Тыныс алу физиологиясы Дәрістің жоспары


Өкпе дем алу мен дем шығаруға пассивті қатысады, бұл Дондерстің физикалық-физиологиялық моделінен көрінеді



бет2/3
Дата19.09.2023
өлшемі2,93 Mb.
#108420
1   2   3
Байланысты:
Тыныс алу 1

Өкпе дем алу мен дем шығаруға пассивті қатысады, бұл Дондерстің физикалық-физиологиялық моделінен көрінеді.


Өкпе плеврамен қапталған, плевраның висцералдық және париеталдық жапырақшалары арасында саңылау болады, ондағы қысым теріс.
Жай дем алғанда ол –6 мм с.б., терең дем алғанда –20 мм с.б. дейін төмендейді.
Жай дем шығарғанда –3 мм с.б.
Плевра қуысындағы теріс қысым өкпенің серпімділігіне байланысты.
Өкпенің серпімділігі – өкпенің өз көлемін азйтуына тырысатын күші.

Өкпенің серпімділігі мынаған байланысты:

  • Альвеолалар ішкі бетін жауып жатқан сұйықтық (сурфактант) пленкасының беттік керілуіне.
  • Альвеолалар қабырғасында эластикалық және коллаген талшықтардың болуына.
  • Бронх еттерінің тонусына.

Егер плевра саңылауына ауа кірсе пневмоторакс дамиды, өкпе бүрісіп қалады.

Өкпенің ауа көлемдері


Қалыпты тыныс ауасы (ҚТА) – 0,4 – 0,5 л.
Қосымша дем алу ауасы – 1,5 – 2,5 л.
Қосымша дем шығару ауасы – 1,2–1,5–2 л.
ӨТС – 3,5 –5 л (ӨТС жынысқа, жасқа, бойға байланысты)
Қалдық ауа – 1 л.
Дем алу сыйымдылығы – ҚТА + қосымша дем алу ауасы.
Функциялық қалдық ауа (ФҚА) = қосымша дем шығару ауасы + қалдық ауа
ӨЖС = ӨТС + ҚА = 4,5 – 6 л
ТМК = 6 – 8 л.

Өкпе мен ұлпалардағы газдар алмасуы


Атмосфералық ауа – О2, СО2, N2 газдарының қоспасы Альвеолалық ауа - альвеолаларды толтырып тұрған ауа қоспасы, ол организмнің ішкі газ ортасы болып табылады.
Шығарылатын ауа – атмосфералық және альвеолалық ауалырдың қоспасы.

Ауа құрамы

О2

СО2

N2

Атмосфералық

20,93%

0.03%

79.04%



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет