Тірек-қимыл жүйесі



Дата07.01.2022
өлшемі209,69 Kb.
#18269
Байланысты:
физиология


Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм.

Тірек-қимыл аппараты мүшелердің 3 жүйесінен тұрады.

сүйектерден

Сүйектердің және олардың қосылыстарынан

бұлшықеттерден

Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта үстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық  еттері жатады.



Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы.

Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс  отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс  жатуға дағдыландыру қажет.

Ал дұрыс  отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық  еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.

Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі. Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті өсер етеді.

Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды.



Гиподинамия деп бұлшық  еттердің қозгалыс белсенділігінің төмендеуін айтады.

Гиподинамия организмнің қызметін, қалыпты жағдайын бұзады. Себебі нерв-ет, жүрек-қан тамырлары, т. б. жүйелердің қызметі осы шектен тыс қозғалыс барысында қалпына келіп үлгермейді де, олардың зорығу белгілері байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет