Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет33/66
Дата25.09.2023
өлшемі1,49 Mb.
#110238
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66
Ой салатын әңгімелер
[ 81 ]
КІТАП ОҚиТЫН АДАМНЫҢ ШЕШЕН БОЛУЫ ХАҚ 
ЕМЕС
Кітап оқитын адамдардың барлығын шешен 
деуге болмайды. Аудитория алдында өзінің ойын 
жеткізе алмайтындар мен ұялшақтарды оқырмандар 
қабылдай алмайды. Сол себепті олардың жеткізе 
алмаған тың ойлары мен айтарлары ашылмай өз 
іштерінде қалып қалады. Керісінше аудиторияға ше-
шен сөйлейтіндер ұнайды, бірақ олардың арасында 
кітап бетін ашпағандар көп.
Мен біреуін білетінмін, сөз саптауы жақсы бол-
ғанымен, фактаж жағы осалдау, бірақ дебатқа 
қатысатын. Бірде одан: «Қарсыласың сұрақ қойып, 
ол сұраққа санмен жауап беру керек болса және ол 
туралы нақты дерегің болмаса не істейсің?» – деп 
сұрадым. Ол: «Әдемілеп келтіріп, бір санды ай-
тып құтылып кетемін», – деп жауап берді. Яғни, 
«оқымысты» білгіш көріну үшін өтірікке баруға 
дайын. Сонда өтіріктің ертелі-кеш бәрібір ашыла-
тынын білмей ме? Өзім білмейтінімді мойындайтын 
адаммын. «Бір адамды өне бойы, көп адамды белгілі 
аралықта алдауға болады, бірақ көп адамды өне 
бойы алдап жүру мүмкін емес» деген Линкольннің 
сөздерін естен шығармаған жөн. Олай болса, 
жастарға айтарым, біреу күміс көмей, жез таңдай 
екен деп дегенінің бәрін шындық ретінде қабылдай 
бермей, байқап тыңдау керек. Одан гөрі елге 
шешендігімен аты шықпаса да, зиялы оқырманның 
әңгімесін тыңдаған артық.
Осы жерде Шопенгауэрдің: «Адамзаттың жетіс-
кендігіне негізгі кедергілердің бірі – адамдардың 


[ 82 ]
Үшінші тарау
бәрінен бұрын ақыл айтатынды емес, қаттырақ сөй-
лейтінді тыңдайтыны» деген сөзі еске түсіп отыр.
Ежелгі Рим императоры әрі философ Марк 
Аврелийдің де жақсы сөзі бар: «Мылжыңдармен 
келісуге асықпа».
Reading is betteR than sex
Бірде Бақытжан Мұхаммедияұлы досыммен 
кітап жайында әңгіме-дүкен құрып отырдық. Әңгі-
меміздің қызғаны сонша, екеуміз де ішіне қалай 
кіріп кеткенімізді байқамай қалыппыз. Бірқатар 
әдебиеттің «сүйегін шағып, майын ішіп» талқылап, 
әбден тауысқаннан кейін, ол орнынан тұрды да: 
– Reading is better than sex, – деді. Яғни, «кітап оқу 
жыныстық қатынастан артық» дегені. Сол сәтте оның 
көзінде от ойнап тұрды. Мұны көріп мен де ойланып 
қалдым. «Кітап оқығанша, демографияның қамын 
ойлаған жөн», – деп келіспейтіндер де табылар. Әйтсе 
де, досымның сол бір сөзі кітабымның мұқабасындағы 
суреттің идеясының туындауына түрткі болды. 
АМЕРиКАЛЫҚТАРДЫҢ КІТАПҚА ҚҰРМЕТІ
Ашылуына АҚШ Конгресінің кітапханасы мұ-
рындық болған Open World Leadership Program
 
бағ-
дарламасының шақыруымен әлемге Марк Твенді, 
Уильям Фолкнерді, Джон Стейнбекті, Эрнест Хемингуэй 
мен Боб Диланды сыйлаған елге сапарлаудың сәті 
түсті. 


Ой салатын әңгімелер
[ 83 ]
АҚШ Конгресінің кітапханасы – әлемдегі ең 
үлкен кітапхана болып саналады. Оның қорында 
дүниежүзіндегі бес жүзге жуық тілде шыққан 33 мил-
лионнан астам кітап бар. Кітап сөрелерінің жалпы 
ұзындығы мың километрден асады. Жүз жыл өмір 
сүретін адам жылына жүз кітап оқығанның өзінде, 
ғұмырында әрі кетсе, он мың кітаптан асыра алмай-
ды. Осыдан-ақ өмірдің қысқа екенін және білімнің 
түбіне жетудің мүмкін еместігін байқаймыз. Сонымен 
қатар, бұл жерде бес миллионға жуық географиялық 
карталар, бүкіл әлем бойынша шығатын миллионға 
жуық газеттердің топтамасы, алпыс миллиондай 
қолжазба, АҚШ үкіметі шығарған миллионнан астам 
құжат, он екі миллион фотосурет, кинофильмдер 
және т.б. сақтаулы. Кітапхананың қоры жылына үш 
миллионға жуық жаңа бірліктермен жаңарып тұрады. 
Қорды сандық жүйеге көшірсе, онда барлығы 20 тер-
рабайттай көлемді алады екен. Кітапхана күніне екі 
жүздей құжатты сандық жүйеге көшіріп отырады. 
Бұл жұмыс үздіксіз жасалуда және осы уақытқа дейін 
қорда сақтаулы мәтіндік құжаттардың он пайызынан 
астамы сандық жүйеге көшірілген.
Кітапхананың негізі 1800 жылы, яғни АҚШ 
тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін көп ұзамай 
қаланған. Мемлекеттің алғашқы президенттері кітап-
хананың қалыптасуына үлкен үлесін қосты. 1812–
1814 жылдардағы соғыс кезінде ағылшындар 
Вашингтондағы көптеген нысандарды өртегенде, 
кітапхана да отқа оранады. Төртінші президент 
Джеймс Мэдисон соғыстан кейін кітапхананы қалпы-
на келтіруге барлық күшін жұмсаған. Он тоғызыншы 
ғасырдың ортасында кітапхана қайта отқа ора-


[ 84 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет