Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет30/66
Дата25.09.2023
өлшемі1,49 Mb.
#110238
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
Үшінші тарау
дайындалып келгендігін айтты. Таңдап келген кітабы 
да мардымсыз – бастауыш сынып оқушыларына ар-
налған ертегі. Біз оған күлдік те қойдық. 
Бұл жерде менің айтайын дегенім, адам кітап 
оқымаса, барлығын білем деп ойлайды. Ал егер 
неғұрлым көп оқыса, өзінің ештеңе білмейтінін 
байқай бастайды. Сол кезде бір парадокс бар екенін 
түсіндім: түк оқымаған адам бәрін білемін деп ой-
лайды, бірақ оқыған сайын ештеңе білмейтініңді 
түсінесің.
ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСЕ АЛМАЙ ҚАЛҒАНЫМ 
ТУРАЛЫ
Қазақ бөлімдерінде оқитын студенттер қазақ 
тіліндегі ғылыми әдебиеттердің өте аз екенін жақсы 
біледі. Бар кітаптардың өзін оқығанда, не туралы 
жазылғанын түсіну оңай емес. Сөйлемдері қазақша 
сөздерден құралғанымен, түсініксіз. Сондай бір үзін-
діні келтірейін:
«Генезис туралы мәселедегі, ескеретін нәрсе, 
дағдарысты және қақтығысты саяси жағдайлар 
әлеуметтік-практикалық процестің элементі бола 
отырып, объективті және субъективті негіздерге
бастауларға, себептерге ие болады. Саясаттанулық 
сараптаманың күрделілігінің өзі сонда, олар шынайы 
әлеуметтік-саяси процесте объективті тұрғыдан да, 
субъективті тұрғыдан да бөлінбеген, органикалық 
өзара байланыста өзара ендіріледі, оған «құйманың» 
бір элементі ретінде кіреді. Нәтижесінде, оларды 
шектеу, айқындау мен анықтау шынайы қызмет 


Ой салатын әңгімелер
[ 73 ]
етуші әлеуметтік-саяси құбылысты айтарлықтай 
формализациялаудың негізінде ғана мүмкін болады».
Бірінші курс оқып жүргенімде мынадай мәтіндерді 
түсіну мүмкін емес еді. Кейін білдім, бұл кітаптарды 
орысшадан аудартады екен. Кейбір профессорлар 
жазуға не ерінеді, не қазақшасы жетпейді. Қазақша 
жазса, тек мазмұнын жазып, соған Интернеттегі не-
месе басқа да кітаптардағы орысша тараулар мен 
мәтіндерді келтіріп, кітап «шығардым» деген атаққа 
ие болып жүреді екен.
Олардың кітапты студенттерге бөліп беріп аудар-
татыны да анықталды. Ал студенттің сапалы аударуға 
һәм біліктілігі жоқ, һәм мотивациясы жетпейді. 
Мен оларды оқығанда, қорланып, тілдің қадірін ке-
тіргендері үшін іштей ұрсатынмын. Келесі жылда-
ры бізге де осындай тапсырманы бере бастады. Әр адам 
басына отыз-қырық беттен үйлестіріп береді. Студент 
кезімізде аудармаған кітабымыз қалмаған шығар.
Магистратураның соңғы айлары мен үшін қар-
баласта өткені есімде. Біріншіден, диссертациямды 
аяқтап, оны қорғауға және мемлекеттік емтихандарға 
дайындалып жатсам, екіншіден, үйлену тойым да 
сол сәтке тұспа-тұс келді. Оған да қызу дайындық 
керек. Сол кезде кафедра меңгерушісі тобымыздағы 
әрбір студентке отыз беттен орысша жазылған бір 
күрделі ғылыми мәтінді аударуға бөліп берді. Ол 
кісінің қазақшасы нашар екенін ескеріп, қалай болса 
солай аударып, ертеңіне тапсыруға да болар еді. Бірақ 
өзім ертеректе бейтаныс «аудармашы» студенттерді 
қалай сөксем, тура солай мені басқалардың сөккенін 
қаламадым. Намысқа тырысып, сапалы аударуға ты-
рыстым. Ал мәтінді аударуға тиіс басқалар жеңілдің 


[ 74 ]
Үшінші тарау
астымен, ауырдың үстімен жүруді әбден меңгеріп 
алып, қалай болса солай не төменгі курс студентте-
ріне күштеп, не аударма бюроларында ақша төлеп 
аудартып, бір-екі күнде-ақ өткізіп, «абыройлы» бо-
лып жүрген екен. Барынша сауатты аударамын деп 
жүріп, бір аптада тек он шақты бетін ғана қазақшаға 
келтірдім. Кафедрам асықтыра берді. Барлығы 
қабаттасып кетті. Сөйтіп жүргенде, сапалы аударуға 
(ана тіліме жаным ашығандығын олар қайдан білсін!) 
тырысқандығымды ескермей, мені «кафедраның 
жұмысын істегісі келмей жүр» деп айыптай баста-
ды. Өздері сенбеген соң, ызаландым да, аударған он 
бетімді тапсырып, әрі қарай аудармайтынымды айт-
тым. 
Осыған дейін бірнеше ай бұрын оқуымды жал-
ғастырып, докторантураға түсу қажеттілігім туралы 
айтып жүрген кафедра меңгерушісі өзіне шақырып 
алып, биыл тапсырмағаным жөн болатынын ескертті. 
«Әрине, тапсырма деп кесіп айта алмаймыз, өзің
білесің, бірақ талпынбағаның дұрыс болады» деп тұс-
палдады. «Себебі басқалары (бір-екі күнде отыз бетін 
асқан салғырттықпен аударып бергендерді меңзеп 
отыр) кафедраның жұмыстарын бұлжытпай орын-
дайды, ал өзің болсаң, жүрген «жұлдызсың», қасыңа 
жолай алмайсың, кафедрамыздың жұмыстарына 
селқос болдың, сонда мен олардың сіңірген еңбегін 
қалай елемеймін?» – деді. Басқа студенттердің қалай 
аударғанын, ол кісіні сырттай қалай сөгетінін жақсы 
білсем де, ештеңе айтпай ішімде ұстадым.
Әрине, басқалар докторантурадан дәмелі болған-
дықтан, кафедра меңгерушісінің көңілін табуға ты-
рысып жүрді. Мен тек білімімнің күшіне ғана сеніп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет