Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет54/66
Дата02.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#131387
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
Байланысты:
Күміс кітап

Ақұштап Бақтыгерееваның
 
«Күміс кітаптың» таныстырылымында 
сөйлеген сөзінен. Орал қаласы, Жұбан Молдағалиев 
атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана, 
24 қаңтар, 2017 жыл.
* * *
Айналайын Бақытжан, сенің «Күміс кітабыңды» 
оқи отырып: «Апыр-ай, осы бір тұжырымдар қай за-
манда да жас ұрпақты тәрбиелеуге керек екен ғой», – 


Кітап жайында пікірлер
[ 149 ]
деп таңғалдым. Кітапты оқу барысында оның өсіп 
келе жатқан ұрпақтардың уақыттарын бос өткізбей, 
білім алуына, жақсы азамат болып өсуіне, ортаға 
бейімделуіне өте қажет екеніне көзім жетті. 
Кітаптағы ұлы ғұламалардың тұжырымдарымен 
қатар, өзіңнің замандас достарыңның да пікірлері 
осы кітапты қолына алып оқып шыққан әрбір жастың 
жүрегінен орын табады деп ойлаймын.
Қазір кітап оқудың кенже қалып бара жатқаны 
рас. Жастардың санасы басқа жаққа ауып барады. 
Сондықтан олардың адаспай, түзу жолды таңдап, 
жақсы азамат болуларына өзің сияқты ағаларының 
септігі тиер деп сенемін.
Ал мына еңбегінде жазғандарың бала емес, үлкен-
дердің өзін ойландыратын дүние. Осы кітабың арқы-
лы бір-екі емес, одан да көп ұрпақты тәрбиелеуге үлес 
қосасың деп ойлаймын. Бұл – ғажап дүние. Бүгінде 
баланың құлақ бұрауын келтіруден гөрі, алдымен 
ата-ананың құлақ бұрауын келтіру керек. Қазір мына 
сан-сапалақ дүниеде өнегелі тәрбие берудің өзі қалыс 
қалып жатыр. Сенің кітабыңда ата-ана баласын қалай 
және қай бағытта тәрбиелеу керек, алдымен не ұсыну 
керек, міне, осының бәрі айқын көрсетілген. Сонымен 
бірге бала нені аңғаруы керек және қандай кітапты 
оқуы керек, одан нені үйренуі керек екенін де біледі. 
Кітаптың іші бағыт-бағдар емес, адамның жаны, 
әсіресе жастардың жаны екен. Бұл кітап – солардың 
бүгінгі қазақ болуына, бүгінгі айтылып жатқан рухани 
жаңғыруда – «қазақы код». Демек, үлкен дүниелердің 
алғашқы қадамы да сенің кітабыңда. Бұл кітаптағы 
қарапайымдылық пен сұңғұлалық бағыт-бағдар, 
жастарға деген келешек нық қадам, ал ата-ана үшін 


[ 150 ]
Күміс кітап
бала тәрбиелеудегі бүгінгі заманына сай қадау-қадау 
шешімдердің жолы. Бұл кітапты оқыған әрбір саналы 
жас есін жияды деп ойлаймын.
Айналайын, мен осы сенің өзіңнің жасыңдағы 
көтерген ауыр жүкті соншалықты таразылап, алды-
мен өзің болмысыңнан өткізіп, осындай тұжырым шы-
ғарғаныңа, біріншіден, таңғалып, екіншіден, шын мә-
нінде, біздің үміт күтіп отырған көп ұрпақтың ішінде 
өзіңдей азаматтардың барлығына қуанып отырмын. 
1960–70-жылдарда біздің ортамызда өзіңдей 
оң-солын, алдыңғы барар жолын тез түсінген жа-
стар болғанда, бәлкім, біз де, оның ішінде, мен өзім 
де, басқаша бағыт алар ма едім. Сол бағытым бүгін 
менің ой-өрісімді кеңейтпесе, менің алған жолым-
ды бұдан да тегеурінді, ойларымды бұдан да асқар 
тауға бағыштар ма едім деп ойлаймын. Сондықтан 
сен бүгінгі жастардың үміт-мүддесі, арман тілегін 
орындауға көмектесетін азаматсың. 
Айналайын Бақытжан, бақытты бол. Сенің 
келешегіңнен үлкен үміт күтем. Бірақ, өзің айтқандай, 
мына білімнің барлығы ертеңгі күні іске аспаса, 
барлығы түкке қажетсіз болып қалады.
Кітабыңа алдымен үлкен насихат керек деп ой-
лаймын. Ол үшін ақпарат құралдары арқылы өзің 
қатарлы жастармен бетпе-бет келуге қорықпау ке-
рек. Отырып алып теледидардан фәлсафа соққаннан 
гөрі, той-томалақта ауызымыз көпіріп сөйлегеннен 
гөрі, олармен бетпе-бет отырып, кәдімгі ой сайысына, 
келешекті бағдарлау сайысына, жалпы өмір түсінігі 
сайсына бару керек. Сонда ғана біздің қоғамдағы 
жастарымызың бет перделерін сыпырып, келешекте 
үлкен қызмет ететініне ешқандай күмәнім жок. 


Кітап жайында пікірлер
[ 151 ]
Сондықтан сенің «Күміс кітабың», шын мәнінде, 
келешек қазақтың көгірегінен орын табатын күміс 
қоңырау деп білемін. Аман бол, бауырым!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет