[ 64 ]
Үшінші тарау
КОНСТРУКТиВТІ
КӨРЕАЛМАУШЫЛЫҚ ЖАСАСЫН
Он тоғызыншы ғасырда Еуропада норвегиялық
Нильс Абель мен немістің Карл Густав Якоб Якоби де-
ген математиктерінің арасында бәсекелестік болады.
Біріншісі жиырма алты жас өмір сүрсе, екіншісі қырық
алты жасында дүние салыпты. Бір-бірімен жарыса
жүріп екеуі ғылымда талай жаңалық ашып, математи-
каны ілгері қарай қатты дамытады.
Мен де еліміздегі екі үлкен ғалымды танитын-
мын. Бір-бірімен кітап жазып жарысатын.
Осындай
бақталастықтың арқасында қазақ ғылымы ұтпаса,
ұтылмады. Бір-біріңді көре алмасаң, қазақ, осы екі
ғалымнан үлгі алыңдар.
Көреалмаушылықтың өзін
пайдаға асыруға болады.
БАЛАҢЫЗДАН БҰРЫН АЛДЫМЕН ӨЗІҢІЗДІ
ТӘРБиЕЛЕҢІЗ
Достарымнан: «Қазір қандай кітап оқып жүрсің-
дер?» – деп сұрағанымда, кейбіреулері жұмыстан үйге
келгенде, ештеңе істеуге күші қалмайтынын айтып,
әбден қынжылады.
Рас, бүгінгі таңда күн көру жеңіл шаруа емес.
Әсіресе жас отбасыларға оңай тиіп жатқан жоқ.
Солардың біреуіне: «Балаларың өскенде олардың
кітапқа әуес болғандарын қаламайсыңдар ма?» –
деймін. «Бәке, шайымызды зорға ішіп, баламыздың
басынан
бір иіскеп, төсекке құлаймыз. Кітап
оқытуға шамамыз келмей қалады», – деп жауап
қайырады.
Ой салатын әңгімелер
[ 65 ]
Мен ондайларға: «Балаңмен
отырып бірге кітап
оқымасаң да, ұйықтар алдында өзің он минут болса да
кітаптың бетіне үңіл. Бала көргенін қайталайды. Өзің
кітап оқысаң, балаң да соны қайталайды, тіпті қинап
кітап оқытудың қажеті шамалы. Әйтпесе ертең балаң
ақпарат заманында кітап бетін ашпай өсіп, қатарынан
қалып жатса кімге ренжисің?» – дегім келеді.
Мен өзім балаларымды кітап оқуға баулимын.
Маған қарап олар да кітабын тастамайды. Үлкен
қызым Асылжан екіге толмай жатып өзінің шағын
кітапханасын жасап алды. Айтқандай, оның ең бірінші
«оқыған» кітабы «Политические процессы в арабском
мире» еңбегі болды.
Мен ондай ата-аналардың ұйықтар алдын-
да міндетті түрде 10-15 минут қалтафондарымен
фейсбук не инстаграмды
көрпе астында жатып
шұқитындарына сенімдімін. Ертең оны көрген бала
да смартфоннан шықпайтын болады.
Заман ауысса да, ақиқат жалғыз – фейсбук оқитын-
дарды кітап оқитындар билейді.
БІР КҮНДІК ПСиХОЛОГияНЫҢ КЕСІРІ
Менің жеке кітапханамда елу томдық қазақ
этнографиясының энциклопедиясы тұр. Бұл серия
2007 жылы Павлодарда басылып шыққан.
Мен қазіргі тарихшыларды онша оқи бермеймін.
Өйткені тарихшылардың біразы дереккөздермен жұ-
мыс істеу үшін баяғы шағатай, парсы сынды тілдерді
білмейді. Бірақ атына затын сай келтіру үшін еңбек-
тер жазады. Мәселен,
Бөгенбай батырды сипаттау