Тері және оның қосалқылары организмнің мүшелерімен, жүйкелерімен тығыз
байланысты. Тері көп түрлі қызмет атқарады: қорғаныс, тыныс алу, абсорбциялық,
сыртқа шығару, терінің пигментін түзуші. Тері организмнің жүйкелік-рефлекстік,
зат алмасу, жылуды реттеу, тамырлар реакциясына қатысады.
Терінің сезімталдығы және қимыл әрекеттері импульстердің 2 жолмен өтуіне
байланысты:
1)
Лемникс жолы – импульстерді жанасу, қысым және буын қозғауынан
өткізеді. І нейрондары жұлын ганглийнде орналасқан, олардың аксондары артқы
бағана арқылы сопақша мидағы ядроларға жеткізіледі, мұнда ІІ нейрон орналасқан.
Осы нейронның аксондары таламустың арнайы ядроларына барады. Осының
аксондары қыртыстың сомато-сенсорлық аймағына жеткізілінеді.
2)
Жұлын-таламус жолы – І нейрон жұлын түйіндерінде, ал ІІ нейрон
жұлынның сұр затында орналасқан, аксондары бұрылыстан кейін таламусқа,
медиальды бүгілмелі денеге, ми бағанасына және гипоталамусқа барады. Таламуста
ІІІ нейрон орналасқан, олардың аксондары қыртыстың сомато-сенсорлық аймағына
барады.
Тері, ет рецепторларынан Флексиг пен Говерс жолдары арқылы мишыққа
импульстер жеткізілінеді.
Қимыл іс-әрекеттің орталық реттелуі Қимыл жүйесі қимылдың төрт түрін қамтамасыз етеді:
1.
Дене қалпын ұстау
2.
Белгілі бағытпен қозғалу
3.
Дененің бір орыннан басқа орынға ауысуы (локомация)
4.
Манипуляторлық қозғалыс.
Дене қалпы қозғалыс пен тыныштық жағдайда бұлшық ет топтарының ұзақ
изометриялық жиырылуынан пайда болатын дене мен аяқ-қолдың кеңістіктегі
белгілі орналасуы.
Дене қалпын ұстауын ОЖЖ әр түрлі бөлімдері қатысады. Бұларға біріншіден
ми бағаны, мишық және базальды ядролар жатады. Дене қалпы ұстауының
механизмдеріне мойын, кіреберіс, лабиринт рефлекстері – тонустық рефлекстер
жатады. Тонустық рефлекстер статикалық және статокинетикалық болып бөлінеді
(оқулықтан қара).