Тірек-қимыл жүйесі
Адамның қимыл-қозғалысын қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесі болып
табылады. Тірек-қимыл жүйесі жердің тартылу күшіне қарсы (гравитацияға қарсы)
қызмет атқарады, сондықтан оны антигравитация аппараты дейді. Тірек-қимыл
аппараты екі бөлімнен тұрады:
1)
пассивті (қаңқа және оның байланымдары);
2)
белсенді (бұлшық еттер)
Бұлшық еттер тұлғаның кеңістіктегі қалпын сақтауын және тепе-теңдігін
реттейді. Бұлшық еттер қаңқамен бірге организмнің пішінін (формасын) және
дененің кеңістіктегі тік орналасуын қамтамасыз етеді.
ОЖЖ – жұлыннан бастап жарты шардың қыртысына дейін қимыл іс-әрекетті
қамтамасыз етеді.
Жұлын тек қарапайым қимылдарды қамтамасыз етеді.
Ми бағанасы дененің кеңістікте дұрыс тұруын мойын мен лабиринттік
рефлекстер арқылы (Р. Магнус) және бұлшық еттердің тонусының қалыпты
реттелуін қамтамасыз етеді.
Мишық қимылдың дәлме-дәл орындалуын, керекті күшін қамтамасыз етеді.
Ми қыртысы, базалды түйіндері еріксіз қозғалыстардың координациясының
орындалуын қамтамасыз етеді.
Қаңқа еттері қозғалтқыш жүйкелерімен нервтелінеді. Әрбір моторлық жүйке
мотонейронның өсіндісі болып саналады. Ол жүйкелер ет талшықтарының тобын
нервтейді. Мотонейрон және оны нервтейтін ет талшықтар тобын қозғалу немесе
моторлық бірлік дейді. Көз алмасының еттерінде, моторлық бірлікте 10 аз ет
талшықтары болады, ал балтыр бұлшық етінде – 2000 (жылдам және баяу моторлық
бірліктер).
Бұлшық еттерде үш арнайы рецепторлар бар:
1.
ет ұршығының бірінішілей рецепторлары
2.
ет ұршығының екіншілей рецепторлары
3.
сіңірлердегі Гольджи рецепторлары
Бұл рецепторлар механикалық тітіркендіргішке жауап беріп, қимылдың
координациясына қатысады.
Бұлшық еттің ішінде орналасқан сопақша құрылымды еттің ұршығы дейді.
Ұршықтың қабығының ішінде орналасқан ет талшықтарын интрафузальдық ет
талшықтары дейді. Бұл ұршық ішіндегі ет талшықтарында біріншілей І α және
екіншілей ІІ сезімтал жүйке ұштары орналасқан.
Ет ұршығынан шығатын серпіністер сезгіштік І α талшықтары арқылы еттің өз
мотонейронын қоздырады, ал антагонист еттердің мотонейрондарын тежейді.
ІІ афференттік серпіністер бүгілу мотонейрондарды қоздырады, және жазылу
мотонейрондарын тежейді.
Жұлын мотонейрондары α және γ деп екіге бөлінеді (алдыңғы мүйізде
орналасады). α мотонейрондар қаңқа бұлшық еттерін (экстрафузальдық), ал γ
мотонейрондар
интрафузальдық
талшықтарын
нервтейді.
Ұршықтардың
эфференттік иннервациясы да бар, олар γ мотонейрондардың аксондары.
Сіңірлер етпен жабысқан жерлерінде Гольджи рецепторлары орналасқан. Буын
рецепторлары буынның қалпын және буын бұрышының өзгеруіне тітіркенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |