Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
ү
лгілік оқу бағдарламасы
•
Бұрыннан
қолданыстағы
оқу
бағдарламаларына талдау жасау олардың
әртүрлі жас аралығындағы балалармен
жұмыста үздіксіздік пен сабақтастықты
толыққанды қамтамасыз ете алмайтынын
көрсетті. Әртүрлі педагогикалық тәсілдер
немесе әдіснамалар баланың бірқалыпты
үздіксіз дамуына кедергі болуы мүмкін,
қолданылатын оқу бағдарламалары мен
әдістері әртүрлі болып келетін бір топтан
екінші топқа ауысуды қиындатуы мүмкін.
(OECD, 2006; 2012).
•
Ерте жастағы балалар үшін жүйелілік дамудың аса маңызды аспектісі болып табылады:
тұрақты орта және біртұтастық баланың танымдық және әлеуметтік-эмоционалдық
дағдыларды ерте меңгеруіне ықпал етеді. Ал бала әртүрлі оқу бағдарламаларымен және
оқыту мен оқудың әртүрлі әдістерімен танысқан жағдайда, әрбір бірнеше жылдан кейін
үздіксіздік бұзылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық жас топтары үшін
келісілген оқу бағдарламасы (бастауыш мектепке ауысқанға дейін) баланың толығырақ
және үздіксіз дамуын қамтамасыз ете алады (OECD, 2012). Сонымен қатар оқыту және
тәрбиелеу үдерісіне жан-жақты және икемді тәсілдемені қалыптастыру мақсатында оқу
үдерісін кіріктіре ықпалдастыру қажеттігі туындайды. Кіріктірілген оқу бағдарламасы
балалардың дамуы олардың физикалық және ақыл-ой қабілеттері, тәрбиелену жағдайлары
арасындағы динамикалық және тығыз өзара әрекет ретінде қарастырылатынын көрсетеді
(Taguma, Litjens and Makowiecki, 2013).
•
Оқу бағдарламасын жүзеге асырудағы икемділік
педагогтердің
қажетті
деңгейдегі
дайындығын
қамтамасыз етуді, балалар мен мектепке дейінгі
ұйымның қажеттіліктеріне бейімделуді талап етеді
(OECD, 2012). Сонымен қатар бағдарламаның
икемділігі педагогтердің жоғары біліктілігін, бастапқы
білім алуы мен қосымша оқуы,
педагогтердің
біліктілігін арттыру үшін уақыт пен ресурстарды талап
етеді.
•
Бірқатар елдерде бірыңғай ұлттық бағдарламаны
енгізу кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен
оқытудағы мақсаттар мен міндеттерге қатысты белгілі
бір келісімге қол жеткізуге ықпал ететіндігін атап өтті
(OECD, 2012; 2015). Сондай-ақ олар ең негізгі
критерийлерді белгілейді (мысалы, педагог/бала
қатынасы; педагогтерді даярлау/бөлу); педагогикалық
қызметтің күрделілігі мен маңыздылығын қоршаған
әлемге көрсетеді, бұл осы қызмет саласы мәртебесінің
артуына алып келеді. Сонымен қатар оқу
бағдарламасы педагог кадрлар үшін қажетті
жағдайларды жасау, олардың бастапқы дайындығы,
біліктілігін арттыруы және әрі қарай үздіксіз білім алуы
үшін мақсат қояды (OECD, 2001).
•
2018 жылы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі –
МДТОМЖС) жаңартылып, мектеп жасына дейінгі
балалардың дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
белгіленді.
Бұл
қазақстандық
мектептердің
жаңартылған
білім
мазмұнына
көшуімен байланысты жүзеге асырылды.
•
Осыған орай «Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» әзірленді.
Бағдарламада мектепке дейінгі және бастауыш білім
берудің
сабақтастығы,
ықпалдастығы
мен
үздіксіздігі принциптері белгіленді. Сонымен қатар
балалардың әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық,
ерік-жігер, физикалық және зияткерлік дайындығы
мәселелері
қарастырылған.
Коммуникативтік
дағдыларды
қалыптастыруға,
балалардың
танымдық және әлеуметтік уәждерін арттыруға,
білім алуға қызығушылығын дамытуға баса назар
аударылды.
•
Жаңартылған оқу бағдарламасы педагогтер тәжірибесінің бағыт-
бағдарын айқындап, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен
оқыту қызметіндегі негізгі бағыттарды ұсынады. Оқу бағдарламасында
оқу мақсаттары мен нәтижелеріне жетудегі педагогикалық тәсілдер,
педагогикалық тәжірибеге қатысты бірқатар ұсыныстар қамтылған.
•
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны балалардың жан-жақты
дамуына, олардың жас және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып,
әлеуметтік дағдылары мен өзіндік оқу дағдыларын дамытуға
бағытталған
Достарыңызбен бөлісу: |