жазған  ғалым  П.Г.  Галузоның 
редакциясымен  1932  жылы      Ф.  Божко  және  С.  Волин  даярлаған  «Восстание 
1916 года в Средней Азии» атты құжаттар жинағы жарық кӛрді. Онда кӛтеріліс 
туралы  құнды  деректер  жинақталған,  оның  ішінде  Түркістандағы  1916  жылғы 
мәселелерімен 
танысып 
қайтқан 
Керенский 
бастаған 
комиссияның 
қорытындыларын  талқылаған  ҮІ  Ресей  мемлекеттік  думасының  13-15 
желтоқсандағы  отырысының  стенограммалық  материалдары  енгізілген.  Т. 
Рысқұлов  алғысӛзін  жазып,  редакциясын  басқаруымен  Л.В.  Лесной  жинақтап 
1937 жылы «Восстание  1916  года  в  Киргизстане» деп аталатын құжаттар мен 
материалдар  жинағы  жарық  шықты.  Бұл  жинақта  Түркістан  ӛлкесіндегі,  оның 
ішінде Жетісудағы 1916 жылғы мәселелерді жан-жақты ашып кӛрсететін құнды 
құжаттар  топтастырылған.  Әсіресе  отаршыл  әкімшіліктің  кӛтерілісті  басып-
жаншу әрекеттеріне қатысты құнды деректер берілген. 
1947    жылы    Ф.Н.  Киреев    пен    Ш.Я.  Шафироның    құрастыруымен   
«Восстание  1916  года  в  Казахстане»  деген атпен құжаттар мен материалдар  
жинағы  жарық    кӛрді.    Онда    Жетісу  мен  Торғай  ӛңіріндегі  кӛтеріліс  туралы 
деректер,  патша      әкімшілік    орындарының    жазбалары,    рапорттары,  
оқиғаларға    қатысқан    куәгерлердің    мәліметтері    іріктеліп алынып  кӛтерілісті  
әр  жақты сипатта кӛрсетеді. 
1960 жылы Мәскеуден «Востание 1916 года в Средней Азии и Казахстане» 
деген  құжаттар  жинағы  жарық  кӛрді.  Жинаққа  Орта  Азия  мен  қазақстандағы 
1916 жылғы кӛтеріліс мәселелерін әр қырынан қамтитын  түрлі деректер енген. 
Дегенменде  бұл  жинаққа  таптық  ұстанымды  айқын  кӛрсететін  материалдар 
іріктеліп  берілгені  байқалады.  Соған  қарамастан  аталған  жинақтар  мәселенің 
деректік қорын кеңейте түседі.  
1991  жылы  бір  топ  тарихшы-ғалымдар  мен  мұрағат  қызметкерлерінің  
құрастыруымен    «Қарақара    айбаты»    атты    құжаттар    мен    материалдар  
жинағы    шықты.    Бұл    ғылыми  жинаққа    тарихшы-ғалым,  академик    Кеңес  
Нұрпейісовтың      «Азаттық    үшін    айқасқан»    деген    кӛлемді    мақаласы  
енгізілген.  Сонымен  қатар  Сәуле Боранбаеваның  «Қарқара  кӛтерілісі» деген  
мақаласы  енген.  Оған  қоса  кӛтеріліс  туралы  тың тарихи  деректер,  кӛтеріліс  
куәгерінің    естеліктері,    кӛтеріліс    кезінде    туған    тарихи    ӛлең-жырлар  
енгізілген.  
1998 жылы   академик М. Қозыбаевтың редакциясымен 2 томнан тұратын 
«Қаһарлы  1916  жыл»  атты  құжаттар  мен  материалдар  жинағы  жарық  кӛріп, 
оның  1-ші  томына  мәселені  кең  түрде  сипаттап  кӛрсететін  тың  деректер 

 
 
17 
енгізіліп,  2-ші  томына  қазақ  даласының  әр  облыстарындағы      1916  жылғы 
кӛтерілісті баяндайтын куәгерлердің естеліктері қамтылған. 
2004–2008 
жылдары 
профессор 
М. 
Қойгелдиевтің 
жауапты 
редакторлығымен  ұлт  зиялыларының  1916  жылғы  кӛтеріліс  тұсындағы  және 
одан  кейінгі  қызметтерін  жан-жақты  ашып  кӛрсететін  «Алаш  қозғалысы»  деп 
аталатын  құжаттар  мен  материалдар  жинағы  жарық  кӛріп,  мәселенің  деректік 
қорын  кеңейте  түсті.    Мұнда  берілген  мәліметтер  1916  кӛтеріліс  мәселелерін, 
зиялы  қауым  ӛкілдерінің  қызмтін  жаңаша  тұрғыдан  баяндауға  мол  мүмкіндік 
береді. 
Қазақстанда  іске  асырылып  жатқан  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік 
бағдарламасы  аясында  2007–2008  жылдары  «Қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысы» 
сериясы бойынша «Жетісу – Ыстықкӛл қасіреті (1916 – 1920 жж.), «Орта Азия 
–  Қазақстан:  1916  жыл»,  «Жетісу.  1916  жыл»,  «Байзак  Мамбетулы  и  его 
современники»  атты  құжаттар  мен  материалдар  жинағы  біз  қарастырып 
отырған  проблеманың  деректік  қорын  бұрындары  белгісіз  болып  келген    тың 
тарихи мәліметтермен толықтырып танымды тереңдете түседі.   
Зерттеу жҧмысының методологиялық негіздері.  
Маркстік-лениндік  методология  негізін  қалаған  кеңестік  тарихнамада 
тұсында Ресей империясының ӛзінің отар аймақтарындағы саясатын прогрестік  
құбылыс 
ретінде қарастырылғаны белгілі. Ал ресей отаршылдығына наразылық 
кӛрсетіп 
қарсы  шыққан  күрестердің ұлт-азаттық  сипаты  бір жақты  бағаланып, 
олардың  жетекшілері  күні  ӛткен 
феодалдық 
қатынастарды 
жақтаған 
қорғаушылар 
есебінде 
кӛрсетіліп, 
ұлт 
зиялыларының 
қайраткерлігі 
«буржуазияшыл-ұлтшылдардың»  қызметі  ретінде  айыпталып,    шиеленіскен 
ұлтаралық  қатынастар  туралы  мүлде  айтуға  тиым  салынып,  орыс 
пролетариатының  революциялық  қозғалыстардағы  «жетекшілік»  ролін  асыра 
бағалайтын пікір  қалыптастырылды.  Империяның жүргізген отарлық саясатын
 
ақтауды  кӛздейтін  бұл  методологиялық  әдістің 
күні  ӛтті  деп  есептейміз.  Біз 
диссертациялық зерттеуімізде отарлық билік жүйесінің 
Жетісудағы қазақ және 
қырғыздарға  қатысты  жүргізген  озбыр  саясатын  әшкерелеп,  туысқан  екі 
халықтың отаршылдық езгіге қарсы күресін 
талдауға алып,
 
отарлауға ұ
шыраған 
халықтар мүддесі тұрғысынан 
ұлт- азаттық кӛтеріліс ретінде баға береміз.  
 
Аталған  тақырыптағы  диссертациялық  жұмысымыздың  методологиялық 
негізін  бүгінгі  таңдағы  тарих  ғылымының  қалыптастырған  жаңа  кӛзқарастағы 
ғылыми  ой-пікірлері  мен  тұжырымдары  құрайды.  Осы  жаңа  бағыттардың 
нәтижесінде  Жетісудағы  қазақ  және  қырғыз  халықтарының  1916  жылғы  ұлт-
азаттық кӛтерілісінің тарихын зерттеу әлемдік  ӛркениеттік ұстанымдағы, жаңа 
саяси  тарих,  күнделіктілік,  тарихилық,  тарихи-мәдени  тұжырымдамаларының 
шеңберінде жүргізілді.  
Жұмысты  зерттеу  барысында  талдау,  синтездеу,  салыстырмалы-тарихи 
және  баяндау  әдістері  пайдаланылды.  Бұл  әдістердің  негізінде  жасалынған 
тұжырымдар  мен  қорытындыларды  баяндауда  ӛзара  логикалық  үйлесімде 
болуын назарда ұстадық.  
Зерттеу жҧмысының мақсаты мен міндеттері.  

 
 
18 
Қорғауға  ҧ
сынылып  отырған  диссертациялық  зерттеудің  мақсаты  тарихи 
деректік  материалдар
  негізінде  Жетісу  облысындағы  қазақ  және  қырғыз 
халықтарының  1916  жылы  ұлт-азаттық  кӛтеріліске  шығуының  әлеуметтік-
экономикалық,  саяси-рухани  себептерін,  кӛтерілістің  басталуы  мен  барысын, 
отаршыл  жүйе  тарапынан  кӛтерілісті  қатыгездікпен  басып-жаншылуы, 
репрессиялық  шараларға  шыдамаған  кӛтерілісші  халықтың  босқыншылыққа 
ұшырап кӛршілес жатқан Қытай жеріне ауа кӛшуі, қос империяның қыспағына 
түскен  босқындарды  тарихи  Отанына  қайтарып  атамекеніне  орналастырудағы 
отарлық биліктің саясатын, қазақ-қырғыз қайраткерлерінің кӛтеріліс тұсындағы 
және  тағдыр  тауқыметін  тартқан    қазақ-қырғызды  құтқарудағы  кӛрсеткен 
қайраткерлігін   
ғылыми  талдауға  алу.  Жетісудағы  қазақ  және  қырғыз 
халықтарының  1916  жылғы  ұлт-азаттық  кӛтерілісін  мұрағат  құжаттары  мен 
материалдарын,  кӛтерілісті  кӛзімен  кӛрген  куәгерлердің  естеліктері  дерек 
ретінде ғылыми айналымға тартып, сондай-ақ осы уақытқа дейін жарық кӛрген 
ғылыми зерттеу еңбектерге сүйене отырып оны тарихи объективтілік тұрғыдан 
талдап ашып кӛрсету диссертациялық жұмыста басты мақсатқа  қойылды. Осы 
айтылған  ойымызға  қарай  тӛмендегідей  міндеттерді  шешу  қажеттігі 
туындайды: 
-Жетісудағы  қазақ  және  қырғыз  халықтарының  1916  жылы  кӛтеріліске 
шығуының негізгі себептері мен нәтижесін айқындау; 
-
 
қазақ  пен  қырғыз  халықтарының  1916  жылы  кӛтеріліске  шығуындағы 
отаршыл жүйенің орнын анықтау; 
-
 
Жетісудағы  1916  жылғы  қазақ-қырғыз  кӛтерілісінің  барысы  мен 
салдарын кӛрсету; 
-
 
ұлт  зиялыларының  1916  жылғы  кӛтеріліс  тұсындағы  ұстанымы  мен 
қызметін айқындау; 
-
 
қазақ  және  қырғыз  халықтарының  Ресей  империясының  отаршылдық 
саясатына  қарсылық  кӛрсетудегі  әрекеттерін  тарихи  деректер  бойынша 
баяндау; 
-
 
қазақ-қырғыз 
зиялыларының 
1916 
жылғы 
кӛтерілістен 
соң 
босқыншылыққа  ұшыраған  кӛтерілісшілерге  кӛмек  кӛрсетудегі  еңбегін  жаңа 
кӛзқарас тұрғысынан талдау; 
-
 
кӛтеріліс тұсындағы ұлтаралық қатынас мәселелеріне кӛңіл бӛлу; 
-
 
кӛтеріліске  шығып  репрессияға  ұшыраған  қазақ-қырғыз  халықтарын  
атамекеніне орналастырудағы отаршыл жүйенің ұстанымына талдау жасау; 
-
 
зиялы  қауым  ӛкілдерінің  қазақ-қырғыз  босқындарын  тарихи  Отанына 
қайтарудағы қызметін ғылыми обьективті тұрғыдан талдау.  
Зерттеу жҧмысының нысаны –
 
1916 жыл Жетісу халықтарының билікке 
қарсы кӛтерілісі, оның ерекшеліктері мен талдауға алынбаған мәселелері. 
Зерттеу 
жҧмысының 
пәні 
– 
Жетісу 
территориялық-әкімшілік 
құрамындағы  халықтың  1916  жылғы  ұлт-азаттық  кӛтерілісін  тұтас  тарихи 
құбылыс ретінде қарастырып, оны  жаңа методологиялық ұстаным тұрғысынан 
ғылыми талдауға алу. 

 
 
19 
Зерттеу  жҧмысының  хронологиялық  шегі.  1916  жылы  Жетісу  ӛңірінде 
орын  алған  саяси  билікке  қарсы  халық  қозғалысына  қатысты  оқиғаларды 
қамтиды.  Бұл  ретте,  әрине,  кӛтерілістің  алғышарттары  мен  салдарын, 
қорытындыларын  ашып  кӛрсету  үшін  ХХ  ғасырдың  басындағы,  сондай-ақ 
кӛтерілістен  кейінгі  мезгілде  қоғам  ӛміріндегі  түрлі  үрдістерге  үңілуге  тура 
келгендігін атап ӛткен жӛн.   
Зерттеу  жҧмысының  ғылыми  жаңалығы.  1916  жылғы  Жетісудағы 
кӛтеріліс жӛнінде бұрын да зерттеу жұмыстары жазылған. Дегенменде, кеңестік 
кезеңде  идеологиялық  себептерге  байланысты  біраз  деректік  материалдар 
ғылыми  айналымға  тартылмады.  Бұған  қосымша  кӛтеріліске  қатысты  кейбір 
оқиғалар  мен  процестерді  түсіндіруде  методологиялық  шектеулік  орын  алды. 
Міне  осы  тұрғыдан  келгенде  зерттеу  жұмысының  мынадай  жаңалықтарын 
бӛліп атауға болады: 
-  Жетісу  облысына  қарасты  тұтас  бір  кеңістікте,  сондай-ақ  ӛзара  тығыз 
байланыста  ӛмір  сүрген  туыс  қазақ  және  қырғыз  халықтарының  отаршыл 
билікке қарсы қарулы кӛтерілісі алғаш рет тұтас күйінде қарастырылды;  
-  ӛңірдегі  кӛтерілістің  шығуына  негіз  болған  ешқандайда  шетелдік 
агентураның үгіт-насихат қызметі емес, кезінде К.К. Пален сияқты сенаторлық 
ревизияның  жасаған  тұжырымдарында  дәл  басып  кӛрсетілгендей  патшалық 
биліктің  жергілікті  халықтардың  құқын  аяқ  асты  еткен  тойымсыз,  ашқарақ 
саясаты болғандығы жан-жақты негізделеді;   
-  Кеңестік  тарихнама  Жетісудағы  1916  жылғы  кӛтерілісті  басым  түрде 
әлеуметтік-таптық  құбылыс  ретінде  бағалады,  диссертациялық  зерттеуде  бұл 
қозғалыстың  шын  мәнінде  ұлтаралық  қақтығысқа  ұласқандығы,  оның  мұндай 
мазмұн  алуы  патшалық  биліктің  халықтарды  ӛзара  қарсы  қою  саясатының 
салдары екендігі баяндалады; 
- халықтардың бас кӛтеруін ұтымды пайдаланып қалуды кӛздеген отаршыл 
биліктің  Жетісу  ӛңірінде  орыс  автономиясын  құру  әрекеті  нақты  әрі  тың 
фактілер  негізінде  алғаш  рет  айтылады  (автономия  құру  жобасы  қосымша 
ретінде берілген); 
-  кӛтеріліс  тұсында  және  одан  кейінгі  кезеңдегі  қазақ  және  қырғыз  саяси 
қайраткерлерінің  елді  сақтап  қалуға  бағытталған  жанкешті  әрекеті,  олардың 
тұлғалық сипаты талдауға алынды; 
Қорғауға  ҧсынылатын  негізгі  тҧжырымдар.
 
Жетісудағы  қазақ  және 
қырғыз  халықтарының  1916  жылғы  ұлт-азаттық  кӛтерілісін  зерттеу 
нәтижесінде қорғауға мынандай тұжырымдар ұсынылады: 
-  1916  жылғы  Жетісудағы  кӛтерілістің  негізінде  отаршыл  биліктің 
жергілікті халықтың мүддесіне мүлдем қайшы келетін әділетсіз саясаты жатты, 
сондай-ақ  кӛтеріліс  ресейлік  басқару  жүйесінің  терең  дағдарысқа 
ұшырағандығын айғақтады; 
- 1916 жылғы 25 маусым жарлығына қарсылық ретінде басталған оқиғалар 
ағымы жергілікті  халықтың ӛз бостандығы және теңдігі  үшін шешуші күреске 
даяр екендігін аңғартты; 

 
 
20 
- 1916 жылы кӛтеріліс барысында отаршыл билікке тәуелді халықтар ӛзара 
ынтымақтастық  ұстанымын  нақты  әрекеттері  арқылы  танытты;  ортақ 
міндеттерді анықтау мақсатында қазақ-қырғыз жасақтары ӛз күштерін біріктіру 
әрекетіне кӛшті; 
-  азаттық  үшін  кӛтеріліс  тұсында  және  оны  басу  барысында  билік 
орындары,  реакциялық  элементтер  басым  күшке  сүйеніп  жергілікті  халықтың 
мал-мүлкін  талан-таражға  салды,  оның  тұрмысы  мен  шарушылығына  зор 
күйзеліске ұшыратты;  
-  кӛтеріліс  тұсындағы  қазақ-қырғыз  басқарушы  тобының  қызметі  кӛрші 
халықтар  тарихындағы  түрлі  кезеңдерде  байқалған  отаншылдық  рух-жігердің 
кезекті кӛрінісі болды; 
Зерттеудің  теориялық және қолданыстық  маңызы.  
Диссертациялық  зерттеу  жұмысы  Отандық  тарихнаманы  1916  жылғы 
кӛтеріліске  байланысты  жаңа  да  тың  тұжырымдармен  толықтыра  түседі. 
Зерттеу  жұмысының  нәтижелерін жоғары  оқу  орындарында  Қазақстан  тарихы 
пәні  бойынша    жүргізілетін  элективті  курстар  мен  семинар  сабақтарын 
ӛткізуде,  «Орталық  Азия  халықтарының  ұлт-азаттық  қозғалысы  тарихынан» 
т.б.,  арнайы  курстар  жүргізу  үшін  пайдалануға,  оқулық,  оқу  құралдары,  оқу-
әдістемелік кешендер даярлауға кеңінен қолдануға  болады.  
Сонымен  бірге  зерттеу  жұмысының  тұжырымдарын  1916  жылғы  ұлт-
азаттық  кӛтерілістің  тарихын,  жер  мәселесін,  ұлт  зиялыларының  қызметін 
зерттеуге  арналған  ғылыми  еңбектерінде  пайдалануға  болады.  Сондай-ақ 
жасалған  тұжырымдар  түркі  халықтарының,  оның  ішінде  туысқан  қазақ  пен 
қырғыз халықтарының тарихын жаңаша жазуда септігін тигізеді деген ойдамыз. 
Зерттеу жҧмысының сыннан ӛтуі.
  
Диссертациялық  жұмыстың  негізгі  нәтижелері  мен  қорытындылары 
халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  материалдарында,  Қазақстан 
Республикасы    Білім  және  ғылым  министрлігі  Білім  және  ғылым  саласындағы 
бақылау  комитеті  ұсынысымен  тізімге  енген  басылымдарда  мақала  жарық 
кӛрді.  Сонымен қатар басқа да ғылыми басылымдарда мақалалар жарияланды. 
Зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес құжаттар мен материалдардың ғылыми 
жинағы  ретінде  Қазақстанда  іске  асырылып  жатқан  «Мәдени  мұра» 
мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  «Қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысы»  сериясы 
бойынша 3 кітап (2-і авторлық бірлікте, 1-і жеке), «Алаш қозғалысы» сериясы 
бойынша  1  кітап  (авторлық  бірлікте)  және  Қырғыз  Республикасы  Жоғарғы 
Кеңесі  депутаттарының  тапсырысымен  (авторлық  бірлікте)  1  кітап  жарық 
кӛрді.  
Диссертация  қолжазбасы  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 
университетінің 
Магистратура 
және 
PhD 
докторантура 
институты 
Гуманитарлық 
мамандықтар 
кафедрасының 
кеңейтілген 
мәжілісінде  
талқыланып, қорғауға ұсынылды. 
Диссертацияның  қҧрылымы.  Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге 
байланысты    диссертациялық  жұмыстың  құрылымы  кіріспеден,  3  тарау  және 
қорытынды мен пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.  

 
 
21 
 

КӚТЕРІЛІСТІҢ  АЛҒЫШАРТТАРЫ.  ТАРИХИ  ДЕРЕКТЕР 
КӚТЕРІЛІСТІҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ҦЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӚНІНДЕ 
 
1.1 
Жаңа  тарихи  деректер  кӛтерілістің  саяси,  әлеуметтік- 
экономикалық және мәдени-рухани алғы шарттары жӛнінде 
Біз    қарастырып    отырған    мәселе    Жетісу    аумағында    болғандықтан  
алдымен  кӛтерілістің  шығуының  алғы  шартына  негіз  қалаған,    осы    ӛлкенің  
кӛтеріліс    қарсаңындағы    саяси    және    әлеуметтік-экономикалық,  мәдени-
рухани  мәселелеріне  тоқталып    ӛткен    жӛн  деп  ойлаймыз.    Ресей    империясы  
жаулап алғанға  дейін  Жетісу  ӛлкесінің  үлкен  бӛлігінде қазақтар тұратын,  ал,  
оңтүстік  бӛлігінде Тәңіртауы  (Тянь–Шань)  етектерінің  Ыстықкӛлге  түйісетін  
жерлерінде  және  Шу  мен   Талас  ӛзендерінің  жоғарғы  ағысында бауырлас 
халық қырғыздар  мекендеді. Ресей  жаулап  алғаннан  кейін  Жетісудағы қазақ 
және  қырғыз  халықтары    бірдей  отарлық  езгіге    түсті.    Жетісу    жеріндегі    ӛз  
билігін  күшейту  үшін  патша  үкіметі  бұл  ӛлкеге  әскер  кіргізіп  Сергиополь,  
Қапал,  Лепсі    сияқты    бекіністер    сала    бастады.    1854    жылы    кӛне    Алматы 
қаласының  жанына  Верный  бекінісі   салынып,  онда  Сібір  казак-орыстары  
мен    орыс    шаруалары    қоныстанды.    1860  жылы    генерал    Колпаковскийдің  
басқаруымен    орыс    әскерлері    Ұзынағаш    маңындағы    қоқандықтарды  
талқандады.  Қоқандықтар  жағында  орыс  әскеріне  қарсы  қазақ  және  қырғыз 
жасақтарыда  ерлікпен  шайқасты.  Бірақ  бақайшағына  дейін  қаруланған  жүйелі 
әскерге  тӛтеп  беру  мүмкін  болмады.  Орыстар  1862  жылы  Пішпектегі    Қоқан  
бекінісін    талқандап,  солтүстік    қырғыз    тайпаларын    Ресей    ӛздеріне  
бағындырды.    Қоқан    хандығы    жойылған    соң    1876  жылы    Жетісудың  
оңтүстік    аудандары    Ресейдің    толық    отарына    айналдырылды.  1867-1868 
жылдары 
жүргізілген  реформалардың  барысында 
қазақтар  мен  қырғыздар 
Ресей  империясының  мемлекеттік  басқару 
жүйесіне 
ену  үрдісі  аяқталды. 
Осыдан  соң  қазақ  пен  қырғыздың  қоғамдық  ӛміріндегі  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан табиғи да тарихи  үрдістері үзіліп, 
оның 
орнына империялық жаңа 
үрдістер 
қалыптас
а  бастады. 
Мұндай  құбылыс 
отарлық  қанауға  түскен 
халықтардың  жағдайына  тән  болса  керек

Ӛзге  елдерге  үстемдік  құрған 
империя  ӛңірдегі  табиғи  байлықтарды  қазақ  пен  қырғыздың  әлеуметтік-
экономикалық  дамуына  емес,  керісінше  империяның  экономикасын  дамытуға 
мүмкіндіктер  жасады.  Сонымен  қатар  отарлық  басқару  жүйесі  екі  халықтың 
ұлттық ұю процесінің 
аяқталуына емес, 
керісінше рулық-жүздік алауыздықтың 
тереңдеп  шиеленісуіне 
түсуіне  мүдделі  болып, 
отарындағы  жергілікті 
халықтарды  ортағасырлық  мешеулік  шеңгелінде  ұзақ  уақыт  ұстауға 
күш 
жұмсады

1867 жылы 
орныққан 
бұл
 отарлық 
мемлекеттік басқару жүйесі 1917 жылға 
дейінгі 
аралықта  ӛзін 
классикалық  түрдегі 
отарлаушы 
билік 
ретінде 
кӛрсетті. 
Оны  тарихи 
деректерден  хабары  бар 
адамдар  жақсы  білсе  керек.  Бірақ, 
соған 
қарамастан 
осы  мемлекеттік  жүйені  отарлаушы  емес, 
керісінше 
ӛзге 
халықтардың  жағдайын  жасаған  «жарылқаушы»  жүйе  болды 
деп  кӛрсететін 

 
 
22 
авторлар 
да  бар.  оған  мысал  терінде, 
Ресейдің 
қазіргі  кездегі 
жоғары 
оқу 
орындарындағы студенттеріне 
арналған 
«Новейшая 
история отечества. 
XX 
век» 
атты 
оқулығында  «…Ресейде 
империялық 
теңдік 
принципі 
болды», 
мемлекеттің  мойнына  түскен  барлық 
ауыртпалықты 
«…шын  мәнінде 
орыс 
халқы  ӛз  мойнына  алды»  деп  баяндайтын  тарихи  шындыққа  сәйкес 
келмейтін 
тұжырымдар  айтылған 
[45]
.  Егер  шынымен  де  Ресей  отарындағы  халықтарды 
«жарылқаушы»,  халықтардың  «теңдігін»  дұрыс  ұстаған  болса  біз  қарастырып 
отырған  1916  жылғы  азаттық  кӛтерілісте,  оған  дейінгі  наразылықтар  шықпаса 
керек еді. Ал оның шығуына негіз қалаған, қол астындағы халықтарды қанауға 
бағытталып құрылған  осы әділетсіз отарлық билік жүйесі болатын. 
Патша ӛкіметінің Түркістан ӛлкесін 
жаулап алып, ондағы басқару 
жүйесін 
империя 
мүддесіне  сәйкес 
құруы, 
орыс  қоныс 
аударушыларына  құнарлы 
жерлерді  тартып  әперуі, 
рухани  отарлауы 
міндетті  түрде  халық  наразылығын 
туғызбай  қоймайтын. 
Сондықтан  да 
Түркістан
 
ӛлкесін
 
отарлау  процесі
 
барысында
  патша  ӛкіметі  – 
жергілікті  халық 
тарапынан 
«бүліктің»  шығуы 
мүмкін  екендігін 
ескере  отырып,  ондағы  әскери-полициялық  тәртібін 
нығайта 
түсу 
жолындағы 
шараларын 
жүзеге асырып, ӛзінің ӛлкедегі 
саяси билігін 
ұстап 
тұруға 
бар 
күш-жігерін жұмсап 
бақты. 
1867  жылы    Жетісу    облысында  отарлық  жүйенің  әкімшілігі  құрылып  
орталығы    Верный    болады    да,    ол  Түркістан    генерал-губернаторлығына  
қарады.  1882  жылы    Жетісу    облысы    Далалық    ӛлке    құрамына    еніп,  1897 
жылы    қайтадан    Түркістан    генерал-губернаторлығына    беріледі.    Жетісу  
облысы кӛлемі  3 335 250  шаршы  шақырымдық  кең  ауқымды  алып  жатты. 
[45, 22 б.].
 
1897 жылғы  бүкілресейлік  алғашқы санақтың  мәліметі  бойынша  
Жетісуда    987  863  адам    тұрды.      Ал    оның    80,46  пайызын  794  815  адам  
қазақтар  мен  қырғыздар  құрады [46].
 
 
1867 
жылғы 
«Түркістан  ӛлкесін 
басқару 
туралы 
Уақытша  Ереже» 
қабылданған 
соң  қалыптасқан 
саяси 
билікке, 
отарлық 
бұғауға  қарсы 
Жетісу 
ӛңіріндегі  алғашқы  наразылық  1868  жылы  кӛктемде  кӛрініс  берді. 
Жетісу 
облысы 
әскери-губернаторының 
1868 жылы орталық 
билік 
орындарына 
берген 
есебінде  келтірілген  мәліметтерге  қарағанда,  бүл 
наразылықтың  шығуына  осы 
жылы  кӛктемде 
Бұхар 
әмірлігіне  қарсы 
орыс  әскерлерінің 
жүргізген  соғыс 
қимылдары 
түрткі 
болған.  Халық 
наразылығы 
барысында  облыстағы  қазақгар 
мен  қырғыздар  бірлесе 
отырып,  отарлық 
билік  жүйесіне  ашық  қыр  кӛрсетуге 
дейін  барған. 
Қапал 
және 
Ыстық 
кӛл  (Пржевальск)  уездеріндегі  халық 
толкуларын 
басу 
үшін 
арнайы  әскер  бӛлімі  аттандырылды. 
Қырғыз  манапы 
Осман 
бастаған  топтың  Тоқмақга  уез  басқармасына  жасаған  шабуылы  әскер 
күшімен тойтарылған. 
Стихиялы 
түрде болған толқу 
кӛп 
ұзамай басылған соң, 
жергілікті 
әкімшілік 
"бүлікті" 
шығарушыларды 
іздестіріп,  кінәлілерді 
жазалауды қолға алды [47].  
Орыстардың 
ӛлкедегі 
үстемдігіне 
наразылықтың ӛрістей 
түскендігіне 
1898 
жылғы 
Әндіжан 
кӛтерілісі дәлел бола алады. 
Ӛлкедегі 
дәстүрлі басқару жүйесін 
қалпына келтіруді кӛксеген Мәдәлі 
шаһ 
бастаған кӛтерілісшілер 1898 жылы 18 
мамырда  Әндіжан  бекінісіндегі  орыс 
гарнизонына 
шабуыл  жасап,  18  орыс 

 
 
23 
солдатын  ӛлтіріп,  22-сін  жарадар  етті.  Мәдәлі  шаһтың  бүл  әрекеті  сәтсіз 
аяқталса да, Ферғана және оған іргелес аудандарда отаршылдық қысымға қарсы 
азаттық  күресінің  ӛршуіне  ықпал  етті.  Сырдария  және  Жетісу  облысы 
қазақтары  кӛтеріліске  ниеттестік  танытқан  [48].
 
Әндіжан  кӛтерілісі  күшпен 
басылған  соң  кӛтеріліске  қатысқан  20  адам  дарға  асу  жазасына  кесіліп,  343 
адам  абақтыға  жабылды  [49].
 
Кӛтерілісшілерді  қатаң  жазалау  генерал-
губернатор  Духовскийдің  жіті  бақылауымен  жүрді.  Духовский  жӛнінде 
М.Шоқай 
былай  деп  орынды  жазған    болатын:      «1898    жылғы    Әндіжан  
кӛтерілісінен  кейін  бүкіл Әндіжандағы ғұлама, дін басыларды мешітке 
жинап, 
ӛзінің аяғына 
жығып, 
тағзым етуге 
мәжбүрлеген. Аса қадірменді ғұламалардың 
біразының 
сәждеге 
қойған  басын  желкесінен  басып  ӛткен 
де 
осы  Духовский. 
Бұл  қорлықты  түркістандықтар  ұмыта 
қоймаған 
шығар» 
[50].
 
Генерал 
Духовскийдің 
тікелей 
тапсырмасы  бойынша 
Әндіжан 
кӛтерілісіне 
ӛлкедегі 
басқа  облыстарда  қолдаушылық 
танытқандарды 
іздестіру  қолға  алынды. 
Осыған  орай  Жетісу 
облысында  да 
"бүлікшілерді  қолдаушыларды"  табу 
науқаны  басталып 
кетті.  Мұндай  адамдарды      табу     
мақсатында      жандарм   
мекемелері     
қазақгар      мен  қырғыздардың  саяси  белсенді  азаматтарының 
арасына  ӛз 
тыңшыларын  жіберіп 
жатты. 
Осындай  іздестіру  барысында 
жергілікті 
әкімшілік 
орындарының  кӛзіне 
іліккендердің  бірі  Нарындағы 
гарнизонда 
қызметте 
жүрген 
штабс  капитан 
Ноғайбай 
Жетпісбаев 
болды. 
Тыңшылардың  жеткізген 
мәліметтеріне 
қарағанда, 
Н.Жетпісбаев  Әндіжан 
кӛтерілісі 
күшпен 
басылғаннан  кейін  орыстармен 
салқын 
араласып, 
"біз 
сендерге  әлі 
кӛрсетеміз, 
Жетісуда 
15 
жылдан  кейін 
бірде-бір 
орыс  қалмайды" 
деп  жиі 
айтатын 
болған. 
Н.Жетпісбаев 
тыңшылардың 
жеткізген 
осындай 
мәліметі  бойынша  "бүлікшілдікті  қоздырушы"  адам  ретінде  айыпталып,  оның 
үстіне қылмыстық 
іс қозғалды [51].
 
 
1898 
жылы 
18 
қарашада 
Верный 
уезінің азаматы 
Шаяхмет Мустафин 
деген 
қазақтың  үстінен 
дәл  осындай  қылмыстық  іс 
қозғалды.  Ш.Мустафин 
Михайловка селосына 
келіп, орыстармен 
әңгімелесу 
барысында "мұсылмандар 
әлі  сендерге  ӛздерінің  кім 
екендігін  кӛрсетеді" 
деген 
сӛзі  үшін 
жауыпқа 
тартылды  [52].
 
Верный  уезінің  София  станицасында 
казактарға  жалданып 
жұмыс 
істеп  жүрген  Ж.Медетбекев,  Д.Есіркепов 
және 
Д.Игіліков 
деген 
азаматтар 
Әндіжан 
кӛтерілісі  туралы  әңгіме  құрғандары  үшін  кӛтеріліске 
қолдаушылық 
танытушылар 
ретінде айыпталып, олардың 
үстінен 
қылмыстық іс 
қозғалды 
[53].
 
Осылайша  отаршыл  әкімшілік 
халық 
наразылығын 
ауыздықтауды мақсат 
тұтып сан 
қилы 
әрекеттерге 
барды. 
Әндіжан  кӛтерілісінен  кейін 
патша  ӛкіметі  ӛлкедегі  әскери-
полициялық 
тәртіптің 
басты 
тірегі  санаған  орыс 
шаруаларын  қаруландыруды  қолға  алды. 
Орыс  шаруаларын 
қаруландыру  мәселесін 
алғаш  кӛтерген  Сырдария 
облысының 
әскери-губернаторы Гродеков 
болатын. 1891 
жылы 
15  қыркүйекте 
Соғыс 
министріне  жолдаған 
ұсынысында 
орыс 
шаруаларын 
қаруландыру 
арқылы  ӛлкедегі 
әскердің  санын 
қысқартуға 
болатынын 
айтып,  мұндай 
қаруландыру  нәтижесінде  «әрбір  орыс 
қонысы 
әскери  батольонға  пара-пар 
келеді»
 
деген пікірін 
білдірген болатын [54].
 
 

 
 
24 
Гродековтың  орыс  қоныс 
аударушыларын  қаруландыру  туралы 
ұсынысы 
орталық  билік  орындарында  пікірталас  туғызған  еді. 
Пікірталас 
барысында 
үкімет  тарапынан  таратылып  берілген  қаруды
  орыс 
шаруалары  қалай 
қолданады,  қаруланған 
шаруалар 
ӛкіметке 
қауіп 
тӛндірмей  ме  деген  мәселе 
кӛтерілді.  Осыған 
қарамастан 
қоныс 
аударушыларды  қаруландыру 
туралы 
ұсыныс 
қолдау тапты. 
«Орыс 
қоныстарын  қаруландыру  туралы»  заң  жобасы 
1891 
жылы 
29 
қарашада 
Министрлер  Кеңесінде 
қабылданып,  патша  тарапынан  бекітілді. 
Мұның  артынша  қоныс 
аударушыларға  таратылып  берілген  қаруды 
айырбастауға,  сыйға  тартуға  және  түземдіктерге  сатуға  қатаң 
тиым  салған 
арнайы 
"Ереже"  қабылданды.  "Ережеге"  сәйкес  қару  алған 
әрбір 
қоныс 
аударушы 
ӛкімет  ӛкіліне 
"мен  бұл  қаруды  түземдіктерге  сатпаймын. 
Жай 
да 
бермеймін" деп қолхат беруге тиіс болды [55].
 
 
Орыс 
шаруаларын 
қаруландыру керек 
деген шешім қабылданғанымен, оны 
жүзеге 
асыру 
Әндіжан 
кӛтерілісінен 
соң  іле-
шала 
қолға  алынып,  1898 
жылы 
Сырдария  облысындағы  орыс 
қоныстарына 
1134  винтовка, 
Жетісу 
облысына 
3000 
винтовка таратылды. 
Жетісу 
облысында таратылған 
винтовканың 
1000-ы 
казактардың, 2000-ы орыс шаруаларының үлесіне тиген-ді [56].
 
 
Түркістан 
ӛлкесіндегі 
орыс 
қоныстарын  қаруландыру  ісі  бұдан 
кейінгі 
кезеңде  де  жалғасын  тапты. 
1911 
жылы 
26  қаңтарда  Жетісу 
облыстық әскери-
губернаторы  уез  басшыларына  құпия 
түрде 
нұсқау 
хат 
жолдап,  онда  орыс 
қоныстарындағы  әрбір  8 
үйге 
бір  винтовкадан  келетіндей  етіп  қару  таратуды 
қолға алуды  талап еткен болатын. 
Осы 
кезде уез басшыларының қарауындағы 
қоймаларда 7257 винтовка, 412 089 ок-дәрі (патрон) сақталып түрған еді. 
Оның 
ішінде 
Верный 
уезінде  2223,  Қапал  уезінде  441, 
Лепсі 
уезінде 
1161,  Жаркент 
уезінде 
119 винтовка 
болды [57].  
Жетісу 
облысы 
ӛскери  губернаторы 
жоғарыда  айтылған  нұсқау 
хатында 
уез  басшыларына 
қаруды  таратып 
болған  соң  орыс  қоныстарында  қарулы 
жасақгар 
құруды 
да  ұйымдастыруды  тапсырған  еді.  Әскери-губернатордың 
нұсқауы 
бойынша  мұндай  қарулы 
жасақтың 
міндетіне 
қоныстардағы 
тәртіпті 
сақтау,  тӛңіректегі  қазақ-
қырғыздардың 
кӛңіл-күйін  қадағалау,  бүлік  бола 
қалған  жағдайда 
қоныстарды 
қорғап,  бүлікшілдерге  тосқауыл  қою  жүктелді 
[58].
 
 
1914-1915 
жылдары  соғыс  майданында  қарудың  жетіспеуіне  байланысты 
кезінде 
Түркістан 
ӛлкесінде  орыс  қоныстарында  таратылып  берілген  қаруды 
жиып 
алу мәселесі кӛтерілген болатын. 
Алайда 
жергілікті билік орындарының 
ӛтініш білдіруіне орай 
Түркістан 
ӛлкесіндегі орыс қоныстарынан қару жиналып 
алынбайтын  болды. 
Бұл 
жӛнінде  Соғыс 
Министрі 
жергілікті  билік 
орындарының 
ӛтініштерін 
ескере  отырып,  Министрлер 
Кеңесі 
тӛрағасы  атына 
жолдаған  қатынас  хатында:  "Таратылып  берілген  қарулардың  кейбір 
түрлері 
соғыс  майдандарына  аса  қажет  емес.  Ресейдің  азиялық  бӛлігіндегі  кейбір 
аудандар 
үшін 
саяси  мәнге  ие.  Сондықтан 
Түркістан 
ӛлкесіндегі  орыс 
шаруаларына  таратылып  берілген 
қаруларды 
жинастырып 
алудың 
қажеттігі 
жоқ 
деп санаймын,"-
деп 
жазған-ды [59].
  

 
 
25 
Отарлық 
билік 
орындары  орыс 
қоныс  аударушыларын  қаруландырумен 
қатар  жергілікті  халықтарды 
қарусыздандыру  саясатын  жүргізеді. 
1891  жылы 
27 
қарашада  жергілікті  халықгарға 
оқпен 
атылатын  қару  үстауға 
тиым 
салған 
бұйрыққа  Түркістан  генерал-губернаторы  қол  қойды. 
Осы  бұйрық 
негізінде 
облыстық және  уездік әкімшілік 
жанынан 
жергілікті 
халықтың 
қолынан оқпен 
атылатын 
қаруды 
жинастырып 
алу 
үшін  арнайы  топ 
құрылды  [60].
 
Мақсат 
жергілікті  халықты  қарусыздандыра  отырып,  оның 
отарлық  билік  орындарыа 
қарсылық кӛрсету мүмкіндігін барынша әлсірете 
түсу 
болатын. 
XIX-
шы  ғасырдың  соңына  қарай 
Түркістан 
ӛлкесіндегі  отарлық  билік 
орындарының  халық  наразылығын  басып  жаншуына  1881 
жылы  14 
тамызда 
патша  бекіткен  "Мемлекеттік 
тәртіп 
пен  қоғамдық  тыныштықгы  сақтау 
шаралары  туралы  Ереже"  кең 
жол  ашып  берген-
ді.  "Ережеге"  сәйкес  генерал-
губернатор  ӛзінің  қарамағындағы  территорияның  кез-келген  жерінде 
"күшейтілген" 
және 
"тӛтенше"  жағдай  жариялау  құқына  иемденді. 
"Күшейтілген"  күзет  белгілі 
бір 
елді  мекенде  мемелекеттік 
құрылысқа 
қарсы 
және  жеке  адамдардың 
ӛмірі 
мен  мүлкіне  қауіп  тӛнгенде,  ал  "тӛтенше" 
күзет 
тұрғындардың 
кӛңіл-күйінде 
қалыпты 
тәртіпке 
қарсы  ӛрекеттер  байқалғанда 
жарияланатын болып белгіленді [61].
 
 
"Күшейтілген"  күзет 
жарияланған 
жағдайда  жергілікті  әкімшілік 
пен 
полициялық  жазалау 
функциясы 
барынша  кенейтіле  түсетін. 
Жергілікті 
билік 
орындарына 
мұндай  жағдайда  кез-келген 
жиналыстарға 
тиым  салуға,  мерзімді 
басылымдардың шығуын бір ай мерзімге тоқтатуға, 
оқу орындарының 
қызметін 
доғара  тұруға 
құқық  берілді. 
Сондай-ақ 
әскери-губернатор 
күшейтілген 
күзет 
жағдайында 
"қоғамдық 
тәртіпті  сақтау  жолында"  әскери 
күштерді 
қолдану 
үшін 
жоғары 
билік орындарынан ешқандай нұсқау күтпейтін болды. 
Патша 
ӛкіметі 
отар 
аймақгардағы  әскери-полициялық  тәртіпті 
нығайта 
түсу 
мақсатында  1892  жылдан  бастап  уез  басшыларына 
кӛмек 
кӛрсететін 
бӛлімшелік  приставтар  институтын  енгізу  бастады. 
Бӛлімшелік 
пристав 
қызметіне  патша  ӛкіметі  армиясының  саптағы 
офицерлері 
тағайындалды. 
Приставтарға 
салықгардың  жиналуын  қадағалау,  уез  бастығының  қаулы  және 
шеішімдерінің  жүзеге  асуын  қамтамасыз  ету, 
тұрғындардың 
"қоғамдық 
тәртіпті"  сақтауын 
бақылау 
жүктелді. 
Олар 
күдікті  деп  танылғандарды 
тергеуге, 

күнге 
абақгыға 
жабуға құқылы болды [62].
 
 
Жетісу 
облысында приставтар қызметі бірінші орыс революциясы тұсында 
барынша  қуат  ала  түскен-ді.  Жергілікті  билік  орындарына 
әсіресе 
оппозициядағы  саяси  партиялардың  үгіт-насихат  жұмысын 
ӛрістете 
түсуі  аса 
жайсыз  тиді. 
Осыған 
орай  1905  жылы  желтоқсанда 
Түркістан 
генерал-
губернаторы 
Соғыс 
министріне  берген  рапортында: 
"Верный,  Жаркент 
және 
Пішпек 
уездерінде 
бұдан  бірнеше 
ай 
бұрын  басталған 
үкіметке 
қарсы  үгіт-
насихат  жұмыстарын 
жүргізу 
қарқын  алып, 
ауқымы  кеңейе 
түсуде.  Аталған 
уездердегі 
тұрғындар  мен 
әскерлерді  билік 
орындарына  қару 
алып 
қарсы 
шығуға 
шақырған 
үнпарақтар 
таратылуда,"- 
делініп,  Жетісу  облысы 
уездеріне 
күшейтілген 
күзет енгізуді 
сұраған болатын 
[63].
 
 

 
 
26 
Түркістан  генерал-губернаторының  ӛтінішіне  сәйкес  Верный  және 
Жеркент 
уездерінде 
күшейтілген 
күзет  жағдайы  енгізілген  кезде 
бӛлімшелік 
приставтар  үгіт-насихат  жұмыстарын 
жүргізіп  жатқан 
орыс   
саяси  
партияларының  ӛкілдерін  қара  
тізімге  алып,  олардың үстінен қылмыстық іс 
қозғауға  аса  белсенділік  танытты.  Мәселен, 
Верный 
уезіндегі  1-бӛлімше 
приставының  кӛрсетуімен  Верный 
қаласындағы  эсерлер  ұйымы  әшкерленіп, 
оның 
белсенді 
мүшелерінің 
бірі 
болған 
Л.Н.Румма сотқа 
тартылды. Сӛйтіп, 
ӛз 
мақсаттары 
жолында 
террорлық  әдістерді  қолдаған  эсерлер  партиясының 
Верныйдағы 
ұйымының  уездегі  қазақтарды  да 
ӛздерінің 
ықпалына 
тартуды 
кӛздеген  әрекетінен  нәтиже  шықпай  қалған  еді. 
Л.Н.Румманың 
сот  процесі 
барысында  эсерлердің 
Шамалған 
болысы 
қазақтарына 
қару-жарақ  үлестіріп 
беруді,  сӛйтіп  қазақгардың 
қарулы  кӛтерілісін 
ұйымдастыруды  жоспарлағаны 
белгілі болды [64].
 
Эсерлер 
партиясының 
мұндай 
талпыныстарына 
қарамастан 
Жетісу 
ӛңіріндегі  қазақтарға  социал-демократиялық  ұйымдардың 
ықпал 
ету 
дәрежесі  мардымсыз  болды.  Олардың  жүргізген  үгіт-
насихат 
жұмыстарына 
қазақтар  арасында 
үн 
қатушылық  байқала  қоймады. 
Бірақ 
бұл 
бірінші  орыс 
революциясы  тұсында  қазақ  пен  қырғыз  халықтарының  арасында  азаттық 
қозғалысы 
ӛрбімеді дегенді білдірмесе 
керек. Жалпы бұл 
кезеңдегі 
қазақтардың 
саяси 
күресі  ең 
алдымен  патшаға, 
отарлық 
билікке 
петиция 
жазып  тапсыру 
түрінде кӛрінді.
 
Бірінші 
орыс 
революциясының 
бастапқы кезеңінде отарлық тәуелділіктегі 
қазақ  елінің 
мұқтажын 
білдірген  арыз-тілектер  қазақ 
даласының 
барлық 
аймақтарында  жазылды.  Жетісу  облысы  Лепсі  уезі 
қазақтары 
дайындаған 
петицияға  1000 
адам  қол  қойған. 
Жетісу  облысына 
орыс  шаруаларын 
қаныс 
аударуды доғаруды, 
Түркістан ӛлкесі 
мұсылмандарының 
діни істерін 
жергілікті 
әкімшілік 
қарамағынан 
алып, 
оны 
жеке  діни  басқармаға  қарату  қажеттілігін 
және 
бастауыш мектептерде 
ана 
тілінде білім алуға кедергі жасамау 
керектігін 
талап  еткен  бұл  петиция,  Министрлер  Кеңесінің  тӛрағасы 
атына 
жеделхат 
арқылы  жіберілген  болатын.  Осыған  орай  Жетісу 
облысы 
қазақтарының 
петициясы  туралы  М.Тынышпаев:  "Онда 
үкіметтің 
пасық  саясатына 
ашық 
наразылық білдірілді," - деп 
атап 
кӛрсеткен еді [65].
  
Отар 
аймақгағы  патша 
ӛкіметінің 
саяси  билігіне  қарсы  күрестің 
ӛрістей 
түсуіне  байланысты  полиция  департаменті  "қоғамдық 
тәртіпке 
іріткі 
салушыларды"  іздестіріп,  "бүліктерді"  алдын  алу  үшін 
Түркістан 
ӛлкесінде 
1907  жылы  тамызда  ӛзінің  Ерекше  бӛлімін  құру 
туралы  шешімін 
қабылдады. 
Жергілікті  полиция 
Ерекше 
бӛлімге  ӛлкедегі 
қоғамдық 
саяси  қозғалыс  жайлы 
барлық 
мәліметтерді 
жеткізіп тұруға 
міндетті 
болды. Ерекше 
бӛлімге жергілікті 
полиция қызметін 
бақылау 
құқығы берілді. Ӛз қызметіне кіріскен Ерекше бӛлім 
кӛп 
үзамай 
осы  жылы 
желтоқсанда 
Түркістан 
аудандық  күзет 
бӛлімі  болып 
қайта 
құрылды 
[66].
 
 
Ташкент 
қаласында 
орналасқан  Түркістан 
аудандық  күзет 
бӛлімінің 
Ашхабат 
пен  Верный 
қалаларында  іздестіру  бӛлімшелері  ашылды.  Іздестіру 
бӛлімі  тыңшылар  арқылы 
халықтың  кӛңіл-
күйіндегі  ӛзгерістер  жайында, 

 
 
27 
халықтың 
арасында  "іріткі" 
туғызушылар  туралы  маліметте,р  жинаумен,  ол 
мәліметтерді билік 
орындарына 
жеткізіп 
тұру міндетін атқарды.
 
Жетісу 
облысында 
Түркістан  аудандық  күзет 
бӛлімінің 
10-ға  жуық 
тыңшылары  болды. 
Оның 
ішінде 
"Бала",  "Қара",  "Грамотный", 
"Красивый", 
"Служащий"  деген 
бүркеншік 
есімдегі 
тыңшылары 
қазақ  азаттық  қозғалысы 
жетекшілерінің 
және 
облыстағы 
ӛзге 
де  түркі-мұсылман  халықгарының 
белсенді 
азаматтарының 
іс-әрекеттері 
жайында 
мәлімет 
жинаумен 
шұғылданды.  Осындай  тыңшылар 
ұстау  арқылы 
патша 
ӛкіметі  жергілікті 
халықгың  азаттық  қозғалысы  жетекшілерінің  әрекеттерінен  хабардар  болып 
отыруға  белгілі  дәрежеде  қол  жеткізді.  Мәселен, 
Жетісу 
облысы  қазақ-
қырғыздарының 
1910 
жылы 
21 
қазанда жасырын түрде ӛткізген 
съезі 
жайында 
отарлық  билік 
орындары  "Қара" 
деген  бүркеншік 
есімді  тыңшының 
мәлімет 
беруі нәтижесінде 
хабардар 
болған 
[67]. 
Жетісу  облысы  қазақ-қырғыздарының  бұл  съезі  орыс  әскерлерінің 
Қоқандықтармен Ұзынағаш түбінде болған 
шайқастағы 
жеңісінің 50 жылдығын 
жергілікті 
әкімшілік  орындарының  салтанатты  түрде  атап 
ӛтуі  кезінде 
ұйымдастырылған  болатын. 
Осы  салтанатты 
атап 
ӛтуге  орыс  халқының 
ӛкілдерінен  басқа  облыстағы  қазақ  және  қырғыз 
халықтарының 
қадірменді 
азаматтары  да  шақырылған  еді. 
Сол  жиынның 
кезінде  жергілікті  белгілі 
қайраткерлер: 
облыстық 
басқарма 
қызметкерлері 
Б.Сыртанов 
пен 
Ы.Жайнақов 
Верный  уезі 
Шамалған 
облысының  басқарушысы 
М.Смаилов, 
Үлкен 
Алматы 
облысының  ӛкілі  Б.Әшекеев, 
Пішпек  уезінің 
қырғызы 
Д.Сауранбаев, 
белгілі 
қырғыз  манапы 
Ш.Жантаев  және 
т.б.  белсенді 
азаматтар 
жасырын  түрде  съез 
ӛткізуді ұйымдастырған-ды. 
Ұзынағаш
 
съезі  атанған 
қазақтар 
мен  қырғыздардың 
50 
шақты 
ӛкілі 
қатысқан  бұл 
жиын  21 
қазан 
күні 
кешкісін  Казанско-
Богородский 
селосында 
ӛтті. 
Онда 
қазақ-қырғыздардың  отаршылдық  саясат  нәтижесінде  бастан  кешіп 
отырған  тауқыметі  талқыланып,  жергілікті  әкімшілік  орындары  тарапынан 
қазақ  пен  қырғызға  жасалып  жатқан  қысымшылыққа  орталық  билік 
орындарының 
назарын  бұру 
үшін 
Петербургке 
арнайы  ӛкіл  жіберу  мәселесі 
қаралды. 
Кӛпшіліктің 
ұсынысы бойынша Петербургке жіберілетін ӛкіл ретінде 
Барлыбек  Сыртанов 
белгіленді.  Сондай-ақ  съездің  кезінде 
Б.Сыртановтың 
Петербургке  баруы  үшін 
деп 
500  сом 
ақша  жиналды. 
Мұндай 
қаржы  съездің 
ұйғарымы бойынша облыстағы 
уездерден де жиналатын болып келісілді [68]. 
Осыған 
орай 
Верный 
қаласындағы  Іздестіру  бӛлімі 
Түркістан 
аудандық 
күзет  бӛліміне 
Б.Сыртановтың  Петербургке 
баруына  деп  қазақ-қырғыз 
ауылдарында  кімдердің  қаржы  жинап  жатқандығын  анықтау  үшін  ӛз 
тыңшыларына тапсырма бергенін 
хабарлайды. Іздестіру бӛлімі 
тыңшыларының 
осы  мәселе  бойынша  түсірген  мәліметтеріне 
қарағанда  Верный 
уезінде 
Ы.Жайнақовтың 
ұйымдастыруымен  әр  болыстан  100  сомнан  жиналып, 
Б.Сыртановқа 
бұл 
қаржы  тапсырылған.  Сондай-ақ  Пішпек  және  Пржевальск 
уезі 
қырғыздары 
әр болыстан 
200 
сомнан 
жинап, 
Петербургке  Б.Сыртановпен 
бірге  Д.Сауранбаевты  да  жібергелі  жатқаны  жайында  тыңшылар  арқылы 
жергілікті әкімшілік орындарына мәлім болады [69].
 

 
 
28 
1910 
жылы  26  желтоқсанда  Верный  қаласында 
Б.Сыртанов,  Ы.Жайнақов 
және  т.б.  қазақ  зиялылары  бас  қосып,  Мемлекеттік  думаға  қазақ-қырғыздар 
атынан  тапсырылатын  талап-тілектерді  талқыға  салып,  оның  мәтінін 
құрастырған  болатын. 
Қазақтар 
мен  қырғыздар  атынан  тапсырылатын  бұл 
талап-тілекте жер, оқу-ағарту, 
сот ісі 
және дін мәселелері қамтылды. Онда 
жер 
мәселесі  бойынша  қазақтар  мен  қырғыздар  жерге  орналасып  болғанша 
Жетісу 
ӛңіріне орыс 
шаруаларын қоныстандыруды доғара тұру керектігі, оқу ағарту 
ісі 
бойынша  қазақ-қырғыз  балаларының  ана  тілінде  білім  алуына  мүмкіндік  беру 
және 
оқу 
ағарту ісін бүркемелеген орыстандыру 
саясатына 
тиым салу қажеттігі, 
сот 
ісі  бойынша  болыстардағы  билер 
сотының 
ӛкілеттілігін 
кеңейту,  дін 
мәселесі  бойынша 
Түркістан 
ӛлкесіндегі  діни 
істердің 
жергілікті  әкімшіліктің 
қарауынан  алынуы, 
Түркістанда 
ӛз  алдына  бӛлек  мұсылмандық діни басқарма 
қүрылып  Жетісу 
облысы қазақ-қырғыздары соған қарау керектігі кӛрсетілген-
ді [70].
  
Б.Сыртановтың 
Петербургке 
сапарының  нәтижелі  болуына  қазақтар  мен 
қырғыздар  ғана  емес  сонымен  бірге  облыстағы  татар, 
ұйғыр 
халықгарының 
алдыңғы 
қатарлы 
азаматтары 
да 
мүдделілік 
танытты. 
Сондықтан 
Б.Сыртановтың 
сапарына  деп  татарлар  мен 
ұйғырлар 
арасында  да  қаржы 
жиналды. 
Бұл 
іске,  күзет  бӛлімі  тыңшыларының  жинастырған  мәліметтеріне 
қарағанда, Верныйдағы белгілі  татар  кӛпесі Ә.Ғабдулвалиев жетекшілік еткен. 
Осыған  орай  Верныйдағы  Іздестіру  бӛлімінің  меңгерушісі  1912  жылы  9 
қыркүйекте 
Түркістан 
аудандық  күзет  бӛліміне  жолдаған  қатынас  хатында 
Ә.Ғабдулвалиевті 
«қырғыздың, 
татар 
мен 
тараншылардың 
белсенді 
азаматтарын  біріктіруші  және  оларға  жетекшілік  жасаушы  адам 
ретінде 
кӛзге 
түсуде» 
деп 
баяндап, 
Б.Сыртановтың 
Петербургке 
сапарынан 
«панисламизмнің» кӛрінісі байқалады деген ойды жеткізеді 
[71].
 
 
Бұл 
кезеңде патша ӛкіметі империядағы мүсылман  халықтарының 
ұлттық 
сана-сезімнің  оянуынан  және 
олардың  ӛзара 
ынтымағының 
нығаюынан 
сескенгендіктен  түркі-мұсылман  зиялыларын  саяси  қудалауға  түрлі 
себептер 
қарастыра 
бастаған-ды. 
Полиция  департаменті 
осыған 
орай 
аудандық 
күзет 
бӛлімдері  мен  губерндік 
жандарм  басқармаларының  басшыларына:  «Соңғы 
жылдары 
империяның 
мұсылман 
тұрғындары арасында, 
сондай-ақ шетелдерде 
панисламизм  деп 
аталатын 
идеядан 
туындаған  ашық 
толқулар  кӛрініс 
табуда.  
Ресейде 
мұндай 
фанаттык 
козғалыс  жас  түріктер 
мен  жас
  парсылардың 
комитеттері тарапынан жан-жақгы қолдау табуда. 
Бұл 
панисламшылдық 
қозғалыстың негізгі мақсаты бүкіл 
мұсылман 
әлемін 
саяси 
және  экономикалық  жағынан 
Түркияның 
қол  астына 
біріктіріп, 
болашақта 
бүкілтүріктік 
республика 
құру. 
Түріктер 
мен 
орыс 
мүсылмандарының 
әйгілі публицистері 
соңғы 
уақытта ӛздерінің 
түбі бір 
екенін 
дәлелдеуге 
тырысуда. 
Олар 
мұсылмандардың 
Ресейге 
ӛшпенділігін 
қоздырмақшы.  Сондықтан  панисламизмді  мұсылмандық 
қозғалыс 
ретінде 
империяның 
бүгінгі 
мемлекеттік 
құрылысына қарсы 
бағытталған құбылыс деп 
тұжырымдауға  болады,»-деген  мазмұндағы 
нұсқау 
хат  жолдай 
отырып, 
"панисламистердің"  қастандық 
әрекеттерін  әшкерелейтін  және 
олардың 

 
 
29 
ұйымдары 
жайлы 
тыңшылар  арқылы 
мәліметтер  жинаудың  тиімді  шараларын 
қарастыру, 
мұсылмандық 
оқу  орындарындағы 
мұғалімдердің  және 
мұсылман 
дін 
иелерінің 
қызметтеріне  бақылау 
орнату, 
"панисламшылдық" 
рухтағы 
басылымдардың 
таралуына  жол 
бермеу  қатаң 
тапсырылды  [72].
 
Түркістан 
аудандық 
күзет  бӛліміне 
мұндай 
нұсқау  түсісімен  ӛлкедегі  түркі-мұсылман 
халықтарының 
белсенді  азаматтарына  қатаң 
бақылау 
орнатылып, 
олардың  іс 
әрекеттерінен  "панисламшылдықгың" 
кӛрінісін  іздестіру 
қалыпты  жағдайға 
айналды. Сондақтан 
1910-1912 жылдары Түркістан 
ӛлкесінде 170-ке 
жуық 
адам 
"панисламизмге" 
қатысы бар 
деген күдікпен тіркелген [73].
  
Олардың қатарында 
Верныйдағы 
медресенің оқу ісінің меңгерушісі, татар 
зиялысы  Зайнетдин  Тазетдинов  та  бар  еді.  З.Тазетдиновқа  тағылған 
айыптардың  бірі 
оның 
1906  жылы 
Жетісу 
облысы  мүсылмандарының  съезін 
ӛткізуге  талпынғаны  болды. 
Күзет 
бӛлімі  келтірген  мәліметтерге  қарағанда, 
З.Тазетдинов  бұдан  кейінгі  кезеңдерде  де 
Верныйдағы 
мүсылман 
кітапханасында 
облыстағы 
татар, 
ұйғыр,  қырғыз 
жӛне  қазақ  зиялыларының 
жасырын 
түрде 
бас қосқан жиналыстарын 
ӛткізген. 
Мәселен, 
1911 
жылы ӛткен 
жиналыста  "3  маусым"  жарлығына  сәйкес 
Түркістан 
мен  Қазақстан 
халықтарының  Мемлекеттік  думаға  сайлау  кұқынан  айырылуы 
орынсыз 
деп 
бағаланып, ӛлке  халқына сайлау құқын  қайыру мәселесі талқыланады. Сӛйтіп, 
Мемлекеттік  думадағы  мұсылман  фракциясына  бұл  жӛнінде  ӛтініш  білдіру 
керек деген шешім қабылданған-ды [74].
 
 
ХХ  ғасырдың    басында    Жетісу    облысы    алты    уезден    тұрды:  Верный,  
Қапал,    Лепсі,    Жаркент,    Пішпек    және    Прежевальскі.    Уездер    болыстарға  
бӛлініп,    оларды    сайланбалы    болыстар    биледі.    Ал    болыстар    әкімшілік  
ауылдарға  бӛлініп,  сайланбалы  ауыл  старшындары  басқарды.  Әкімшіліктің  
тӛмен    деңгейіндегі    болыстар    ауыл    старшындарына    жергілікті    халықтың  
ауқатты топ ӛкілдері  сайланды.  Болыстар  мен  ауыл  старшындарына  сайлау  
үш  жылда  бір  рет  үлкен  талас-тартыс  үстінде  патша  чиновниктеріне  пәре  
беру  арқылы  ӛтетін.  Бұл  жӛнінде  Алаш  зиялыларының  бірі – М.Тынышбаев  
Түркістан    генерал-губернаторына    жазған    хатында:  -  «Сайлаудағы  
парақорлық    шеттен    шықты.  Әрбір    сайлау    алдында    үміткерлер    егер    ӛзін  
сайласа  барлық  заңсыздықтарға  тыйым  салынып,  қой  үстінде  бозторғай  ұя  
салған    заман    орнайды    деп    нандырды.    Қазақтар    үміткерлердің    сайлауда  
жеңе  қалған  жағдайдағы  жалақысы  900-1500 сомнан  аспайтынын  біле  тұра  
неліктен    жомарттық    жасап    5,10,  20,  30,  не  40  мың    сомнан    таратып    беріп  
жүргеніне  түсінбеймін.  Ал  үміткер  болыстыққа  немесе  халықтық  сотқа  қол  
жеткізе    қалса    әлгі    шығынды    10,    20  есе    орайтындай    пайда    түсірер  
еді......1897  немесе  1898 жылғы  сайлауда  Қапалдағы  уезд  бастығы  Петров  
ӛзіне  қазақтың   жас  қызын   әкелуді  бұйырды.  Ол  бұйрық  орындалды  да: 
қыздардың  бірі  кӛрген  азапқа  шыдамай  дүниеден  қайтты,  екіншісі  ұзаққа  
созылған    аурудан    әрең    жазылды.    Петровтың    бұл    жайтқа    байланысты  
Верныйдағы    бір    досына    астамсып    мақтанышпен    жазған    хаты,    марқұм  
Тұрлыбек  Сыртановтың    қолына    түсіп,    жұртқа    жайылды.    Соңынан 
қылмыстық    іс    қозғалып,    ол    іс    маңызды    тапсырмалар    орындаушы  

 
 
30 
чиновниктері  Пантусовтың  кӛмегімен  жабылып  тасталынды» - деп  ашынып  
жазады  [75].    Осы    тұста    қазақ    халқының    ұлы    ойшылы  Абайдың:    «Болыс  
болдым  мінеки,  бар  малымды  шығындап» дегені  еріксіз  есіне  түседі.  Десек  
те,  бұл  ауқатты  адамдардың  арасынан  заман  ағымын  дұрыс  түсінетін  кӛзі  
ашық  халықты  басқара  алатын  адамдар  да  шыққанын  дұрыс айта  кетуіміз  
керек.    Олар  кейін  1916  жылғы  кӛтеріліске  жетекшілік  жасап,  елді  азаттық 
күресіне  бастағаны  белгілі.  Ал    жоғарыда  айтылған    келеңсіз    құбылыстарға  
құйтырқы  саясат  жүргізіп  отырған  отаршыл жүйе кінәлі болса керек.  «Бӛліп  
ал  да  билей  бер»  деген  саясатпен  патша  чиновниктері  сайлау  кездерінде  
сайлауға  түсетін  үміткерлерді  бір-біріне  айдап  салып,  ру    мен    руды  
қырқыстырып,    сонымен    қатар    Түркістанды    мекендеген    мұсылман  
халықтарын    бір-бірімен    таластырып,    халық    арасында    от    тастап    пайда  
табуға    отырды.  Мұндай  сұрқия  саясат  ӛлкедегі  жергілікті  халық  арасын 
аздырып,  болыстық  билікке  үміткер  адамдарды  азғындалуға  дейін  жеткізген 
еді.  Бұл  жӛнінде  Алаш  ардақтыларының  бірі  Ахмет  Байтұрсынұлының  1910 
жылы  түрмеде  қамауда  отырып  империяның  Ұлы  мәртебелі  Ішкі  істер 
министрінің  атына  жазған  хатында  былай  деп  кӛрсетеді:  «Я  сижу  седьмой 
месяц  в  тюрьме,  во    первых  -  потому,  что  киргизская  кляуза  у  местных 
представителей  административной  власти  удостоились  такого  доверия,  каким 
она  никогда  не  пользовалась,  и  во  вторых,  потому,  что  по  своиству    и  форме  
обвинения,  я  лишен  возможности  доказать  свою  невиновность:  доказать 
небытье  фактов.  Не  будучи  в  состоянии  убедить  в  своей  невиновности  
местных представителей  власти, но  не желая безмолвна нести незаслуженного 
мною 
наказания, 
я 
пытаюсь 
изложить 
пред 
Вашим 
Высокопревосходительством  те  условия  и  обстоятельства,  которая  сделали 
меня без вины виновным.  
Известно,  что  киргизская  степь,  вследствие  постоянных  партийных 
раздоров,  достигла    апогея  своей  деморализации:  кляуза,    сутяжничество, 
лжеприсяга, лжесвидетельство и т.п. в степи в полном процветании.   Обличая, 
киргиз в кляузе, чтобы самому не оказаться в положении кляузника, я позволяю 
себе  перевести  в  подтверждение  своих  слов  высказанные,  по  поводу 
деморализации  степи,  мнения  других:    «…  Наше  делопроизводство  требовало 
свидетельств и доказательств, и в них недостатка не стало. Явились ложные и 
подставные  свидетели,  для  которых  принятие  ложной  присяги  все  равно,  что 
выпить чашку кумыса. Опытные дельцы чиновники  обучали  киргиз исскуству 
хоронить  концы,  указывали  им  обходные  движения  в  делах,  познакомили  их 
канцелярщиной  и  законами  ее.  Учение  это  шло  в  прок;  редкий  из  киргиз  не 
сумеет  запутать  и  поставить  дело  так,  что  сам  Соломон  не  разберется  в  нем. 
Почти каждый богатый киргиз и непременно предводитель партий или ими же 
адвокатствующий  киргиз  имеет  в  городе,  где  сосредоточивается  русское 
управление,  своих  благоприятелей,  советников.  С  нами  –  то  они  ведут 
постоянные советы во всех делах, доходящих до русской администраций, через 
них  же  «обтяпывают  »  свои  делишки.    (  Адвокатов  развелось  для  киргиз,  как 
негодных галек в песках) … Сутяжничество и подача прошении у таких людей 

 
 
31 
все равно, как вино  у пьяниц, карты  у  картежников;  без  удовлетворения этой  
страсти скука смертная

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет