Timss және pisa халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу есептер жинағы разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa



Pdf көрінісі
бет15/75
Дата21.10.2022
өлшемі2,87 Mb.
#44717
түріСборник задач
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75
16-есеп. Жер телімінің ауданы.
Периметрі 20 м және ұзындығы енінен 1,5 есе артық тіктөртбұрыш пішінді 
жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлу қажет.
1-сұрақ. Берілген жер телімінің өлшемдері қандай?
Жауабы: ____ .
2-сұрақ. Егер шыққан жер телімі шаршы пішінді болса, оның өлшемдері 
қандай болуы мүмкін?
Жауабы: ____ .
3-сұрақ. Егер шыққан жер телімі тіктөртбұрыш пішінді болса, оның 
өлшемдері қандай болуы мүмкін?
Жауабы: ____ .
4-сұрақ. Берілген жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлудің ең кіші және 
ең үлкен саны қандай?
Жауабы: _______ .
17-есеп. Фигураның ауданы.
Қабырғалары 25 см болатын шаршыға, бір төбесі осы тіктөртбұрыштың 
төбесімен сәйкес келетін, ал үш төбесі оның үш қабырғасының ортасы болып 
табылатын төртбұрыш іштей сызылған (20-сурет).
20-сурет  
 
1-сұрақ. Боялған фигураның ауданы неге тең?
Жауабы: ________ .
2-сұрақ. Боялған фигураның өлшемдері қандай?
Жауабы: ________ .
3-сұрақ. Боялған фигураның периметрі неге тең?
Жауабы: ________ .
4-сұрақ. Боялған фигураның ауданы берілген тіктөртбұрыштың ауданынан 
қанша пайыз кем?
Жауабы: ________ .
18-есеп. Фигураның биіктігі.
Биіктігі 30 см конус пішінді мыс тетік цилиндр етіп қайта балқытып 
құйылды, оның табанының радиусы осы конус пішінді тетіктің шеңбері 
радиусына тең.
Сұрақ. Цилиндр қандай биіктікте болады?
Жауабы: _______ .


25 
19-есеп. Қозғалыс.
Екі пойыз 60 км/сағ және 65 км/сағ жылдамдықпен бір-біріне қарсы жүріп 
келеді. Үш сағаттан кейін олардың арасы 250 км болды. .
1-сұрақ. 3 сағ-та әр пойыз қанша километр жүріп өтті?
Жауабы: _______ .
2-сұрақ. Пойыздар қанша сағаттан кейін кездеседі?
Жауабы: ________ .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет