Тыныс алу жүйесі мүшелерінің дамуы. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының адам жасына байланысты ерекшелігі



Дата25.09.2023
өлшемі1,09 Mb.
#110162

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің дамуы .Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының адам жасына байланысты ерекшелігі
Дамуы . Тыныс алу мүшелері бір жалпы бастамадан дамиды. Эмбригенездің 3-4аптасында ішектің вентралды қабырғасының бұлтию түрінде пайда болады.Оның қалыптасуында прехордалды табақшаның орны бөлек.
Көмекей мен кеңірдек 3 аптада алдыңғы ішектің вентралды қабырғасының тақ қап эпителийалдық өсіндісінің жоғарғы бөлімінен дамиды, ал сол жіне оң
өкпе төменгі бөліктен дамитын жұп бастамадан бастау алады.Өз кезегінде бұл өзі өзара байланысқан ұсақ қапшықтарға бөлінеді және арасына мезенхима кіріп орналасады.8 апада қысқа түзу эпителийлік түтіктер түрінде бронхтар пайда болады . 10 -12 аптада бронх қабырғасы цилиндрлік эпиелиоцитпен қапталады , бронх ағашы жүйесі қалыптаса бастайды .Осы кезде өкпе безге ұқсас болғандықтан бұл кезеңді безді саты деп атаймыз.
Келесі саты Түтікшелі саты болып табылады . бұл кезең құрсақ ішілік дамудың 5 -6 айларында өтеді , осы кезеңде терминалды бронхтар мен респираторлық бронхиолалардың және қылтамырлар мен нерв талшықтарының репираторлық бөлімді торлауы және алвеоларлық жолдардың өсіп дамуы жүреді.Даму барысындағы бронхтарда мезенхима тінінен бронхтың жазық бұлшық ет тіні , шемршек тіні дәнекер тіні және алвеоланың эластикалық жіне коллаген талшықтары , өкпе бөлікшелерінің арсына кіре орналасқан дәнекер тіні қалыптасады.
6 -7 айдың соңынанан туғанға дейін альвеоларлырлық жолдар қалыптасып альвеола қабырғасын тыстайтын эпителий қалыптасады .

Эмбриогенез барысында плевраның висцералды жіне париетальды жапырақшалары спланхатомның аттас жапырақшаларынан дамиды.
Жасқа байланысты ерекшеліктері .
Ұрықтың тыныс алу қозғалысы туылғанға дейін көп уақыт бұрын пайда болады. Олардың пайда болуына ынталандыру-ұрықтың қанындағы оттегінің төмендеуі. Ұрықтың тыныс алу қозғалысы кеуде қуысының кішкентай кеңеюінен тұрады, ол ұзаққа созылған құлдыраумен, содан кейін одан да ұзақ үзіліспен ауыстырылады. Ингаляция кезінде өкпе түзілмейді, тек кеуде қуысының төмендеуі кезінде жоқ плевра саңылауында аздап теріс қысым пайда болады. Ұрықтың тыныс алу қозғалыстарының маңызы мынада, олар тамырлар арқылы қанның жылдамдығын арттыруға және оның жүрекке ағуына ықпал етеді. Бұл ұрықтың қанмен қамтамасыз етілуінің жақсаруына және тіндерді оттегімен қамтамасыз етуге әкеледі. Сонымен қатар, ұрықтың тыныс алу қозғалысы өкпе функциясының жаттығу формасы ретінде қарастырылады.
Жаңа туған нәресте алғаш рет дем алғанда өкпе альвеолалары ашылады , сәйкесінше қабырғалары жұқарып альвеоларлық қуыс күрт кеңейеді .Балалық шақта және жасөспірім кезде өкпе стромасында эластикалық талшықтар қарқынды түрде ұлғаяды ,осы кезде альвеола саны шамамен 10 есеге жуық артады,Ал 50 жастан кейін өкпенің дәнекер тіндік стромасы өсуі байқалады бронхтар түбінде тұздрдың жинақталуы өкпе қызмеінің нашарлауына алып келеді


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет