3. Облигаттыанаэробтар өсу және көбею үшін ауадағы оттегінің ортаға түспеуін талап етеді. Бұған келесі шаралар арқылы қол жеткізіледі:
4. Дақылдандыру уақыты генериациялау уақытына байланысты. Бактериялардың көпшілігі көрнекті өсу беру үшін 18-48 сағат аралығында дақылданады. Көкжөтел қоздырғышын дақылдандыру үшін 5 тәулік керек, ал M.tuberculosis - ті дақылдандыру үшін 3-4 апта қажет.
5. Жарақаттандыру.Фототрофты бактерияларды өсіру үшін қажет. Шартты-патогенді бактериялардың кей түрлері жарықтандыруға байланысты пигмент түзеді, оны идентификациялау кезінде пайдаланады. Абсолюттік жасiуша ішілік паразиттерді дақылдандыру (оған Rickettcia, Ehrlichia, Coxiella, Chlamidia тұқымдастығының бактериялары жатады) жасушалар дақылдарында немесе жануарлармен буынаяқтылардың организмінде, сонымен қатар тауық эмбриондарында (эрлихиялардан басқа) өсіру арқылы іске асрылады. Тауық эмбриондарын гетеротрофтық деңгейі жоғары бактерияларды дақылдандыруда қолданады, мысалы Borella мен Legionella тұқымдастығының бактериялары.
Borella
Legionella Қорытынды Бұл тақырыпта ойға түйетініміз: аэробты микроағзалар оттегі бар жерде, анаэробтар оттегі жоқ жерде, ал факультативті анаэробтар оттегі бар және оттегі жоқ жерде де тіршілік етеді. Және осы ұғымдардың ішінара бөлінуі және олардың маңыздылығы жайлы талқыланды. Өндірістік жағдайларда бактериялар мен саңырауқұлақтардың биомассасын (антибиотиктер, вакциналар мен диагностикалық препараттар жасау мақсатында қолдануға алу үшін) дақылдандыру сыйымдылығы әртүрлі арнайы аппараттарда (ферменттерде) микробтардың өсу және көбеюінің ең тиімді параметрлерін қатаң түрде сақтау арқылы іске асырылады. Пайдаланған әдебиеттер
1. Б. А. Рамазанов, Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова, М. М. Уразалин, А. А. Табаева “Медициналық микробиология” 75-бет.
2. Нұржанова А. У., Сералиева М. Ш., Абдукасымова Н. У. “Микробиология және вирусология” 21- бет.
3. Internet “Wikipedia”