Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға қолданылатын арнайы компенсаторлық құралдар жайлы ақпарат даярлау



бет3/3
Дата14.06.2023
өлшемі59,91 Kb.
#101412
1   2   3

Зиятында ауытқуы бар тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларда кіші мектеп жасы көбіне мектепке дейінгі жастың ерекшеліктерін сақтайды, сондықтан да бұл жерде ересек мектепке дейінгі балалармен жұмыс жасауда қолданылатын нақты әдістер қолданылады. Мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуде арттерапевттік әдістемелердің рөлі азаймайды, керісінше жоғарлай түседі, баланың психикалық дамуымен бірге терапевттік техника мен міндеттердің шеңбері кеңейеді. Әр психокоррекциялық әдістеме белгілеген міндеттерді шешуге бағытталған және бала жасына және оның психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты өзінің қолдану шекараларына ие. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалармен психокоррекциялық түзету жұмыстарын жүргізу барысында пайдаланылатын құралдарды таңдауда екі негізгі фактор есепке алынуы қажет: ақыл-ой деңгейі мен сөйлеу тілі деңгейінің дамуы. Неғұрлым баланың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеті жақсы дамыған болса, соғұрлым қолданылатын құралдар жинағы кең болады.

  • Зиятында ауытқуы бар тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларда кіші мектеп жасы көбіне мектепке дейінгі жастың ерекшеліктерін сақтайды, сондықтан да бұл жерде ересек мектепке дейінгі балалармен жұмыс жасауда қолданылатын нақты әдістер қолданылады. Мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуде арттерапевттік әдістемелердің рөлі азаймайды, керісінше жоғарлай түседі, баланың психикалық дамуымен бірге терапевттік техника мен міндеттердің шеңбері кеңейеді. Әр психокоррекциялық әдістеме белгілеген міндеттерді шешуге бағытталған және бала жасына және оның психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты өзінің қолдану шекараларына ие. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалармен психокоррекциялық түзету жұмыстарын жүргізу барысында пайдаланылатын құралдарды таңдауда екі негізгі фактор есепке алынуы қажет: ақыл-ой деңгейі мен сөйлеу тілі деңгейінің дамуы. Неғұрлым баланың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеті жақсы дамыған болса, соғұрлым қолданылатын құралдар жинағы кең болады.

Қорытынды

  • Қорыта айтқанда, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға түзету жұмыстарын жүргізу кезінде арт-терапияларды қолдану бұл балалардағы эмоционалды қысым төмендетеді, теріс мінез-құлықтардан арылуға көмектеседі. Сонымен қатар, шығармашылық өзара әрекетке түсудің тиімді жақтарын қарастырады, яғни өзара келісе алмаушылық, өзгеге жол беру, жалпы іске өз үлесін қоса білу, өз беделін бағдарлай алу секілді жекелік құндылықтар түзетіледі. Егер арт-терапиялар қолданылып түзету жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырса балалардың дамуында келесі білімдері мен дағдылары қалыптасады: өз ойларын баяндай біледі, қоршаған ортаға деген түсініктері қалыптасып, кеңейеді, елестету, қиялдау қабілеттері дамиды, танымдық белсенділігі және ойлау қабілеті артады және т.б. Балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстарды, соның ішінде психокоррекциялық жұмыстар ерте кезден бастап ұйымдастырылса, баланың келешектегі әлеуметтік бейімделуі мен реабилитациясы дұрыс жүзеге асатынына сеніммен қарауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет