Timss және pisa халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу есептер жинағы разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa



Pdf көрінісі
бет30/75
Дата21.10.2022
өлшемі2,87 Mb.
#44717
түріСборник задач
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75
Байланысты:
Timss ж не pisa халы аралы зерттеулерге о ушыларды дайындау а а

 


45 
19-есеп. Қозғалыс.
Велосипедші 4 сағат бойы 18 км/с жылдамдықпен жүрді.
1-сұрақ. Жолды 0,5 сағатқа тезірек жүріп өту үшін, ол қозғалыс 
жылдамдығын қаншаға арттыруы керек?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Жолды 20 км/с жылдамдықпен жүрсе, онда уақыт қалай өзгереді?
Жауабы: ___________.
 
20-есеп. Жас.
Әкесі және баласының жасын бірге қосқанда – 30 жас, баласы мен 
атасының жасын бірге қосқанда – 60 жас, ал әкесі мен атасын бірге қосқанда – 
84 жас.
Сұрақ. Сонда әкесі, баласы және атасының әрқайсысы неше жаста 
болғаны?
Жауабы: ___________.
21-есеп. Санау.
Егер газеттің ашылған парағының сол жақ беті он сегізінші деп, ал оң жағы 
– отыз алтыншы деп нөмірленсе, онда осы газетте неше бет болғаны?
Жауабы: ___________.
 
22-есеп. Спортшылар саны.
Шаңғы жарыс жолында Айнұрдың алдында 25 спортшы тұрды. Айнұрдың 
артында 19 спортшыдан кейін Елдос кезекте тұр. Елдостан кейін 7 спортшы 
бар. 
1-сұрақ. Айнұрдың нөмірі нешінші?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Елдостың нөмірі нешінші?
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Жарысқа барлығы қанша спортшы қатысуда?
Жауабы: ___________ .
23-есеп. Қашықтық.
Оқушыларға 60 тал отырғызу тапсырылды.
1-сұрақ. Талдарды 6 қатарға отырғызу керек болса, онда әрқатарда қанша 
талдан болады?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Талдарды әрқатарда 12 талдан болатындай етіп отырғызса, онда 
қанша қатар болады?
Жауабы: ___________.
3-сұрақ. Талдарды 4 қатарға әрқатарда 5 талдан болатындай етіп 
отырғызуға болады ма?
Жауабы: ___________.


46 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет