Ұлт зиялыларының елі үшін атқарған сан-салалы қызметінің бір бағытына
біршама ғана тоқталдық. Қорыта келе айтарымыз ұлт зиялыларының ұлтын
азат етіп, ел қатарына қосуды мақсат тұтқан ерен еңбегін, қажырлы
қайраткерлігін бүгінгі ұрпақ лайықты бағалап, келер ұрпаққа аманат етуі елін
сүйген әр азамат үшін парыз деп білеміз.
Сондай ердің бірі Әубәкір Жүнісов деген азамат болды. Ол Қытайдан
бері ӛтіп шұбыра-босып келген елге үлкен кӛмек кӛрсетіп, қамқорлыққа
алып, қолынан келгенін аямады. Бұл азаматтың адамгершілігі жӛнінде
Әріпбай Алыпбайұлы мынадай жылы лебіздер білдіреді. ― Осындай
халықтың басына ауыр күн туып, күйзеліп тұрған кезде кешегі ӛз
қонысына қолы жетпей тұрған кезде Донбастан қайтқан Әубәкір Жүнісов
Жаркенттегі ― Босқындарға жәрдем комитетіне ‖ жұмысқа орналасты. Оны
жұмысқа жұмсаушы Тоқаш Бокин еді. Әубәкір кедей шаруаларға жер-мал,
109
жұмыс беріп босқын елді қоныстандыруды жүзеге асырды, аштың тамағын
тойғызып, жалаңаштың етегін жапты, жаяуына ат мінгізді ‖
[254].
Осындай халқына жанашырлық кӛрсетіп, қамқор болған Әубәкір
Жүнісов кім еді деген сұраққа Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы былай деп
жауап жазады: ―Жүнісов Әубәкір / 1886-6. 12.2. 1939 / - 1916 ж. Ұлт-азаттық
қозғалысына, Жетісудағы Совет үкіметін орнатуға белсене қатысушы.
Қазіргі Алматы облысының Кеген ауданында Суықторғай селосында шаруа
семьясында туған. Жаркентте ауылшаруашылық мактебін бітірді. 1916
жылғы Қарқарадағы ұлт-азаттық кӛтерілісіне қатысқаны үшін тұтқындалып,
ӛлім жазасына кесілді, бұл жаза ауыстырылып, майданның алдынғы
шебіне жіберілді. 1917 жылғы февраль ревалюциясы Жүнісовты ревалюция
легіне қосты. Майданнан оралған соң Жаркент қаласындағы босқындарға
кӛмек кӛрсету жӛніндегі Түркістан комиссиясында істеді. Жаркент уездік-
қалалық милиция бастығының орынбасары ретінде, 1921 жылы атаман
Дутовты жою әрекетіне белсене қатысты. Бұл оқиға ―Атаманның ақыры‖
атты фильмде бейнеленген. 1922-1924 жылдарда Түзген /қазіргі Райымбек
ауданы / халық сотына судья болды. 1924 жылдан Алматы облысының
мүшесі, обладвокатура коллегиясының предеседателі. Суықторғай
селосында оған ескерткіш орнатылған ‖
[255].
Мінекей, Әубәкір Жүнісов
осындай азамат болған.
Сонымен қатар, 1917 жылы Қытайдан қайтып келген халық
қиыншылық кӛріп жатқан кезде, оларға жанұшыра кӛмек кӛрсетіп,
қарлығаштай қанатымен су сепкен Ибрагим Жайнақов, Тоқаш Бокин
сияқты асыл азаматтардың еңбегі зор болды.
Осылайша Жетісудағы қазақ пен қырғыз халықтары небір қилы-қилы
заманды бастан ӛткерді. Бір айтатын жайт Қарқара кӛтерілісіне қатысқан
албан елінен патша үкіметінің қара жұмысына ешкім бармаған сияқты. Ол
туралы әлі мәлімет кездеспеді. Бұл ойымызды мына бір дерек толықтыра
түседі: ―1916 жылындағы 19 бен 45 жас арасындағы ―мовилизован‖ деген
тізімді пісірлер ұлық пен болыстардан басқа ешкімге кӛрсеткен жоқ,
есебін білмейміз. Патша сұраған жұмыс әскеріне албан елінен ешкім
барған жоқ. Сол уақыттағы сот тілмашы Әубәкір Жүнісұлы ұйғыр
жұмыскерлеріне бас болып, барып келген [256]
– Жазылбек
Серікбайұлының естелігінен. Ол кісінің айтып отырған Әубәкір Жүнісұлы
жоғарыда айтылған азамат.
Енді кӛтеріліс барысында және кӛтерілісшілердің Қытай асу кезінде
болған мал-жан шығындарына біраз тоқталып, шолу жасайық.
Ол үшін отаршыл үкіметтің кӛтерілісті басу және жазалау
барысындағы адам және материалдық шығынына алдымен тоқтолып
ӛтейік. Жаркент уезінің бастығы полковник Ступиннің 1916 жылы 23
желтоқсанда Жетісу әскери губернаторына жолдаған рапортынын: ― ...
Тәртіпсіздіктер салдарынан болған шығындар: а) /чиновник/ орман
кондукторы /, 4 орманшы, сақшы, мал дәрігерлер, 2 шекарашы, 1 десятник,
2 болыстың песірі, 24 шаруа және саптағы емес 9 казак ӛлтірілген.
110
б) 11 шаруа, саптағы емес екі казак жарақаттанған.
в) 41 адам хабар ошарсыз кеткен. Тұрғылықты әкімдер арасынан
зардап жоқ.
Барлық қыстақтар мен казак бекетінде шалғайдағы жекеленген
шаруашылықтарды қосқанда 500-ге жуық шаруашылық зардап шекті, оның
ішінде 400-дей үй ӛртенген, 3000 десятинаға жуық егін жойылған, 1500-
дей жылқы, 5000-дай сиыр, 15 мыңдай қой, 1500-дей шошщқа, 2500-дей
мүйізді уақ мал, 3000-ға жуық құс, құны 2 миллионға жететіндей түрлі
мүлік тоналған.
Осынау шығындардың орнын толтыру үшін 14 мың қой, 500-ге жуық
ӛзге мал тартып алынды: оның үстіне Қытайдың ӛкімет орындары таяу
күндерде 31 490 қой, 3079 жылқы, 1785 сиыр, 20 түйе қайтармақ болып
отыр.
Мұның үстіне 504 дүкен товарларымен және қазыналық
құрлыстарымен жалпы сомасы бір жарым миллион сомнан кем емес
Қарқара жәрмеңкесі ӛртелген ‖
[257].
Ал Чеканинский ӛзінің 1926 жылғы еңбегінде мынадай мәлімет
келтіреді: «Жаркент уезінде: 17-поселка, 500-шаруашылық, 400 үй, 504
дүкенші, 3000 десятина егіндік жойылды және зардап шекті, жалпы
сомасы 444 0007 сом зиян келді дейді. Жәнеде жалпы Жетісу облысы
бойынша 67 поселка, 5345-шаруашылық, 2748-үй, 504 дүкенші, жалпы
сомасы 20724087 сомның зияны келді: - Адам шығынына келетін болсақ,
облыс бойынша орыстардан бары: казак медан және шаруалардан 2094-і
ӛлген, 41-і жараланған, 1163-і хабар – ошарсыз жоғалған: соның ішінде 3
офицер, 53 солдат ӛлген, 41 солдат жараланған, 74 солдат хабар-ошақсыз
жоғалған: - бұл цифрлардың дәл екенін айту қиын, бірақ кӛтерілістің
ауқымы мен ресми материалдардың саныан қарап, бұл цифрларды
шындыққа жақын деп айтуымызға болады»–дейді [258]. Бұған қарағанда
уезд бастығы Ступиннің берген мәліметі мен Чеканскийдің зерттеуінде кӛп
алшақтық жоқ. Сондықтан, отарлаушы
елдің шығынын кӛтерілісшілермен
салыстырғанда шамалы ғана деп есептейміз.
Ал енді қарсы жақтың шығындарына тоқталсақ тӛмендегідей
мәліметтерді байқауға болады.
Уезд бастығы Ступин: ― Жаркент уезінің халқы бүлікке дейін 20
болыстан: 6 суан, 14 албан болысынан тұратын еді. 1916 жылғы 1-
қаңтарда оларда 17 712 түтін болушы еді, олардың құрамы бұрынғыдан
былайша ӛзгерді:
Кӛтеріліске дейін
Қазіргі кезде 1916ж.
желтоқсан
Кӛтерілістен соң
Қытайға ауғандар
17 712 түтін
5 099 түтін
12 612 түтін
Бұл болыстардың ішінен албандардың барлық 14 болысында,
бірқатары түгелімен болмаса да, бүлікке қатысты ‖ [259].
111
Чеканинский ӛз еңбегінде Жаркент уезіне қатысты мәліметтерді
былай деп береді: [260].
1916 жылғы
кӛтеріліске дейін
1917 ж. 1 қаңтарында
қалғаны
Қытайға ауып кеткені
17 096 / 100 /
4 318 /25,62 /
12 718 /74,38 /
Сонымен уезд бастығы Ступинмен зерттеуші Чеканинскийдің
мәліметтерінің арасында біраз айырмашылық бар, олар: біріншіден –
кӛтеріліске дейінгі түтін санының сәйкессіздігі. Ступин 616 түтінді кемітіп
кӛрсетеді; екіншіден – қытайға ауғандар санында Ступин 106 түтінді
кемітіп кӛрсетеді. Енді олардың айырмашылығының салдарына тоқталсақ
Ступин ӛзінің жалпылай берген мәліметінде патша жазалаушыларының
жауыздығын жасыруға тырысқан немесе дұрыс есептемеген. Ал
Чеканинский болса мүмкіндігінше мәліметті ғылыми тұрғыдан зерттеп дәл
беруді мақсат тұтқанболса керек. Оны Чеканинскийдің ӛз ойымен нақтылай
түсуге болады: «И так, цифра разоренных, совершенно уничтоженных и
перекочевавших в китайские пределы кибиток, выражается следую ими
данными: Джаркентский уезд 78,38 /. По этим же цифрам не трудно
определить и преблизительную убыль кочевого населения, считая, что на
каждую кибитку, по данным переписи, в общем приходилось 5,1 душ
обоего пола, что составляет: до восстания 87 190 человек, а к І-му
январю 1917 года 22 328 человек, убыло 64 862 человек» [261].
Енді Мұқамеджан Тынышбаевтың мәліметтеріне кӛз жүгіртіп кӛрелік:
«Қазақтың» 237-ші номерінде Қытайға босқа қырғыз-қазақтың саны 164
мың, қырылғаны 83 мың, Қытайда қалғаны 12 мың деп кӛрсетіліп еді. Енді
бұл туралы анығырақ есеп-қисапқа кӛшейік. Бұл тӛменгі кӛрсетілген есеп
шын мӛлшерден аз болмаса, кӛп емес, Піспек, Пржевал уездерінен
қашқандардың бәрі қырғыз, Жаркент, Верный уездерінен қашқанның бәрі
қазақ / үйсіннің албаны /, барлығы – 238 795 адам, қашқан жан 201 250
адам, қырылғаны 95 200 адам. Жоғарғы 44 болыс елде /қырғыз-қазақ
болыстарын қосқанда –Ш. Т. / барлығы 47 мың 759 түтін, сонан қашқаны
40 мың 250 түтін қырылғаны 95 мың 200 жан болды. Бұл есепке қарағанда
бұл елдердің босқындарынан жартыға астамы қырылған ‖ [262].
Мұқамеджан Тынышбаевтың есебіне сүйенсек кӛтеріліске дейін, албан
тайпасында – 69 440 жан болған, соның ішінде Қытайға қашқандар – 56 950
жан, қырылғаны – 35 100 адам болып шығады. Қалай десекте, кӛтеріліс
кезінде және одан кейінгі уақытта отаршыл ӛкіметтің шығынымен
салыстырғанда олардың қарсыластарының шығыны әлдеқайда кӛп екені
белгілі. Соның ішінде мал - мүлік шығыны да айтарлықтай кӛп болды.
Жетісу облыстық Қазақ комитетінің тӛрағасы И. Жайнақовтың 1919 жылы
17 наурызда ӛткен үшінші Жетісу облыстық қазақ сьезінде жасаған
баяндамасында: «... бұратаналарды қара жұмысқа шақыру туралы жарлыққа
қарсылық барысында қазақтардың 15 мыңға жуық отбасы жойылып, 60 мыңнан
112
астамы талқандалып олардың кӛпшілігі Қытай жеріне ауып кетті...»-деп
кӛрсетеді [263].
Чеканинскийдің дерегі бойынша Жаркент уезінде кӛтеріліске дейін- 67
800 жылқы, 51 261 ірі қара, 2 612 түйе, 568 488 қой-ешкі, 7 577 десятина
егіндік болса, кӛтерілістен соң жылқының – 78,59 %-і, ірі қараның – 63,97
%-і, қой-ешкінің – 81 ,19 %-і, егіндіктің – 22,28 %-і жойылған немесе
тартып алынған [264]. Бұған қарағанда кӛтерілісшілер бар игіліктің 3-тен
2-сінен айырылған. Оның басым кӛпшілігін отаршыл ӛкіметтің иеленгені
түсінікті. Сапарғалиевтің зерттеулеріне сүйенсек, Жетісу облысындағы
қазақтар мен қырғыздардан тартып алынған заттарды сату нәтижесінде 1
миллион 300 мың сом қаржы түскен. Самса және Боранды болыстарынан
1,5 миллион сомның мал-мүлкі тәркіленген [265].
Талай қиыншылықтарды бастан ӛткерген қазақ және қырғыз халықтары
алдағы келер күндерінде ойлап алаңдағаны да, Кеңес үкіметіне күдікпен
қарағаны белгілі. Мына бір ӛлең жолдарынан сондай бір сәтті аңғаруға
болады:
Әлі келген кісілер ӛз жерім деп
Бұрынғы қара орнына барып жатыр.
Жүрегіміз орыстан шошып кеткен
Білмейтін осы күнде неғып жатыр.
Менің кӛңілім сенбейді кәпіріңе
Бекер сӛзге біздің жұрт нанып жатыр
Ӛзді-ӛзінің шатағы басылған соң
Бұған да жұрттың бәрі нанып жатыр ...
. . . . . . . . . . . .
Адасып ақылымен осы күні
Білмеймін қалай қарап жүрерімді,
Ӛзі қуат бермесе жаппар ие
Жалғаннан үзіп тұрмын күдерімді.
/ ― ӛзді-ӛзі ... деген ақ пен қызыл ‖ /[266].
Мұндай кӛңіл-күй ӛлкегі қазақ-қырғыздың бәріне тән болған еді.
Олардың күдігі бекер болмады.... Олардың болашаққа артқан үміті
ақталмаған сияқты....
113
ҚОРЫТЫНДЫ
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Түркістан
ӛлкесі түгелімен Ресей империясының отарына айналып, арзан және
таусылмас шикізат кӛзі ретінде қанау мен тонауға түскен болатын.
Сонымен бірге, бауырлас қазақ-қырғыз халықтары да отар ел ретінде
саяси, әлеуметтік-экономикалық еркінен айырылып, рухани, ұлттық езгіге
ұшырап, ұлт ретінде үлкен күйзеліс ұшырады.
Сонау, ХҮІІІ ғасырдың ортасында басталған Ресейдің империясының
ӛңірдегі отарлау саясаты ХХ ғасырдың басында ӛзінің шарықтау шегіне
жетті.
Десекте, қазақ пен қырғыз халықтары Ресей империясының отарлау
жүйесіне тек қана мойын ұсынып отырмай, ауық-ауық ұлттық тәуелсіздікке
ұмтылып, азаттық үшін күреске шығып тұрды. Бұлардың барлығы да
кезінде отаршыл елдің озбыр саясатына білдірген қарсылықтары.
ХХ ғасырдың басында патшалық Ресей Түркістан ӛлкесін қанауын одан
әрі күшейтті. Ӛлкеде жер мәселесі шиеленісті, саяси, әлеуметтік-рухани,
ұлттық езгі тереңдеді. Халық тұтынатын товарлардың бағасы күрт ӛсті,
салықтың мӛлшері кӛбейді, тұрмыс деңгейі тӛмендеп кетті. Экономикалық
күйзеліс қатты байқалды.
Осындай ел күйзеліске түсіп отырған шақта 1916 жылы маусымда
«бұратана» халықтарды қара жұмысқа алу туралы жарлық шығып, оған
наразылық білдірген халық билікке қарсы ашық кӛтеріліске кӛшті. Осы кезде
Орта Азия мен Қазақстанның кӛптеген аймақтарында халық кӛтеріліске
шыққан болатын. Жетісудағы қазақ пен қырғыз да ұлт-азаттық кӛтеріліске
шықты. Оның шығуына ӛңірде іске асырылғын отаршылдық саясат негіз
болды.
Оның басты қозғаушы күші халық бұқарасы. Кӛтеріліске мүліктік
жіктеліске, әлеуметтік шығу тегіне қарамастан ауқатты топ ӛкілдері де бірдей
шығып басым кӛпшілігі жетекшілік жасады. Оған қазақ пен қырғыз
қауымының басқа да әлеуметтік топтары қатысты. Жалпы кӛтеріліс ұлт-
азаттық сипат алды. Қазақ-қырғыз қауымының мұндай бас кӛтеруі негізінен
патша үкіметінің елдің жаппай жерін алуына, ұлттық, саяси-әлеуметтік,
рухани езгіге қарсы бағытталды. Кӛтеріліс барысында ұлтаралық қақтығыс
орын алды. Ондай жағдайдың орын алуы патшалық отарлық биліктің жүргізген
саясатының бір бағыты халықтарды бір-біріне қарсы қоюының нәтижесі
болатын.
Кӛтеріліс барысында ӛңірде қалыптасқан жағдай шиеленісті сипат алып,
ұлтаралық қақтығысқа ұласты. Патшалық билік тарапынан кӛтеріліс
қатыгездікпен басып-жаншылды. Кӛтерілісші халық босқыншылыққа ұшырап
тағдыр тауқыметін тартты. Қиындыққа тап болған елді құтқарып сақтап қалу
мақсатында ұлттық саяси қайраткерлер жанкештілікпен қызмет жасады.
Сонымен, 16-жылғы аласапыран оқиғалар қазақ-қырғыз қоғамында
империялық озбырлықпен күресте екі кӛзқарас және ұстанымның бірдей бой
114
кӛрсеткенін байқатты. Олардың бірі батырлар бастаған қол жасақтап, елдің
еркіндігін білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғау әрекеті еді. Ӛткен
ғасырлардан келе жатқан бұл белгілі әдіс 16-жылғы қиын-қыстау заманда тағы
да ӛзін білдіреді. Басқа жол, басқа әдісті әлі танып білмеген қарапайым
халықтың басым бӛлігі ӛз батырларының соңына ергенде мұндай әрекеттің
арты немен аяқталатынын әуелде жақсы түсіне алмады. Олардың ӛз арасынан
хан сайлап, хандық құру әрекеті феодалдық-патриархалдық қоғамдық
қатынастардың әлі де болса күшінде екендігінің кӛрінісі еді.
1916-жылғы оқиғалар, сонымен бірге қазақ пен қырғыз қоғамында ұлттық
бостандық үшін күрестің жолдары мен әдісіне қатысты жаңа кӛзқарас және
ұстанымның қалыптасып қалғанын да кӛрсетіп берді. Оны ұстанушы ұлттық
саяси топ Жетісу жеріндегі билік пен этносаралық қатынастардың ашықтан-
ашық келімсектердің пайдасына шешіле бастағанын, сондай-ақ қарсы тұрған
жүйенің күші мен айласы да бұрынғыдан мүлдем басқа екендігін ескере
отырып, күрестің жаңа түрі мен әдісіне кӛшу қажеттігін, мұндай мақсатты
әрекеттің базалық негізі ұлттық саяси тұтастық болып, сол арқылы ұйымдаскан
әрі жүйелі әрекетке кӛшу екендігін халыққа жеткізуге тырысты.
Оқиғалар ағымы екінші кӛзқарастың сол тарихи кезеңдегі ұлт мүддесіне
сәйкес келетіндігін кӛрсетіп берді. Ұлттық саяси топ ӛз ретінде жаңа заман,
жаңа ӛзгерістердің келе жатқанын түсіне отырып, енді белсенді әрекетке кӛшті.
1916 жылғы кӛтерілістің тамыры тереңде жатты. Алдымен жерін
алып, онан соң малын алып, енді «жанын» аламыз дегенде, адам айтқысыз
қанауға түсіп шыдамы таусылған халық кӛтеріліске шығып, патша отаршыл
жүйеге қарсы тұрып саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани езгіден құтылу
үшін ұлттық тәуелсіздік жолында күреске шыққан болатын және бұл сӛзсіз
бұған дейінгі болған ұлт-азаттық қозғалыстардың заңды жалғасы еді.
115
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Қозыбаев М.Қ. 1916 жылғы ұлт-азаттық революция тарихнамасының
кейбір мәселелері // Қазақ әдебиеті. – 1992, сәуір – 3.
2 Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане. Сборник документов.
/ отв. ред. А.В. Пясковский, Т.Е. Елеуов и другие. - М.: АН СССР, 1960. – С.
694.
3 Семиреченские областные ведомости. – 1917, октябрь - 19.
4 Тілеубаев Ш. Ақмола, Жетісу, Семей, Орал және Торғай облысы
қазақтары ӛкілдерінің кеңесі // Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы,
1998. - Т. 1. - 191 б.
5 Рыскулов Т. Из истории борьбы за освобождение Востока (Востание
туземцев Туркестана против царизма в 1916 году) // Новый Восток. – 1924. - Т.
6. – С. 267.
6 Миклашевский А. Социальное движение 1916 года в Туркестане //
Былое. – 1924. - № 27-28. – С. 255.
7 Бройдо Г.И. Материалы к истории восстания киргиз в 1916 году //
Новый Восток. – 1924. – Кн. 6. - С. 434.
8 Божко Ф. Восстание 1916 года в бывший Туркестане. К 10 – летие
восстания. – Ташкент, 1926. – С. 11.
9 Чеканинский И. Восстание киргиз-казаков и кара-киргиз Джетысуйском
(Семиреченском) крае в июле-сентябре 1916 года. – Кзыл-Орда: Издание
Общество Изучения Казахстана, 1926. – С. 135.
10 Қыр баласы. (Ә. Бӛкейхановтың бүркеншік есімі – Ш.Т.) Шестаков.
1916 жылғы кӛтерілістің он жылдығына. 1916 – 1926. – М., 1926.
11 Дулатов М. 1916 жыл // Еңбекші қазақ. – 1926. - № 145. – 5 б.
12 Сарымолдаев К. Мое воспоминание о восстании казаков Меркенского
района в 1916 году // Красный Казахстан. – 1926. - № 2-3. - 70 б.
13 Жүргенов Т. 1916 жылғы қазақ кӛтерілісінде қала мен ауыл арасындағы
наразылық // Еңбекші Қазақ. – 1926, сентябрь – 30.
14 Шестаков А.В. Спорные вопросы восстания в Средней Азии в 1916 году
//Коммунистическая мысль. – 1927. - № 4. – С. 12-14.
15 Рыскулов Т. Восстание туземцев в 1916 году: в 2 ч. – Кзыл – Орда:
Издание комиссии при КазЦИК-е, 1927. – С. 71.
16 Абдрахманов Ю. Незабываемая годовщина // Советская Азия. – 1931. -
№ 5. – С. 27.
17 Восстание 1916 года в Средней Азии //Тез. кульпропа Средазбюро ЦК
ВКП(б) и САНИИР к 15-й годовщине восстания. – Ташкент, 1931. – С. 3-11.
18
ҚР ПМ. - 811-қ., 20-т., 752-іс, 2-5 п.
19 ҚР ПМ. - 811-қ., 20-т., 752-іс, 18 п.
20
ҚР ПМ. - 811-қ., 20-т., 752-іс, 24 п.
21
ҚР ПМ. - 811-қ., 20-т., 752-іс, 35 п.
22
ҚР ПМ. - 811-қ., 20-т., 752-іс, 43 п.
23 ҚР ПМ. - 811-қ., 20-т., 752-іс, 44 п.
116
24 ҚР ПМ. - 811-қ., 20-т., 752-іс, 70 п
.
25 1916 жылғы ұлттық қозғалыс туралы большевиктердің ӛтірігі //Шоқай
М. Таңдамалы шығармалар: 3 т. – Алматы: Қайнар, 2007. – Т. 1. - Б. 192-193.
26 Солтоноев Б. Кызыл кыргыз тарыхы. – Бишкек: Учкун, 1993. – К. 2.
27 Брайнин С., Шафиро Ш. Восстание казахов Семиречья в 1916 году.
Алма-Ата – М.: Казахстанское краевое изд-во, 1936. – С. 40.
28 Сулейменов Б. Основные вопросы истории восстания 1916 года в
Казахстане // Известия АН КазССР. Серия историческая. – 1948. - № 49. – С. 6-
10.; Кулиев О., Якунин А. Восстание 1916 года в Средней Азии //Вопросы
истории. – 1953. - № 3. – С. 18-20.; Народно-освободительное восстание 1916
года в Казахстане. – Алма-Ата, 1955.
29 Материалы Обьединенной научной сессии, повященной истории
Средней Азии и Казахстана в дооктябрьский период. – Ташкент, 1955. – С. 271.
30 Тұрсынов Х. Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане. –
Ташкент, 1962.; Үсенбаев К. Восстание 1916 года в Киргизии. – Фрунзе,
1967.; Сүлейменов Б., Басин В. Восстание 1916 года в Казахстане. – Алма-
Ата, 1977.
31 Омурбеков Т.Н. Участие народностей Семиречья в национально-
освободительном движении в начале ХХ века: автореф. ... канд. истор. наук. –
Фрунзе, 1986.
32 Национальные движения в условиях колониализма (Казахстан,
Средняя Азия, Северный Кавказ) // Матер. Всесоюзного «круглого стола». –
Целиноград: аль – Фараби.– 1991.
33 Кенжебаев Н.Т., Бисенбаев А.К. Проблемы восстания 1916 года. //
Вестник АН РК. – 1992. - № 1. – С. 80-81.
34 Қозыбаев М. 1916 жыл: ұлт-азаттық революция тарихнамасының кейбір
мәселелері // Қазақ әдебиеті. - 1992, сәуір - 3.
35 Қозыбаев М. Тағы да Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалысы туралы //Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: Қазақстан, 1994. –
126 б.
36 Нұрпейіс К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. - 256 б.;
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 368 б.; Соныкі.
Алаш қозғалысы. /Ӛңделіп, толықтырылған екінші басылымы/. – Алматы:
Мектеп, – 2008. - 480 б.;
37 Аманжолова Д. Партия Алаш: история и историография: учебное
пособие /Семипалатинский педагогический институт им. Шакарима. –
Семипалатинск, 1993. – 137 с.
38 Қасымбаев Ж. 1916 жылғы июнь жарлығы – заңсыздық //Егемен
Қазақстан. - 1996, сәуір - 16.
39 Национально-освободительное движение в Казахстане и Средней Азии
в 1916 году: характер, движущие силы, уроки: матер. Междунар. науч.-
теоретич. конф. - Алматы, 1996, октябрь - 18.
40 Ермұқанов Е.Н. 1916 жылғы кӛтеріліс тарихының кейбір мәселелері
(Ақмола және Семей облыстарының материалдары бойынша): тар. ғыл. канд. ...
117
автореф. – Алматы, 1993. - 30 б.; Құрманбеков Б. Н. 1916 жылғы кӛтеріліс
тарихының мәселелері (Батыс Қазақстан облысының материалдары бойынша):
тар. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 1998. - 28 б.; Ибрагимов Ж.И. 1916 ұлт-
азаттық кӛтеріліс. Хандық биліктің жаңғыруы. (Сарыарқа ӛңірі материалдары
бойынша): тар. ғыл. канд. ... автореф. – Қарағанды, 1999. - 27 б.; Бекмағанбетов
Ӛ.Ж. Жезқазған – Ұлытау ӛңіріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық кӛтеріліс және
оның тарихи сабағы: тар. ғыл. канд. ... автореф. – Астана, 2001. – 27 б.
41 Тӛлекова М. Жетісу халқы (1897-2000 жж.). – Алматы, 2002.
42 Қойгелдиев М. Жетісудағы Ресей билігі (ХІХ ғ. – 1917 ж.) – Астана:
Елорда, 2004. – Б. 171-189.
43 Мұқаметханұлы Н. Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860-
1920). – Алматы: Қазақпарат, 2000. – Б. 206-248.; Мұқаметханұлы Н. ХХ
ғасырдағы Қытайдың тарихи үрдісіндегі қазақтардың әлеуметтік дамуы: оқу
құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – Б. 118-166.
44 Махаева А. Қазақ-қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХҮІІІ
ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі). – Алматы: Ценные бумаги,
2007. – 276 б.; Махаева А. Қазақ-қырғыз саяси байланыстарының тарихы
(ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі): тар. ғыл. докт. ...
дис. – Алматы, 2009. – 246 б.
45 Новейшая история отечества XX века: учебник для вузов: в 2 т. - М.,
1999. - Т. 1. - С. І6-17.
46 Россия. Полное географическое описание нашего отечество.– СПб.,
1913. – Т. ХІХ. - С. 345.
47
Первая Всеобщая перепись населения Российской империи.
Семиреченская область. – СПб., 1897. - Т. 35. – С. 4.
48 ӚР ОММ. - И-1-қ., 20-т., 1753-іс., 14 п.
49 История Узбекистана. – Ташкент, 1995. – С. 145.
50 История и историография национально-освободительных движений
второй половины ХІХ – ХХ вв. Средней Азии и Казахстане. – Ташкент, 1989. –
С. 219.
51 Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар, 1999. – Т.1. - 267 б.
52 ӚР ОММ. - И-1-қ., 29-т., 77-іс., 17 п.
53 ҚР ОММ. - 64-қ., 1-т., 5572-іс., 2 п.
54 ҚР ОММ. - 64-қ., 1-т., 5587-іс., 12 п.
55 Галузо П.Г. Вооружение русских переселенцев в Средней Азии
(исторический очерк). – Ташкент, 1926. – С. 5.
56 ҚР ОММ. - 41-қ., 1-т., 252-іс., 340 п.
57 ӚР ОММ. - И-1-қ., 1-т., 17654-іс., 58 п.
58 ӚР ОММ. - И-1-қ., 2-т., 124-іс., 18-19 п.
59 ӚР ОММ. - И-1-қ., 2-т., 124-іс., 15-п.
60 Сапаргалиев Г.С. Карательная политика царизма в Казахстане. –
Алматы, 1996. – С. 73.
61 ҚР ОММ. - 124-қ., 1-т., 7-іс., 28-30 п.
118
62 Зайнчковский П.А. Кризис самодержавия на рубеже 1870 – 1880 годов.
– М., 1964. – С. 402.
63 ӚР ОММ. - И-1-қ., 27-т., 659-іс., 22-49 п.
64 ӚР ОММ. - И-1-қ., 27-т., 659-іс., 77 п.
65 Кривков А.Л. К вопросу о террористической деятельности
революционеров Южного Казахстана // Отан тарихы. - 2000. - № 1- 2. – С. 158.
66 Тынышбаев М. История казахского народа. – Алматы, 1993. – С. 27.
67 Перегудова З.И. Политический сыск России (1887–1917). – М.:
РОССПЕН, 2000. – С. 123-124.
68 ӚР ОММ. - И-461-қ., 1-т., 1026-іс., 26 п.
69 ӚР ОММ. - И-461-қ., 1-т., 1026-іс., 5-6 п.
70 ӚР ОММ. - И-461-қ., 1-т., 1026-іс., 85-87 п.
71 ӚР ОММ. - И-461-қ., 1-т., 1025-іс., 5-6 п.
72 ӚР ОММ. - И-461-қ., 1-т., 1172-іс., 246 п.
73 ӚР ОММ. - И-461-қ., 1-т., 2 а -іс., 195-196 п.
74 Галузо П.Г. Туркестан – колония: очерки истории колониальной
политики царизма в Средней Азии. – Ташкент, 1926. – С. 199.
75 ӚР ОММ. - И-461-қ., 1-т., 1319-іс., 31-196 п.
76 Тынышбаев М. Ұлы мәртебелі мырзаға //Қазақ әдебиеті. – 1990, қазан -
26.
77 РФ ММ. - 102-қ., 146-т., 7-іс., 65-66 п.
78 РФ ММ. - 102-қ., 146-т., 7-іс., 66 п.
79 Восстание 1916 года в Средней Азии: сб. докум / под ред. П.Г. Галузо. –
Ташкент: Госиздат УзССР, 1932. – С. 147.
80 ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің мұрағаты. - 6-қ.,
011494-іс., 98-99 п.
81 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2008. – Б. 100-101.
82 Материалы по истории политического строя Казахстана. – Алматы,
1960. – Т.1. - С. 395.
83 Материалы по истории политического строя Казахстана. – Алматы,
1960. – Т.1. - С. 395-396.
84 Қазақстанның территориялық тұтастығы мәселесіне // Жетісу. – 1990,
қазан - 3.
85 Леденев Н. История Семиреченского казачьего войска. – Верный, 1908.;
Обзор Семиреченской области за 1912 год. – Верный, 1913. – С. 34.
86 Покровский С.М. Победе Советской власти в Семиречье. – Алма-Ата,
1961. – С. 19.
87 Рабочее и аграрное движение в Казахстане // Сб. докум. и матер. –
Алма-Ата, 1957. – С. 461.
88 Галузо П.Г. Аграрные отношения на Юге Казахстана 1867-1914 гг. –
Алма-Ата, 1965. – С. 165.
89 Галузо П.Г. Аграрные отношения на Юге Казахстана 1867-1914 гг. –
Алма-Ата, 1965. – С. 203.
119
90 Галузо П.Г. Аграрные отношения на Юге Казахстана 1867-1914 гг. –
Алма-Ата, 1965. – С. 205.
91 Рабочее и аграрное движение в Казахстане //Сб. докум. и матер. – Алма-
Ата, 1957. – С. 519.
92 Муканов М.С. Этническая территория казахов в ХІХ – в начале ХХ вв.
– Алма-Ата, 1991. – С. 29.
93 Рабочее и аграрное движение в Казахстане //Сб. докум. и матер. – Алма-
Ата, 1957. – С. 84.
94 Шкапский О.А. Переселенцы и аграрный вопрос в Семиреченской
области // Вопросы колонизации. – СПб., 1907. - № 1. – С. 19-52.; Седельников
Т. Борьба за землю в Киргизской степи. – СПб., 1907. – С. 97.
95 Покровский С.М. Победе Советской власти в Семиречье. – Алма-Ата,
1961. – С. 22.
96 ҚР ОММ. - 380-қ., 1-т., 1-іс., 180 п.
97 Рабочее и аграрное движение в Казахстане //Сб. докум. и матер. –
Алма-Ата, 1957. – С. 87.
98 Юсупов И.И. Участие дунган в установлении Советской власти в
Семиречье. – Фрунзе, 1959. – Б. 8.
99 Галузо П.Г. Аграрные отношения на Юге Казахстана 1867-1914 гг. –
Алма-Ата, 1965. – С. 274.
100 Галузо П.Г. Аграрные отношения на Юге Казахстана 1867-1914 гг. –
Алма-Ата, 1965. – С. 274-275.
101 Омурбеков Т.Н. Участие народностей Семиречья в национально-
освободительном движении в начале ХХ века: дис. ... канд. истор. наук. –
Фрунзе, 1986. – С. 114.
102 Омурбеков Т.Н. Участие народностей Семиречья в национально-
освободительном движении в начале ХХ века: дис. ... канд. истор. наук. –
Фрунзе, 1986. – С. 117.
103 Турсынбаев А. Казахский аул в трех революциях. – Алма-Ата, 1967. –
С. 25.
104 Национальные движения в условиях колониализма (Казахстан,
Средняя Азия, Северный Кавказ) // Материалы Всесоюзного «круглого
стола». – Целиноград, аль – Фараби, 1991. – С. 104.
105 Восстание 1916 года в Туркменстане: докум. и матер. – Ашхабад, 1938.
– С. 218.
106 Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане. –
Алма-Ата, 1977. – С. 57.
107 Усенбаев К. Восстание 1916 года в Киргизии. – Фрунзе, 1967. – С. 84.
108 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
8 б.
109 РФ ММ. - 1701-қ., 1-т., 35-іс., 38-п.
110 Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане / отв. ред. А.В.
Пясковский, Т.Е. Елеуов //Сб. докум. – М., 1960. – С. 37.
111 Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры. – Алматы, 1992. - 30 б.
120
112 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
8 б.
113 ӚР ОММ. - 461-қ., 1-т., 1888 а -іс., 24-28 п.
114 Николай ІІ и великие князья (родственные письма к последнему царю).
– Л. – М.: ГИЗ, 1925. – С. 37.
115 Рыскулов Т. Из истории освободительной борьбы Востока // Новый
Восток. – 1924. - Т.6. – 273 б.
116 ҚР ПМ. - 811-қ., 20-т., 757-іс., 18 п.
117 ҚР ОММ. - 44-қ., 1-т., 20070-іс., 162 п.
118 Бройдо Г.И. Материалы к истории восстания киргиз в 1916 году //
Восстание киргизов и казахов в 1916 году. – Бишкек, 1991. – 111 б.
119 Қыр баласы. Шестаков. 1916 жылғы кӛтерілістің он жылдығына 1916 –
1926. – М., 1926.
120
ҚР ПМ. - 141-қ., 1-т., 948-іс., 6-п.; Т. Рыскулов. О восстании казаков и
каракиргиз в 1916 году //Красный Казакстан. – 1926. - № 1. – С. 14.
121 ҚР ОММ. - 797-қ., 1-т., 50-іс., 45 п.
122 ҚР ОММ. - 797-қ., 1-т., 50-іс., 79 п.
123 Донесение Военного губернатора Семиреченской области генерала
Фольбаума Туркестанскому генерал-губернатору А.Н. Куропаткину в конце
1916 года //Красный архив. – М., 1926. – Т. 3 (16). - С. 68.
124 Донесение Военного губернатора Семиреченской области генерала
Фольбаума Туркестанскому генерал-губернатору А.Н. Куропаткину в конце
1916 года //Красный архив. – М., 1926. – Т. 3 (16). - С. 70-71.
125 Орынбор, 1 январь //Қазақ. – 1918. - № 258. – 1 Б.
126
ӚР ОММ. - И-1-қ., 31-т., 1139-іс., 1-2 п.
127 Восстание 1916 года в Средней Азии /под ред. П.Г. Галузо //Сб.
докум.– Ташкент: Госиздат УзССР, 1932. – С. 126.
128 Восстание 1916 года в Средней Азии /под ред. П.Г. Галузо //Сб. докум.
– Ташкент: Госиздат УзССР, 1932. – С. 144-145.
129 Восстание 1916 года в Средней Азии /под ред. П.Г. Галузо //Сб. докум.
– Ташкент: Госиздат УзССР, 1932. – С. 126.
130
ҚР ОММ. - 427-қ., 1-т., 154-іс., 4 п.
131 ҚР ОММ. - 64-қ., 1-т., 5149-іс., 3-9 п.
132 ҚР ОММ. - 109-қ., 1-т., 6-іс., 5-6 п.
133 ҚР ОММ. - 427-қ., 1-т., 166-іс., 2 п.
134 ҚР ОММ. - 44-қ., 1-т., 20055-іс., 3-4 п.
135 ҚР ОММ. - 76-қ., 1-т., 510-іс., 614-615 п.
136 ҚР ОММ. - 76-қ., 1-т., 510-іс., 6 п.
137 ҚР ОММ. - 76-қ., 1-т., 510-іс., 443 п.
138 ҚР ОММ. - 76-қ., 1-т., 510-іс., 445 п.
139 ҚР ОММ. - 76-қ., 1-т., 510-іс., 303п.
140 ҚР ОММ. - 76-қ., 1-т., 510-іс., 356-373п.
141 ҚР ОММ. - 76-қ., 1-т., 510-іс., 223-п., 625 п.
142 ҚР ОММ. - 44-қ., 1-т., 20034-іс., 11п.
121
143 ҚР ОММ. - 44-қ., 1-т., 20045-іс., 2 п.
144 ҚР ОММ. - 76-қ., 1-т., 510-іс., 443 п.
145 ҚР ОММ. - 76-қ., 1-т., 510-іс., 623-п., 627 п.
146 ҚР ОММ. - 76-қ., 1-т., 510-іс., 625 п.
147 ҚР ОММ. - 76-қ., 1-т., 510-іс., 3 п.
148 1916 жыл. – Алматы, 1940. – 326 б.
149 ҚР ОММ. - 380-қ., 1-т., 1-іс., 175-177 п.
150 ҚР ОММ. - 380-қ., 1-т., 1-іс., 17-п.
151 ҚР ОММ. - 19-қ., 1-т., 623-іс., 157-158 п.
152 ҚР ОММ. - 44-қ., 1-т., 19370-іс., 1 п.
153 Қойгелдиев М. Жетісудағы Ресей билігі (ХІХ ғ. – 1917 ж.) – Астана:
Елорда, 2004. – Б. 188.
154 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
17 б.
155 ҚР ОММ. - 76-қ., 1-т., 2086-іс., 2-п.
156 Восстание 1916 года в Казахстане: докум. и матер /под ред. Б.С.
Сулейменова. – Алма-Ата, 1947. – С. 50-51.
157 ҚР ОММ. - 76-қ., 2-т., 204-іс., 10-11-п.
158
Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане /отв. ред. А.В.
Пясковский, Т.Е. Елеуов //Сб. докум. – М., 1960. – С. 323.
159 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
13 б.
160 Қарқара айбат: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
19 б.
161 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
30 б.
162 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
31 б.
163
Чеканинский И. Восстание киргиз-казаков и кара-киргиз
Джетысуйском (Семиреченском) крае в июле-сентябре 1916 года. – Кзыл-Орда:
Издание Общество Изучения Казахстана,1926. – С. 22.
164 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 191 б.
165 Тынышбаев М. Босқын қырғыз-қазақ жайы // Қазақ. – 1917. - № 254. –
2 Б.
166 ҚР ОММ. - 13-қ., 1-т., 1-іс., 6 п.
167
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2008. – 230 б.
168 Қазақ ССР тарихы. Кӛне заманнан бүгінге дейін.– Алматы, 1979. – Т.
3. - Б. 455-456.
169 Қозыбаев М. 1916 жыл: ұлт-азаттық революция тарихнамасының
кейбір мәселелері // Қазақ әдебиеті. - 1992, сәуір - 3.
170 Қазақтан солдат алу // Қазақ. – 1915. - № 153. – 1 Б.
171 Қазақтан солдат алу туралы // Қазақ. – 1915. - № 153. – 2 Б.
172 Известия Всероссийского Мусульманского Совета. – 1915. - № 15. – С.
16.
122
173 ӚР ОММ. - 461-қ., 1-т., 1887-іс., 308-311 п.
174
Қазақтан солдат алу туралы // Қазақ. – 1915. - № 154. – 1 Б.
175 Қазақтан солдат алу туралы // Қазақ. – 1915. - № 154. – 2 Б.
176 Дулатұлы М. Г. Дума һәм солдаттық мәселесі //Қазақ. – 1915. - № 166.
– 1 Б.; Солдаттық мәселесі // Қазақ. 1915. - № 168. – 2 Б.; Қазақ әскерге алыну
мәселесі // Қазақ. 1915. - № 177. – 1 Б.
177 Әскер алса //Қазақ. – 1915. - № 168. – 3 Б.
178 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2008. – Т. 1. - 247
б.
179 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2008. – Т. 1. - 248
б.
180 ҚР ОММ. - 797-қ., 1-т., 50-іс., 79 п.
181 Тынышпаев М. История казахского народа. – Алматы: Санат, 1993. -
42 б.
182 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2008. – Т. 1. -
250 б.
183 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2008. – Т. 1. -
251 б.
185 ҚР ОММ. - 51-қ., 1-т., 98-іс., 14 п.
186 185 ҚР ОММ. - 51-қ., 1-т., 98-іс., 16-17п.
187 Қазақ ұлт – азаттық қозғалысы. Жетісу – Ыстықкӛл қасіреті: құжаттар
мен материалдар жинағы. –Астана: Ел-Шежіре, 2007. – Т. 2. – Б. 32-36.
188 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2008. – Т. 1. - 253
б.
189 ҚР ОММ. - 797-қ., 1-т., 46-іс., 401-410 п.
190
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Бірінші том. Ӛңделіп,
толықтырылған екінші басылымы. – Алматы: Мектеп, 2008. – 253 б.
191 Тілеубаев Ш. Ақмола, Жетісу, Семей, Орал және Торғай облысы
қазақтары ӛкілдерінің кеңесі // Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы,
1998. - Т. 1. - 191 б.
192 Ғалихан, Ахмет, Міряхұп. Алаштың азаматына //Қазақ. – 1916. - №
192. – 1 Б.
193
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Бірінші том. Ӛңделіп,
толықтырылған екінші басылымы. – Алматы: Мектеп, 2008. – 254 б.
194 Тынышпаев М. История казахского народа. – Алматы: Санат, 1993. -
42 б.
195 Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. –
Алма-Ата, 1961. – С. 110-112.
196 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2008. – 257 б.
197 Национально-освободительное восстание казахских трудящихся
против царизма в 1916 году //Сб. воспоминании и материалов. – Алматы, 1937.
– С. 290.
198 Тынышбаев М. Босқын қырғыз-қазақ жайы // Қазақ. – 1917. - № 254. –
2 Б.
123
199 ҚР ОММ. - 9-қ., 1-т., 34-іс., 17-п.
200 ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің мұрағаты. - 6-қ.,
04727-іс., 299-301-п.
201 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2008. – Т. 1. - 258
б.
202 ҚР ОММ. - 19-қ., 1-т., 623-іс., 157-158-п.
203 Мятеж киргиз Семиреченской области в 1916 году. (Его причины,
течение и постепенная ликвидация). ҚР ПА. 141-қ., 1-т., 692-іс., 31-32-пп.
204 ҚР ОММ. - 44-қ., 1-т., 19370-іс., 1-п.
205 Доклад Пржевальских депутатов краевому Совету //Наша газета. - №
47-49.; ҚР ПМ. - 811-қ., 20-т., 140-іс., 55-57-п.
206
ҚР ПМ. - 811-қ., 20-т., 73-іс., 1-п.
207 РМӘСТМ. - 71-қ., 34-т., 1488-іс., 14-п.
208 ҚР ОММ. - 9-қ., 1-т., 27-іс., 4-п.
209 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2008. – Т. 1. - 260
б.
210 Жұртбаев Т. 1916 жыл. «Әскери серуен сойқаны» // Қазақ әдебиеті. -
1990, қыркүйек - 28.
211 Қазақ ұлт – азаттық қозғалысы. Жетісу – Ыстықкӛл қасіреті: құжаттар
мен материалдар жинағы. –Астана: Ел-Шежіре, 2007. – Т. 2. - 5 б.
212 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
14 б.
213
Қыр баласы. (Ә. Бӛкейхановтың бүркеншік есімі – Ш.Т.) Шестаков.
1916 жылғы кӛтерілістің он жылдығына. 1916 – 1926. – М., 1926.
214 Брайнин С., Шафиро Ш. Восстание казахов Семиречья в 1916 году.
Алма-Ата – М.: Казахстанское краевое изд-во, 1936. – С. 53.
215 Хроника о казаке // Семиреченская жизнь. – 1916, сентября – 4.
216 ӚР ОММ. - Р-17-қ., 1-т., 236-іс., 10-п.
217
ӚР ОММ. - Р-17-қ., 1-т., 236-іс., 17-18-п.
218 Рыскулов Т. Восстание туземцев в 1916 году: в 2 ч. – Кзыл – Орда:
Издание комиссии при КазЦИК-е, 1927. – С. 96.
219 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2008. – Т. 1. - Б.
36-37.
220 ҚР ОММ. - 380-қ., 1-т., 1-іс., 176 п.
221 ҚР ОММ. - 380-қ., 1-т., 1-іс., 184 п.
222
ҚР ОММ. - 44-қ., 1-т., 19370-іс., 1-п.
223 ҚР ОММ. - 380-қ., 1-т., 1-іс., 176-п.
224 ҚР ОММ. - 380-қ., 1-т., 1-іс., 183-п.
225 ҚР ОММ. - 380-қ., 1-т., 1-іс., 184-п.
226 ҚР ОММ. - 380-қ., 1-т., 1-іс., 185-п.
227 ҚР ОММ. - 44-қ., 1-т., 5073-іс., 7-п.
228 ҚР ОММ. - 44-қ., 1-т., 5073-іс., 8-п.
229 ҚР ОММ. - 44-қ., 1-т., 5073-іс., 8-9-п.
230 ҚР ОММ. - 380-қ., 1-т., 1-іс., 186-п.
124
231 ҚР ОММ. - 44-қ., 1-т., 5073-іс., 10-п.
232 ҚР ОММ. - 44-қ., 1-т., 5073-іс., 11-п.
233 Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы: құжаттар мен материалдар жинағы //
Жетісу. – Астана, 2008. – Т. 11. - Б. 70-80.
234 ҚР ОММ. 44-қ., 1-т., 5073-іс, 7-12 пп.
235 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
31-32 б.
236 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
38-39 б.
237 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
166 б.
238 ҚР ОММ. - 427-қ., 1-т., 166-іс., 2-10 п.
239 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
167 б.
240 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
117 б.
241 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
39 б.
242 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
23 б.
243 Қазақ ұлт – азаттық қозғалысы. Жетісу – Ыстықкӛл қасіреті: құжаттар
мен материалдар жинағы. –Астана: Ел-Шежіре, 2007. – Т. 2. - 5 б.
244 Қозыбаев М. 1916 жыл: ұлт-азаттық революция тарихнамасының
кейбір мәселелері // Қазақ әдебиеті. - 1992, сәуір - 3.
245 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2008. – Т. 1. - Б.
31.
246 А. Найманқожа баласы. Босқын қырғыз жай-күйі // Қазақ. 1917. - №
231. – 2 Б.
247 Босқын қырғыздарға жәрдем комитеті // Қазақ. 1917. - № 232. – 1 Б.
248 Дулатұлы М. Оян қазақ! // Қазақ. 1917. - № 233. – 1 Б.
249 Дулатұлы М. Аш-жалаңаш қазақ-қырғызға жылу жинайтын комитет
ашылғанды // Сарыарқа. 1918. – 33. 1 Б.
250 Алаш азаматтарына // Қазақ. 1917. - № 233. – 1 Б.
251 Жәрдем комитетінің мәліметі //Қазақ. 1917. - № 233. – 2 Б.
252 Байзак Мамбетулы и его современники: сб. документов и материалов
/Сост. Қойгелдиев М.К., Тлеубаев Ш.Б., Оразов Р.Е., - Алматы: л-Шежіре, 2008.
С. 7.
253 Арабаев И. Бишара қырғыз бауырдарыңды ұмытпаңдар // Қазақ. 1917.
- № 23. – 1 Б.
254 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
117 б.
255 Жүнісов Ә. // Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы, 1998. -
Т. 4. - 177 б.
125
256 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
39 б.
257
Чеканинский И. Восстание киргиз-казаков и кара-киргиз
Джетысуйском (Семиреченском) крае в июле-сентябре 1916 года. – Кзыл-Орда:
Издание Общество Изучения Казахстана, 1926. – С. 25.
258
Чеканинский И. Восстание киргиз-казаков и кара-киргиз
Джетысуйском (Семиреченском) крае в июле-сентябре 1916 года. – Кзыл-Орда:
Издание Общество Изучения Казахстана, 1926. – С. 45.
259 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
167 б.
260
Чеканинский И. Восстание киргиз-казаков и кара-киргиз
Джетысуйском (Семиреченском) крае в июле-сентябре 1916 года. – Кзыл-Орда:
Издание Общество Изучения Казахстана, 1926. – С. 25.
261
Чеканинский И. Восстание киргиз-казаков и кара-киргиз
Джетысуйском (Семиреченском) крае в июле-сентябре 1916 года. – Кзыл-Орда:
Издание Общество Изучения Казахстана, 1926. – С. 41.
262 Тынышбаев М. Босқын қырғыз-қазақ жайы // Қазақ. – 1917. - № 254. –
2 Б.
263 РФ ММ. - 1701-қ., 1-т., 35-іс., 38-39-п.
264
Чеканинский И. Восстание киргиз-казаков и кара-киргиз
Джетысуйском (Семиреченском) крае в июле-сентябре 1916 года. – Кзыл-Орда:
Издание Общество Изучения Казахстана, 1926. – С. 47.
265 Сапаргалиев Г.С. Карательная политика царизма в Казахстане. –
Алматы, 1996. – С. 364.
266 Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991. –
81-82 б.
Достарыңызбен бөлісу: |