«Таным» білім беру саласының
ұ
йымдастырылған оқу қызметі:
- сенсорика (1 жастан 3
жасқа дейінгі бөбек
жасы топтарында),
математика негіздері;
- құрастыру;
- жаратылыстану.
«Шығармашылық» білім беру саласы
•
«Шығармашылық» білім беру саласының мақсаты шығармашыл тұлғаны
қалыптастыру,
шығармашылық қабілеттерді, сезімдік-эмоционалдық
саланы, қиялды, ойлауды, көркем талғамды дамыту болып табылады.
•
«Шығармашылық» білім беру саласы сурет салу, мүсіндеу, жапсыру және
өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын, қоршаған ортаға
эстетикалық қатынасты қалыптастыруды, өнер түрлері туралы қарапайым
ұғымдарды, тәрбиеленушілердің дербес шығармашылық іс-әрекетін іске
асыруды қамтиды.
«Шығармашылық» білім
беру саласының
ұ
йымдастырылған оқу
қ
ызметі
•
сурет салуды;
•
мүсіндеуді;
•
жапсыруды;
•
музыканы қамтиды.
«Әлеумет» білім беру саласы
•
«Әлеумет» білім беру саласының мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды қолайлы
әлеуметтендіру, балаларды мәдени-әлеуметтік нормаларға, отбасы, қоғам мен
мемлекеттің дәстүрлеріне баулу болып табылады.
•
«Әлеумет» білім беру саласы әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену дағдыларын
игеруді, қоғамда өзін-өзі ұстай білудің адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы
адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен
қарым-қатынас жасай білуін, дербестігін тәрбиелеуді, өзінің отбасы мен құрбыларына
жақындық сезімін, оларға құрметпен қарауды, эмоционалды елгезектікті, жанашырлықты
қалыптастыруды, қазақ халқының, сондай-ақ басқа халықтардың тарихын, мәдениетін
білу мен құрметтеуді, Қазақстан біздің ортақ үйіміз екені туралы түсініктерін кеңейтуді,
еңбек түрлері мен түрлі мамандық иелеріне қызығушылықты қалыптастыруды қамтиды.
|