45
19-есеп. Қозғалыс.
Велосипедші 4 сағат бойы 18 км/с жылдамдықпен жүрді.
1-сұрақ. Жолды 0,5 сағатқа тезірек жүріп өту үшін, ол қозғалыс
жылдамдығын қаншаға арттыруы керек?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Жолды 20 км/с жылдамдықпен жүрсе, онда уақыт қалай өзгереді?
Жауабы: ___________.
20-есеп. Жас.
Әкесі және баласының жасын бірге қосқанда – 30 жас, баласы мен
атасының жасын бірге қосқанда – 60 жас, ал әкесі мен атасын бірге қосқанда –
84 жас.
Сұрақ. Сонда әкесі, баласы және атасының әрқайсысы неше жаста
болғаны?
Жауабы: ___________.
21-есеп. Санау.
Егер газеттің ашылған парағының сол жақ беті он сегізінші деп, ал оң жағы
– отыз алтыншы деп нөмірленсе, онда осы газетте неше бет болғаны?
Жауабы: ___________.
22-есеп. Спортшылар саны.
Шаңғы жарыс жолында Айнұрдың алдында 25 спортшы тұрды. Айнұрдың
артында 19 спортшыдан кейін Елдос кезекте тұр. Елдостан кейін 7 спортшы
бар.
1-сұрақ. Айнұрдың нөмірі нешінші?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Елдостың нөмірі нешінші?
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Жарысқа барлығы қанша спортшы қатысуда?
Жауабы: ___________ .
23-есеп. Қашықтық.
Оқушыларға 60 тал отырғызу тапсырылды.
1-сұрақ. Талдарды 6 қатарға отырғызу керек болса, онда әрқатарда қанша
талдан болады?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Талдарды әрқатарда 12 талдан болатындай етіп отырғызса, онда
қанша қатар болады?
Жауабы: ___________.
3-сұрақ. Талдарды 4 қатарға әрқатарда 5 талдан болатындай етіп
отырғызуға болады ма?
Жауабы: ___________.
|