[ 114 ]
Төртінші тарау
Мұрагер өзімен-өзі бола алмай құлаған мемлекет-
тер жайлы, басқаға еліктеймін деп жойылып кеткен
халықтар туралы айтатын.
Нағыз мемлекет құру мақсатында отырықшы өмір
салтына көшкен көшпенді тайпалар өздері сауда жа-
сайтын отырықшы халықтарға еліктеп, ақыры құрып
тынатын.
«Мұрагер Осман Жәлеләддин Әпенді осы сөйлем-
дерді жазғызып, өмірден өтті; бұл оқиға 1321 жылы
(1321 жылғы мұсылман күн санағымен хижра жылы
христиандар жыл санағының 1929 жылына сәйкес
келеді) шағбан айының (ай күнтізбесінің
сегізінші
айы) жетінші жұлдызында, бейсенбі күні, Тешвекие
белесінде тұрған Аңшы сарайында орын алды», – деп
жазды. Ал тура жиырма жылдан соң Жазғыш тағы бы-
лай деп қосып жазды: «Мұрагер Осман Жәлеләддин
Әпенді отыра алмаған таққа жеті жылдан соң бауы-
ры Мехмет Ришад Әпенді отырды. Бала кезінде өзі
желкесінен
ұрған бауыры таққа отырған соң, үлкен
соғысқа түскен Осман империясы құлады».
ӨЗІНДІК ОЙЛАУ
Тақырыпты жалғастыратын болсақ, Артур Шо-
пенгауэрге тағы да бір рет жүгінейік. Неміс фило-
софы
Parerga und Paralipomena
кітабында былай
деп жазады: «Оқу дегеніміз –
өз басыңмен емес,
бөтен біреудің басымен ойлау. Бүтін әлденеге, толық
аяқталмаған болса да бір жүйеге дағдылануға тал-
пынатын өзіндік ойлау үшін бөтен біреудің ойларын
оқу арқылы келетін ағыннан зиян ештеңе жоқ, себебі
Кітап оқудан кітап жазуға
[ 115 ]
олар әртүрлі адамға, бөтен жүйеге тиесілі болып, реңі
басқа
болғандықтан, ешқашан бүтін ой бола алмай-
ды, ойлаудың, көзқарас пен сенімнің біртұтастығын
бермейді, керісінше, басыңда жеңіл абыржу орнатады,
осы ойлар жайлаған миды ашық көзқарастан айырады,
сөйтіп оны істен шығарады десе де болады. Бұл күйді
көптеген ғалымдардан байқауға болады, олар пара-
сатты мағына, пайым дұрыстығы мен іс жүзіндегі такт
жағынан
дербес ойлау, сұхбаттасу мен аз-маз оқудың
арқасында өзінің кішігірім танымына жететін көпте-
ген ғалым емес адамдарға дес береді. Осыған ұқсас
нәрсені үлкен масштабта ғылыми білімі бар ойшыл да
жасайды. Бірақ оған көп таным қажет және ол үшін өте
көп кітап оқу керек, бірақ оның ақылы осының бәрін
игеріп, қорытып, өз ойларының жүйесіне ендіріп, өзі-
нің тұрақты кеңейіп жатқан ұлы көзқарасының біртұ-
тас бірлігіне бағындыру үшін салмақты болып келеді.
Ең қызығы, оның өзінің ойлауы органның негізгі басы
сияқты барлығына үстемдік жасайды, оны жан-жақты
ақпаратқа қанық бастың ішінде болатындай басқа
тондар ешқашан басып тастамайды. Сондай бастарда
барлық үндестіліктердің үзінділері
араласып кетеді
және қажетті тонды іздеп таба алмайсың.
Кітап оқумен өмірін өткізіп, даналығын кітаптар-
дан тапқан адамдар ел туралы көптеген саяхатшы-
лардың сипаттауларынан нақты деректер жина-
ғандарға ұқсайды. Олар көп нәрсенің ұсақ-түйегіне
дейін айтып бере алады, алайда іс жүзінде оларда
елдің сипаты туралы жүйелі, тиянақты,
негізделген
таным жоқ. Керісінше, өмірін ойлаумен өткізген адам-
дар сол елдерде болған адамдарға ұқсай бастайды,
тек солар ғана әңгіменің тоқ етерін түсінеді, жалпы