Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет2/66
Дата25.09.2023
өлшемі1,49 Mb.
#110238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
2 5285234098434998812

Айгүл Болатханқызы
: «Бұл кітап жайлы Зейнеп 
Ахметованың пікірі мынадай: «Мына кітапты кітаптың бетін 
ашпайтындар (ашпағандар, кітап оқуды қажет санамайтын-


дар) оқуы керек. Кел де, менен осы кітапты алып кетіп оқы! 
Өйткені, бұл – cен оқуға тиіс кітаптың бірі».
Magzhan Ziyabek
: «Телефонға телмірген, əлеуметтік 
желі пайдаланушыларының дəурені жүріп жатқан кезде кітап 
оқудың біз үшін қажеттілігін əртүрлі оқиғалар сарынымен 
қысқа түрде айшықтап көрсетеді».
Нұрлан Құлманов
: «Жеңіл тілмен, терең оймен 
жазылған кітап. Шағын шығарма ішіне автор қоғамда орын 
алған барлық түйткіл мәселелерді қозғап, олардың шешу 
жолдарын ұсынған. Аз уақыт ішінде маңызды ақпарат алғысы 
келетін тұлға үшін таптырмас кеңесші». 
Алдияр Даниярұлы
: «Негізі, жалқау адаммын. Бір кітап 
оқып бастасам, созып алатыным бар. Осы кітапты да 16 күн 
ішінде оқыдым. Бірақ көп көмегі болды. Мысалы, ағылшын 
курсына бара алмай жүргенмін. Осы кітапты оқи отыра құдды 
артта қалғандай сезіндім. Бақытжан ағаны Сұлтанмахмұтқа 
ұқсастырдым, өйткені өз өлеңінде: «Қараңғы қазақ көгіне 
өрмелеп шығып Күн болам» дейді. Сондықтан Бақытжан 
ағамның істеген істері, халқына деген жанашырлығына қарап 
айтқаным».
Перизат Мырзахмет
: «Бақытжан мырза шағын ғана 
кітап арқылы біраз мәселені қамтыған. Түйер ми болса, кітапты 
не үшін жақсы көруге, қалай жақсы көруге және сол арқылы 
айналаңа өзгеріс әкелуге жөн сілтейді. Жалаң сөз емес, сан 
қилы авторлардың ойларымен негізделіп отырған. Өзінің 
тәжірибесі мен қателіктерінен қорытынды шығарған. «Ішкі 
сүзгі» туралы ойлары қатты ойлантты. Жеке өз басымды тек 
оқуға ғана емес, көрген-түйгенімді батыл жазуға ынталандыр-
ды. Автор «адамзатпен бөлісе алатындай ең үлкен жетістігім» 
деген тізімді өзіме үлгі ретінде алдым. Іске асырып, нәтижесін 
күтуге тұратын дүние екен».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет