Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет52/66
Дата02.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#131387
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66
Байланысты:
Күміс кітап

Оқырманды қалыптастыру
[ 141 ]
лық заманында өмір сүріп жатқан адаммын. 
Тұтынушылық болмыс менің санамды билейді, басқа 
амалым жоқ. Қарапайым тілмен айтсам, пицца жегім 
келсе, кептелісте тұрып, шаршап-шалдығып, оны қай 
жерде дайындайды екен деп іздеп жүрмеймін. Ин-
тернетке кіремін де, үйімнің жанындағы бес-алты 
кәсіпкердің пиццасын тез арада есігіме дейін жеткізіп 
беруге дайын екенін көремін. Соған жаман үйрене бас- 
таймын, солай санам қалыптасады. Өлең де – тауар. 
Шенеуніктің қолдап, кітабыңды шығарып бергені 
шығармаға артықшылық қоспайды. Сен сұрап бар-
дың, ал бір ұялшақ ақын оған бара алмады. Сонда 
оның поэзиясы оқуға лайықсыз деген сөз емес қой? 
Лайықты санасаң, дәлелде. 
Мен «Күміс кітабымды» мемлекеттің есебінен 
шығарған жоқпын. Және шығарып алып, соған мәз 
болып, достарыма таратып немесе үйде ұстап отыр-
мадым. Еліміздің ең үлкен кітап дүкендері желісінің 
басшысымен танысып, сөйлесе келе, оған кітаптың 
әлеуметтік маңызы барын дәлелдеп, халқыма деген 
сый екенін және жеке басымның пайдасын ойламай, 
қаламақымды қоспай, өз бағасына беретінімді айтып, 
оны да үстеме ақы қоймауға көндірген едім. Оңай бол-
мады, көп жүгірдім. Сондағы мақсатым – кітабымның 
әрбір оқырманның есігіне жетуі. Мен оқырманмен, 
оның заманауи мінез-құлқымен санасуым керек.
Біздің интеллигенциямыз, жас ақын, жазушыла-
рымыз масылдық сарыннан арылуы керек. Әйтпесе 
мәдениетіміз өрге жүзбейді және жаңғыруымыз 
екіталай.


[ 142 ]
ҚОРЫТЫНДЫ
Осымен кітабым тамам. 
Бір қызық айтып берейін. Бұл жұмысты жа-
зып аяқтаған соң, Медет Сүлейменов деген таны-
сым кітап болып шыққан «Молодежь Централь-
ной Азии. Казахстан» деген әлеуметтанушылық 
зерттеуді сыйлады. Еліміздің он төрт облысы мен 
екі қаласында жүргізілген зерттеудің нәтижесінде 
жастарымыздың қазіргі көңіл күйін анықтапты. 
Соның ішінде мынадай көрсеткіш бар: еліміздің 
жастарының 78,6 пайызы кітапты не сирек оқиды, 
не мүлдем бетін ашпайды екен. Бұл бізді алаңдатуы 
керек. Ертең пайдалы қазбаларымыз сарқылғанда, 
жиырма бірінші ғасырдың келбетін анықтайтын 
«ақылды» экономиканы құрудың орнына көше сы-
пырып кетпейік. Мен кітапты осыны сезгендей жа-
зып шыққан екенмін. Бұрын мәселені сезіп жүрсем 
де, мына санды көріп шошығаным рас.
Кітап оқып үйренем деуші жастарға осы шағын 
еңбегім әдістемелік нұсқаулық болмаса да, кітап ба-
рысында айтылған кеңестерді қысқа да нұсқа бөліп 
көрсетуге болады:
– кітап оқудың кез келген мүмкіндігінен бас тарт-
пай, пайдаланыңыз;
– сатып алуға ақшаңыз болмаса, дүкенде тұрып 
оқи беру керек. Бірақ қазіргі кезде ондайға бара 


Қорытынды
[ 143 ]
қоймассыз деп ойлаймын. Қанша айтқанмен, көп 
жағдайда іздегеніңізді Интернеттен де тауып оқуға 
болады;
– егер әлі оқушы не студент болсаңыз және 
кітап оқуға құмарлығыңыз енді оянса, онда қолға 
түскеннің барлығын таңдамай оқи беріңіз. Ертелі-
кеш талғамыңыз қалыптасып, не керек екенін нақты 
білетін боласыз. Адамзат тарихында ертеден бүгінге 
дейін жазылған миллиондаған кітаптың арасында 
тек жүзін ғана оқыған шарт, бірақ сол жүз кітапты 
анықтау үшін мыңдаған кітап оқуыңыз керек;
– ал егер оқуды аяқтап, жұмыс істеп жүрсеңіз, от-
басылы болсаңыз, қолға түскенді оқи беруге уақыт 
табыла бермейтіндіктен, ұлы тұлғалардың өмір-
баяндарын оқудан бастаңыз. Бұл әдістің арқасында 
өмірде және жұмыста қажет болатын қабілеттерді 
қалыптастыра аласыз;
– әрбір кітаптың қадірі бар екенін естен шығар-
маңыз. Бұл туралы түсінік тек көп кітап оқығанда 
ғана қалыптасады;
– күніне, кем дегенде, жарты сағатыңызды кітап 
оқуға арнауды ұмытпаңыз;
– ағылшын тілін меңгеріңіз;
– қазіргі заманда қаптап кеткен бизнес, өз-өзіңді 
дамыту, мотивацияны иелену туралы әдебиет жай 
ғана сән екенін ұмытпаңыз. Егер күлмесхан адам 
болсаңыз, сізге сәнге айналған кітаптарда жа-
зылғандай, күліп үйренудің қажеті жоқ, күлмейтін 
адамдардың да басымдыққа ие тұстары болады. 
Сәннің жетегінде кетпеңіз;
– мотивация туралы жүз кітап оқудың қажеті жоқ. 
Нацистік Германияның концлагерлерінің тозағына 


[ 144 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет