Идиоадаптация – организмнің құрылым деңгейі күрделенбей, өзгермей тіршілік үшін күресте белгілі бір орта жағдайына бейімделуі. Мысалы, жануарлардың бүркеніш реңі, өсімдіктердің тікенектері және т.б. белгілер жатады. - Идиоадаптация – организмнің құрылым деңгейі күрделенбей, өзгермей тіршілік үшін күресте белгілі бір орта жағдайына бейімделуі. Мысалы, жануарлардың бүркеніш реңі, өсімдіктердің тікенектері және т.б. белгілер жатады.
Дегенерация немесе морфофизиологиялық регресс – организмдердің тұрақты және қалыпты жағдайларға бейімделуінің нәтижесінде құрылысының қарапайымдалуы. Мысалы, паразиттік тіршілік етуіне байланысты жалпақ құрттарда сезім, асқорыту мүшелерінің жойылып, жүйке жүйесі құрылысының қарапайымдануы. - Дегенерация немесе морфофизиологиялық регресс – организмдердің тұрақты және қалыпты жағдайларға бейімделуінің нәтижесінде құрылысының қарапайымдалуы. Мысалы, паразиттік тіршілік етуіне байланысты жалпақ құрттарда сезім, асқорыту мүшелерінің жойылып, жүйке жүйесі құрылысының қарапайымдануы.
- Тұқым қуалайтын өзгергіштік тұрақты сипатқа ие, себебі генотип құрылымын ДНҚ нуклеотидтері деңгейіне дейін қозғайды, хромосомалардың санын, гендердің құрылымын, хромосомалардың тәртібін өзгертеді: делеция, транслокация, дупликация.
Макроэволюция – түрден де жоғары деңгейдегі таксондардың қалыптасуына ықпал ететін процесс. - Макроэволюция – түрден де жоғары деңгейдегі таксондардың қалыптасуына ықпал ететін процесс.
Микроэволюция - бір түрге жататын популяциялар ішінде жүретін әрі сол популяциялардың гендік қорының өзгеруіне және жаңа түрлердің пайда болуына алып келетін эволюциялық процестердің жиынтығы. - Микроэволюция - бір түрге жататын популяциялар ішінде жүретін әрі сол популяциялардың гендік қорының өзгеруіне және жаңа түрлердің пайда болуына алып келетін эволюциялық процестердің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |